Худжанова Алия Заркешевна
Должность:методист (старший воспитатель)
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Павлодарская область, г.Павлодар
24.04.2015
0
521
0

Оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру Тақырыбы: «Алтын кілт»

«Алтын кілт»

Білім саласы: Таным

Оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру

Тақырыбы: «Алтын кілт»

Мақсаты: математикалық білім мен ұғымдар негізінде балалардың ақыл-ой қабілеттерін қалыптастыру.

Бағдарламалы мазмұны:

10 ға дейін санауды бекіту, 5 ке дейінгі цифрларды тани білу, кеңістікті бағдарлауға білу( оң, сол, алда, артта, жоғарыда, төмен), көлемін екі белгісі бойынша салыстыру (ұзын-қысқа, қисық-тұзу, жалпақ-жіңішке), геометриялық пішіндер (дөңгелек, шаршы, ұшбұрыш, тіктөртбұрыш және сопақша), денелер (куб, шар, конус, цилиндр) білу.

Керекті құралдар:

Көрнекіліктер: суреттер, алтын кілт, цифрлар, конверт, коропша, геометриялық пішіндер мен денелер, «алтын теңгелер» кәмпиттер, сандық.

Үлестірмелі құралдар: геометриялық пішіндер, екі жолақ карточкалар.

Сабақ барысы:

<!-- [if !supportLists]-->-         <!--[endif]-->Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр, олай болса амандасайық

Б: - Сәлеметсіз бе!

Т: - Б-р, қазір біз «Тез жауап бер ойынды ойнайық»

Т:- Бұрылайық, кім менің алдымда тұр? Артта? Томирис, сенің алдыңда? Артта? Т.с.с  Енді тұзу тұрайық, менің оң жағымда кім тұр? Сол жағымда?

Т: - Ой, балалар, менің есімнен шығып кетті. Бізге сәлемдеме келді ғой, ашып көреміз бе?

Б:- иә.

Т: Қалай ойлайсыңдар, бұл кім бізге жіберді? (Суретін көрсетеді)

Б: Буратино

Т: Дұрыс,  (алып шығып оқи бастайды) «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көмектесіңдер! Қу түлкі Алиса мен Базилио мысық меннен алтын кілтті ұрлап алды да тығып қойды. Кілтті табу үшін, көп тапсырмаларды орындау керек. Кілт тапсаңдар сиқырлы қобдишаны ашаласыңдар. Сәттілік тілеймін!

Т:- Қалай, балалар, көмектесеміз бе Буратино, тапсырмаларды орындаймыз ба?

Б:- Иә

Т:- Олай болса, қазір жұптасып, орындарына отырайық.

(Балалар орындарына отырады)

Т: - Балалар, әдемілеп қол, аяғынды қойып, тұзу отырып, мұқият тапсырмаларды тыңдап отырайық.

Д/о: «Көгал»

Т: - Балалар, қараңдар, бұл көгалда өсімдіктерді санау және санына сәйкес цифрларды табу керек.(Балалар санайды саңырауқұлақтарды, жидектерді, шыршаларды, олардың санына қарй цифрларды тауып қояды.)

Т: - Өте жақсы, б-р, мұқият қарандаршы осы көгалда кілт жоқ па?

Б: -  Жоқ.

Т: - Онда ары қарай Буратиноның тапсырмаларды орындайық.

Д/о: «Неше қоян тығылып қалды?»

Т: - Балалар, Буратино қояндарды санай алмады, кәне біз санайықшы, неше қоян тығылып қалды? (Балалар санайды, қоянның саның анықтайды, содан кейін қояндардың құлақтары барлығын ретімен және кері санайды).

Т: - Ал мұнда кілт барма?

Б: - Жоқ.

Сергіту сәт: «Буратино керілді»

Т: - Балалар, геометриялық денелер өзенге шомылып өздерінің көйлектерін шешіп тастады, енді қай дененің көйлегі білмей тұр.Сендер маған айтасыңдар, мен тақтайға қоям, ал сендер өздерінің карточкаларға қоясыңдар. Кубтың көйлегі қай пішін болады?

Б: - Шаршы.

Т: - Дұрыс, балалар, бірінші шаршыны қоямыз. Домалақтың көйлегі?

Б:  - Дөңгелек.

Т: - Дұрыс, цилиндрге қандай көйлек ыңғайлы болады?

Б: - Тікбұрыш.

Т: - Өте жақсы, ал конустың?

Б: - Ұшбұрыш.

Т: -  Қандай біз тағы пішінді білеміз?

Б: - Сопақша.

Т: - Оны да қояық, бал-р, қатарға. Енді барлығын атайықшы.(бал-р геом. Пішіндерді атайды) .Балалар, өте жақсы, бірақ біз кілтті әлі тапқан жоқпыз.

Д/о: « Буратино қайда, қай жолмен жетеді»

Балалар суретті қарастырып, Буратино қай жолмен қайда жетеді деген сұрақтарға жауап беріп отырады.(Қысқа-ұзын, қисық-тұзу) сөздерді пайдаланады.

Д/о: «Не, қайда қойды?»

Балалар, Буратино, өз заттарын сөрелерге қояды. Ал не, қайда қойғаныңды, біз анықтауымыз керек.( Бал-р заттарын атын атайды да қайда тұр айтады)

Мысалы: Қолпақты жоғары, оң жаққа қойды. Тапсырма: Дөңгелекті жоғары, оң жаққа қойыңдар. Кілт жоғары, сол жақта жатыр. Тапсырма: Ұшбұрышты жоғары сол жаққа қойыңдар. Т.с.с тапсырмалар).

Т: - Балалар, қараңдаршы, кілт барма мұнда?

Б: - Иә.

Т: - Міне, бал-р, біз таптық Буратиноның кілтің. Оны ешкім ұрлаған жоқ. Буратино өзі сөреге жоғарыға қойыпты. Енді біз кілтті алайық та сандықшаны ашайық. Буратино сендерге риза, ол сендерге сыйлық дайындап қойды. Қараңдар, бал-р тәтті алтын теңгелер. Рахмет, балалар!

 

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения