Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
24.04.2015
0
606
0

ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Қазақстан,Атырау облысы,Мақат ауданы,Доссор поселкесі

Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің

Тарих пәні оқытушысы

Байтубетова Қарылгаш Каримжановна

Мемлекеттің болашағы білімді ұрпақтың қолында. Білімді ұрпақты қалыптастыруда мемлекет оқытушыларға үлкен жауапкершілік артып отыр. Оқытушылардың басты мақсаты-жеке тұлғаның қабілеттерін қалыптастыруға, дамытуға жағдай жасау. Ал оқытушылар сапалы білім беруге ерекше көңіл бөледі. Сапалы білім студенттердің пәнге деген қызығушылығы болған жағдайда ғана жүзеге асады. Сондықтан тарих пәнінің әрбір сабағы көп ізденуді, қосымша деректермен толықтыруды керек етеді. Студенттердің танымдық қабілетін, есте сақтау дағдыларын қалыптастыруда электрондық оқулықты қолдану басты рөлдердің бірі болып саналады.

    XXI ғасыр - ақпараттандыру ғасыры болғандықтан, әрбір пән оқытушысы жаңа сабақта электрондық оқулықтарды тиімді қолдана алуы тиіс деп ойлаймын. Білім берудің саласында электрондық оқулықтарды пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып кана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылыкпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

    Студент білімінің сапалы болуы бір жағынан, оқытушының сабақ беру шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді пайдалана білуіне байланысты болса, екінші жағынан, оқу орнының техникалық материалдық базасының жабдықталуына да байланысты.   

    Студенттің оқу орнында алған білімді тек игеріп қана қоюы жеткіліксіз, оны жетік меңгеру арқылы болашақ өмірінде өз қажеттілігіне жарата білуі керек. Соңғы кездері оқу орындары интерактивті тақталармен, компьютерлермен,  сабаққа қажетті электрондық оқулықтармен жабдықталды.

    Осы уақытка дейінгі білім беру саласында тек оқытушының айтқандарын немесе оқулықгы пайдалану казіргі заман талабын канағаттандырмайды. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін-өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың тиімділігі болып табылады. Сондықтан казіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Соның нәтижесінде студенттердің пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік ашылды. Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электрондық оқу кұралдарының атқаратын рөлі зор. Электрондық оқулықта пән бойынша бейне материалдар, суреттер, карталар, лекция жинақтары толық қамтылып, кеңінен беріліп түсіндіріледі. Тақырып соңында студенттердің білік-дағдыларын анықтайтын тапсырмалар беріліп, студенттердің сабаққа қызығушылығы артады.  

    Оған дәлел ретінде мен өз сабағымда электрондық оқулықтарды пайдаланып өтемін. Бұның тиімді жағы көп: сабаққа қажетті материалдар, кестелер мен сызбалар, анимациялық көріністер, фильмдер, анықтама сөздік, студент білімін бекітетін дидактикалық материалдар бар. Әр тараудағы тест сұрақтары, әр тапсырманың өзіндік жұмыстары студент білімін бақылауда және өз бетінше ізденісін туғызуда көмегі зор. Мен өз сабағымда 10-11 сыныпқа арналған электрондық оқулықтармен қатар,  Autoplay Media Studio 7.0  және Power Point бағдарламалары бойынша ІІ курсқа арналған «Тәуелсіздік шежіресі»,  І курсқа арналған «Абылай хандығы», туған өлке тарихына арналған «Мұнайлы өлкем-Доссорым»,  «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында»  тақырыптарына жасалған электрондық оқулықтарды қосымша пайдаланамын. Тақырып соңында EASY QUIZZY бағдарламасы бойынша жәнеMyTestXPro бағдарламасы бойынша жасалған тест жинақтары, Activstudio Professional Edition бағдарламасы бойынша интерактивті тақтамен орындалатын тапсырмаларды орындатамын.  

    Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты - оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық-ізденіс қабілетін дамыту. Электрондық оқулықтар сабақта ғана емес, үйде де өз бетінше жұмыс жасауға арналған. Сондықтан да электрондық оқулық студенттердің уақытын үнемдейді. Оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпалын тигізеді. Оқытушы үшін электрондық оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі- жан жақты, жоғары білімді, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, оқытушы күнделікті сабағында жоғарыда айтылғандай, электрондық оқулық арқылы бейнефильм, музыка тыңдату арқылы, карталар мен тақырып бойынша көрнекіліктерді қолдану арқылы студенттердің қызығушылығы оятып, сабаққа деген белсенділігін де арттыруға болады.

 

    Электрондық оқулықты қолдана отырып студенттер төмендегідей жұмыс жасауға мүмкіншілігі болады:

 

ü  Өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге;

ü  Студенттіңөздігімен дайындалып, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін — өзі тексеруге;

ü  Түсінбеген тақырыптарды шексіз қайталауға;

ü  Оқулықты сабақтарда қолданып, студенттің өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға;

ü  Қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға мүмкіндік туғызады.

 

    Ақпараттық технологиялардың  мүмкіндерін пайдаланып жасалынған электрондық оқулығын пайдалану арқылы студенттер өздігінен жұмыс жасай алады. Әсіресе, электрондық оқулықты пайдалануда олардың сабаққа деген ынтасын жоғарылатып, өздігінен оқытушының нұсқауынсыз тақырыптарды игеруіне мүмкіндік туғызады.

 

    Электрондық оқулықтың мазмұны студенттің интеллектiлiк ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т.б.

Электрондық оқулықты пайдаланудың тиімділігі:

ü  Пәнге қызығушылығын арттырады;

ü  Білік-дағдылары қалыптасады;

ü  Түрлі анықтамалық ақпараттар алады;

ü  Әртүрлі тапсырмалар орындайды;

ü  Ойлау қабілеттері дамиды;

ü  Шығармашылықпен жұмыс жасайды;

ü  Ұлы қайраткерлердің портреттерімен танысады;

ü  Оқытушының ақпараттық – коммуникациялық технологияны меңгеруі тереңдейді;

 

    Тарих пәнін оқыту барысында электрондық оқулықтарды өтілетін тақырыптарға сай қолдану арқылы студенттердің есте сақтау, жылдам ойлау қабілеттерін дамытуға, тақырып соңында электрондық оқулықта берілген тапсырмалар, тесттер, тарихи диктанттар мен хронологиялық кестелерді толтыру арқылы өз білімдерін тексеріп, жауаптарының нәтижелері мониторға шығып, өз жауаптарын талдап, қатемен де жұмыс орындалады.

    Бүгінгі күннің басты талабы- оқу процесінде қазіргі заман талабына сай озық технологиялар мен  әдістерді пайдалана отырып, сабақ өткізумен қатар, тарих сабағында электрондық оқулықтарды қолдану барысында студенттердің сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сонымен, электрондық оқулықтан оқытушылар өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан алса, жоғарыда атағандай, студент жастардың сабаққа ынтасы артып, қызығушылығы оянып, тың тарихи мәліметті жақсы меңгеруіне, есінде ұзақ сақтауына, ақыл-ойын, талғамын қалыптастыруға әсер етеді. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану-оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения