Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
21.04.2015
0
615
1

Сан есімді қайталау

Қазақстан Республикасы,Қостанай облысы,Сарыкөл ауданы,Соналы ауылы
"Сарыкөл аудандық  әкімдігі білім бөлімінің  Соналы орта мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бастауыш  сынып мұғалімі
Бектембетова Зина Тасқалиқызына

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін түрлі ойындар, көрнекіліктер пайдалана отырып, білім деңгейлерін анықтау.

Дамытушылық:Жаңа оқыту технологиясының  түрлі  әдістерін пайдалана отырып, өз ойларын дұрыс жеткізе білу, байқампаз іскерлігін, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, оны қорғауға, отанды сүюге тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі: Кубизм (Текше), «Қызғалдақ», «Бәйшешек», «Жауақазын» топтардың аты, ойындар «құстарды қарсы алу», «Күннің көзін бұлттан ашайық», ребус, қызыл, жасыл, көк дөңгелектер, жарнама, айран , құрт, сабын.

 

Сабақтың түрі: Ойын, жарыс сабағы.

 

Сабақтың тәрбиелік ұраны: «Ағаш-өмір

                                               Білім-жапырақ»

 

Сабақтың барысы:

 

Қызығушылықты ояту:

  1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Психологиялық дайындық.

- Қазір қай сабақ?

- Қазір қазақ тілі сабағы.

 

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

 

2. Психологиялық дайындық

Қол ұстасып өзіңе, достарыңа, сабаққа сәттілік тілеу.

«Қуанамын мен де,               (өзін көрсетеді)

Қуанасың сен де,                           (жанындағы досын көрсетеді),

Қауанайық, достарым                    (бір-бірінің қолдарын ұстайды)

Арайлап атқан күнге! »        (қолдарын жоғары көтереді)

 

-Бүгін сабағымыз ерекше, сан есімді қайталауға ойын, жарыс сабағы.

Әр топ өз аттарын анықтайды, топ жетекшілерін сайлайды.

-Кәне, ойынға дайынбыз ба?

 

  1.     «Кубизм» әдісі . Сынақ (тест)
  2. Берілген сан есімдерден  реттік сан есімдерді тап:

    Бір, тоғызыншы, мың, он бірінші, жиырма, бес, отыз үшінші, жетпіс тоғыз.

 

2. Мақал-мәтелдердің ішінен сан есімді тауып, сұрақ қой? 

         «Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі»

         «Жеті рет өлшеп, бір рет кес»

         «Жігіт адамға жетпіс өнер де аз»

3. Санамақты оқып, шешуін тап. Қанша? Нешеу?  Сұрақтарына жауап беретін сан есімді ата.

                   Торғай нешеу?

         Талдан ұшты топ торғай,

         Емес бірақ көп торғай.

         Алдында оның бастаушы,

         Артында төртеу- қостаушы.

4. Мәтіннен реттік сан есімдерді атап шық.

         1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан республикасының Тәуелсіздігі  туралы Заң қабылданды. 1993 жылы 15 қарашада мемлекетіміздің ұлттық валютасы – теңге айналымға енді.

5. Өлеңдегі  реттік сан есімдерді   есептік сан есімге айналдыр.

         Бірінші батыр – Бекен батыр,

         Екінші батыр – Елен батыр,

         Үшінші батыр – Үкен батыр,

         Төртінші батыр – Төлен батыр,

         Бесінші батыр – Бөкен батыр.

6. Мәтіннен сан есімдерді тауып, түріне қарай ажырат.

         Біздің планетамыз Жер Күнді айналады. Оның бір емес, сегіз көршісі бар. Демек, Күнді  тоғыз планета айналып жүреді.

2.Шығармашылық жұмыс

«Құстарды қарсы алу» ойыны

 

  1.      «Қарлығаш»  Сөздерден сөйлем құрап жаз. Сан есім тауып астын сыз.

Торғай, отыр, тоғыз, бұтақта.

 

  1.      «Қараторғай» Сан есімді тап

Теңгеге, сатып, жүз, Ертай, кітап, алды.

 

  1.      «Ұзақ» Сөздерден сөйлем құрап жаз. Сан есім тауып астын сыз.

Сағатына, құстар, жұз, ұщады, қашықтыққа, километр.

 

-         Құстардың пайдасы неде?

-         Құстар туралы қандай тыйымдар білесіздер?

 

1.Құстың ұясын бұзба!

2.Құстың жұмыртқасын жарма!

3.Құсты айыр ағашпен атпа!

 

3.«Күннің көзін бұлттан ашайық!»

  1. Бұлт тапсырмасы

Биылғы жылды, айды, күнді жазумен жаз.

 

  1. Бұлт тапсырмасы

Өтірік өлеңді оқы. Ондағы сандарды сөздермен жаз.

 

50 метр есіктен,

Еңкеюмен шақ кірдім.

100 қасқырды өшіккен,

1 қозыға бақтырдым.

 

3.Бұлт тапсырмасы

Берілген сөздердің ішінен сан есімді теріп жаз

Он сегіз, он, жиырма, отыз үш, жүз он бес, жеті, төрт.

 

 

4.Қызықты тапсырма.

 

1.Ребусты шеш.

100 гіш       100ім        100лік

2.Мына сөздерге лайықты сөздерді қай қатар тез айтады екен?

Бес асым, ьір жұтым, бір ауыз, бір шымшым, бір шөкім, бір жайым қамыр, су, өлең

3.Сан есімнен басталатын ән аттарын атандаршы.

«Бір бала», «Жиырма бес», «Он алты қыз», «Бір қошақан».

 

5.Сергіту сәті

         Ұзын мұртты құмырсқа

         Келе жатты жұмысқа

         Алды допты қолына

         Қойды допты орнына

         Оңға қарады,

         Солға қарады.

         Үлкен доп деи ойлады.

6.Жұмбақтар.

 

  1.      Екі пышақ бірлесіп,

Кесіп, пішіп береді.

Екеуі бір жүрмесе,

Жоқ қой бізге керегі. (Қайшы)

  1.      Отыз екі – бәрі алып,

        Тұрар іште қамалып.

         Ашылғанда қос есік,

         Көрінеді ағарып.(32 тіс және ерін)

  1.      Бір шеңберді, бір шеңбер,

Көтеріп тұр білесіңдер. (сегіз)

 

 

7.Жарнама.

 

I топ                    Айран.

Мынау Бақанаста шығарылған айран. Бұл сүттен жасалады. Оның денсаулыққа пайдасы зор. Спрайт ішкенше, осы айранды сатып ішуіміз керек. Өзі арзан, өзі дәмді.

 

II топ         Құрт.

Мыну сиырдың сүтінен жасалған құрт. Оның тіске пайдасы көп. Ол тісті қатайтады. «Орбит» алғанша осы құртты сатып алған тиімді.

 

III топ        Бұл «Бота» деген сабын.

Өзіміздің жерде өсетін әр түрлі шөптерден жасалған. Бұл сабынның пайдасы денедегі микробтарды жояды. Беті-қолды шаңнан тазартады. Осы сабынды пайдаланыңыздар  өкінбейсіздер.

 

8.Ой толғаныс.

Жұмбақ құрастыру.

 

I топ                    Маса туралы.

II топ         Айдаhар туралы.

III топ        Қоян туралы.

 

Сабақты қорытындылау:

 

Өлең оқып, жұмбақ шешіп,

Дәптерге жазу түсірдік.

Соныменен сабақта,

Нені оқып үйрендік?

 

1.Сан есім дегеніміз не?

2.Сан есімнің сұрақтары қандай?

3.Сан есімнің түрлерін ата?

Сан

есім

4.Реттік сан есім дегеніміз не?

5.Есептік сан есім дегеніміз не?

 

Қосымша тест

 

Сан есім дегеніміз не?

А) Заттың атын білдіретін сөздер

Ә)Заттың санын білдіретін сөздер

Б)Заттың қимылын білдіретін сөздер

 

Сан есімнің түрлерін анықта?

А)есептік, реттік, дара, күрделі

Ә)қарсы мәндес, дара, күрделі

Б)келер шақ, осы шақ, өткен шақ

 

Сан есім қатарын көрсет?

А)бес, сана ұйықта

Ә)елу бес, жас, кәрі

Б) қырық, елу, мың

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения