Жапарова Меруерт Дюсенбаевна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
19.04.2015
0
991
1

Ашық сабақ өзін өзі танудан "Қуаныш -жан шуағы"

 

Пәні: Өзін-өзі тану

 

Сабақ тақырыбы: Қуаныш -жан шуағы.

Мақсаты: Оқушылардың «бақыт», «сыйластық», «махаббат»

құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

 

Міндеттері: -Қуаныш сезімінің адам өміріндегі мәнін түсіндіру;

-Өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

Мейірімділікке тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: Оқулық,үнтаспа,слайдтар,интерактивті тақта.

Шаттық шеңбері

Оқушылар шеңбер құрып тұрады,бір-бірімен сәлемдеседі.Мұғалім балаларға ән салуды ұсынады:

Балалар,мен сендерді көргеніме қуаныштымын.

Айналамыздағы адамдарға қуаныш сыйлайық.Бәріміз бірге көңілді ән шырқайық!

Балалар мұғаліммен бірге үнтаспаға қосылып,ән айтады.

-Ән «Дос болайық бәріміз!»

 

Ой, тамаша! Қуанышты сезіммен бірге айтқан ән адамның көңіл-күйін көтеред.Бүгінгі сабақта қуаныш сезімі,оның адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелесеміз.Сабағымыздың тақырыбы «Қуаныш-жан шуағы» деп аталады.

Сабақтың тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады

Мәтінмен жұмыс

«Балалардың көз қуанышы» В.А.Сухомлинский.

Мәтін үнтаспадан тыңдалады.Балалардың пікірін білу үшін сұрақтар қойылады.

Кішкентай бала табиғаттың сұлулығын неліктен байқамады?

Сенің ойынша қарт балаға не айтуы мүмкін?

Айналадағы әсемдікке көңіл аударуына не әсер етті?

Балалардың жауаптарын мұғалім түйіндейді.

-Балалар,дұрыс айтасыңдар! Бала жылап тұрғандықтан айналадағы табиғат сұлулығына да көңіл аударған жоқ.Қуаныш сезімі жүрегіне ұялаған сәтте оған жан-жағы,айналасының бәрі әсем де әдемі боп көрінді.Барлық адамдар,табиғат,айнала бәрі-бәрі онымен бірге қуанып тұрған секілді.Баланы қуанта білген қарт та қандай бақытты!Біз де көңілді,қуанышты,күлімдеп жүру үшін өзгелерге,айналамызға қуаныш сыйлай білуге тиіспіз.

Ойын-жаттығу

Жоғарыда айтылған ойды бекіте түсу мақсатында «Көршіңе қуаныш сыйла!» атты ойын ұйымдастырылады.Оқушыларға түрлі гүлдің,жүрекшенің,көбелектің үлгісі таратылып беріледі.Олар оның екінші бетіне қатар отырған көршісіне қуантатын сөз жазып,жария етеді және сыйға тартады.Ойын -жаттығу соңында балалар өз әсерлерімен және сезімдерімен бөліседі,пікірлерін білдіреді.

 

Мәтінмен жұмыс

Оқушылардың адамдармен жағымды қарым-қатынастарын дамыту мақсатында төменде ұсынылған өлең мәтіні арқылы әңгімелеу жүргізіледі.

Өлеңді балалар мәнерлеп оқиды. «Қуаныш» Е.Ашықбаев.

(Балалардың пікірлері ұсынылған сұрақтарға жауаптар арқылы тыңдалады)

ØАдамды,айналаңды қай уақытта,қандай жағдайда болмасын қуантуға бола ма?

ØСендер өз бойларыңнан сондай әрекеттерді байқадыңдар ма?

ØБайқағандарыңды естеріңе түсіріп айтып беріңдер.

Сергіту сәті

Шаршадым «Уһ!» дедім,

Ренжідім «Туһ!» дедім,

Қорықтым «Ой!» дедім,

Өкіндім «Аһ!» дедім,

Шарасыз «Еһ!» дедім,

Таңырқап «О!» дедім,

Кейідім «И!» дедім,

Біліп –ап «Е!» дедім,

Қуанып «Ха-ха-ха!» дедім.

 

Дәйексөз

-Күлімдеп,ақжарқын жүретін адамның көңіл-күйі үнемі жоғары болады.Ал ондай көңіл-күй жаныңды сау етеді.Жаның сау болса,денің сау болады.Денің сау болса,жақсы еңбек ете аласың.Жақсы еңбектің нәтижесінде адамдар бақытты,молшылықта өмір сүреді.Сол себепті де халық даналығында «Қуаныш -Өмір шаттығы» деп айтқан болатын.Бүгінгі саба,ғымыздың дәйек сөзі осы болмақ.

Дәптермен жұмыс

(Дәйексөз дәптерге жазылады.)

«Қуаныш -Өмір шаттығы»

Халық даналығы

Топпен жұмыс

І «Есіңде қалған ең қуанышты сәтің…»

ІІ «Өзгелерді қуанту үшін не істер едің?»

ІІІ «Қуанышты хабар жолда!»

(Топпен жұмыс қорытындыланады.)

Сабақты қорыту

-Күлімдеу,адамдарға қуаныш сыйлай білу-өзіңнің де,олардың да өмір жасын ұзартып,денсаулығын жақсартады.Барлық адамдармен күліп амандасу,үнемі ақжарқын жүру,мүмкіндігінше айналаңа қуаныш сыйлау-асыл қасиет.

«Күлімде күн,күлімде!»

Бізге ашық күн керек,

Аспан керек мөп-мөлдір.

Қуанышқа тұр бөлеп,

Бақытты өмір төккен нұр.

(Оқушылар тақтадағы күн шашақтарына өз қуаныш сезімдерін білдіретін сөздерді жазып,іледі.)

Жүректен жүрекке

Луиза Хейдің «Ризамын» әні орындалады.

 - Сабақ аяқталды. Көріскенше күн жақсы болсын!

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения