Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
01.12.2012
0
12979
0

Валеологиялық білім берудегі өз іс-тәжірибем

Год: 2012

Страна: Казахстан

Қызылорда облысы,

Қазалы ауданы,

Сарыбұлақ ауылы

№78 орта мектеп

Бастауыш сынып  мұғалімі

Гүлнұр  Пшанова 

     Валеологиялық білім берудегі өз іс-тәжірибем


«Валеология» сөзі  латын  тілінен аударғанда  «Vale» - «денсаулық»  ал, «logos» - ілім, ғылым деген мағынаны білдіреді.

     Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыру жолында       1999 жылы 30 маусымдағы  №905 қаулысы бойынша СӨС кешенді бағдарламасы бекітіліп, ҚР білім, мәдениет және Денсаулық сақтау министрінің 1998 жылғы 28 қарашадағы №572 бұйрығы бойынша «Валеология – қалай ауырмауға болады» бағдарламасы республика мектептерінің оқу үрдісінде енгізілді.

     Валеология ілімін 1960 жылдары профессор И.М.Брехман енгізсе де, оны жас ғалымдарға жатқызуға болмайды. Валеология негіздері ертеден қаланып, медицина ғылымының дамуына тікелей байланысты екенін көптеген медициналық әдебиеттерден байқаймыз.

     Валеология бағдарламасы негізінде оқушылар қоғамдық және жеке бас гигиенасы, күн тәртібі, дене шынықтыру, гиподинамияның алдын алу, зиянды әдеттер туралы, адамгершілік туралы оқып біледі.

    Адамзат өзінің даму тарихында денінің саулығына, адамның жасының ұзақтығына аса мән беріп келеді.  Атап айтатын болсақ, ислам дінінде құнды тамақтану, намаз оқу, дәрет алу және жеке адамның тазалығы сияқты негізгі міндеттер осы валеология ілімінің аса бір құнды негіздері болып есептеледі. Осы қарапайым ережелерді ұстаған адамдар ұзақ жылдар өздерінің денсаулығын, ақыл-есін сақтап, ұзақ өмір сүргенін күнделікті өмірден көріп жүрміз.

          Әбу Насыр Әль – Фараби  (Мұхаммед  иби Мұхаммед ибн Узлағ Тархани) (870-950) – Сырдария өзенінің бойында дүниеге келген, ойшыл, философ, дәрігер, географ. Аристотельден кейін дүние жүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған данышпан, ойшыл, энциклопедия ғалымы. Ол анатомия мен физиологияны жақсы меңгеріп, медицина тек науқастарды емдейтін ілім емес, ол денсаулықты сақтайтын және алдын алатын ілім екенін атап өтті, яғни валеология ғылымының негіздерін қалады.

       Валеология ғылымының мақсаты – адам денсаулығының қажеттілігін, басты байлық екендігін түсіндіру. Адамның басты байлығы – денсаулық. екендігін үйрету.

       Валеология ғылымының міндеті – Адам денсаулығының қалай сақталуын білу. Денсаулықтың сақталу факторларын зерттеу.

      Валеология – денсаулық туралы ғылым. Денсаулықты сақтау мен нығайтудың негізгі тәсілдерінің бірі – салауатты өмір салтын қалыптастыру.

    «Тазалық – денсаулық негізі, саулық – байлық негізі» - деп халық мақалында айтылғандай, Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында қоғамымызды құруымызға қарай Қазақстан азаматтарының дені сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін үлкен мән беріп отыр.

       Денсаулықты сақтауда және нығайтуда денсаулықты басқару мәселесінің орны ерекше.Оны басқару үшін мәлімет жинап, оған талдау жасай отырып, болжай білу керек. Жеке адамның денсаулығын сақтаудың белсенді түрде анықтамай бүкіл қоғамды сауықтыру мүмкін емес және оларды басқару қажет. Мұның өзі денсаулық туралы ілімнің негізгі өзекті мәселесі.  

Балалардың денсаулығын мықты, шымыр етіп өсіріп, құлқына жайдарылықты дарыту тек ата-аналардың мәселесі ғана емес, сонымен қатар, әрбір мектепке дейінгі ұйымның да мәселесі болып отыр.

Мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру тәрбиесіндегі негізгі мәселелесі - денсаулық күйін жақсарту мен физиологиялық даму, жұмысқа қабылеттілігін арттыру, даму үстіндегі жас ағзаның функционалды мүмкіндіктерін кеңейту мен қозғалыс, қимыл дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

 

Дене шынықтыру тәрбиесі балалардың бойында салауатты өмір сүруге, күнделікті физикалық жаттығулар жасауға, спортқа деген қызығушылықты арттыра отырып, ойлау қабылетін дамытып, сол арқылы тұлғаның үйлесімді дамуын қалыптастыру.

Жалпы тәрбие берудегі алғашқы алты жасқа дейінгі дене шынықтыру тәрбиесінің маңыздылығын ерекше атап өту қажет. Себебі, мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың ойы мен бойында денсаулықтың, өмірліліктің, жан-жақты қимыл, қозғалыс дайындығы мен үйлесімді физиологиялық даму негіздері қаланады.

Дұрыс ұйымдастырылған дене шынықтыру тәрбиесі жас баланың ағзасы мен ішкі құрылысының жұмысын жақсартуға және аурулардың алдын алуға, дұрыс бой-бітімін қалыптастыруға өз септігін тигізеді.

Мектепке дейінгі балалар мекемелері жағдайында уақытылы және толыққанды физиологиялық дамыту үшін келесі факторларды ескеру қажет;

1)      қолайлы эмоциялық ахуал және тиімді гигиеналық жағдайлар жасау;

2)      нақты қалыптасқан күн тәртібімен қамтамасыз ету;

3)      дұрыс тамақтануды ұйымдастыру;

4)      бала ағзасын жүйелі түрде шынықтырып отыру;

5)      балалар өмірінде физикалық жаттығуларды кеңінен пайдаланып, күнделікті дағдыға айналдыру;

6)      әртүрлі аурулардың алдын алу.

Мәдени-гигиеналық дағдылар

Балалардың алғашында үйренген мәдени-гигиеналық дағдыларын өздігінен істеуін үйрету. Балалардың бойындағы дербестік дағдыларын және көңіл күйдің жақсаруына себеп болатын жағымды әдет-қылықтарды дамытуды қолдау. Әрдайым балаларға кеудесін тік ұстап жүруді ескертіп, естеріне салып отыру. Дастархан басында отыру мәдениеті мен этика ережелерін  қалыптастыруды жалғастыру.

Дене шынықтыру

Қимыл, қозғалыс техникасымен және олардың орындалуындағы қолдануға болатын әртүрлі әдіс-тәсілдерді ұсыну. Спорттық жаттығуларға, жарыстарға, сайыстарға қызығушылықтарын арттыру. Өз қимыл, қозғалыстық мүмкіндіктерін жақсартуға ынталандырып, олардың орындалуына шығармашылық тұрғысынан қарау қажет. Әртүрлі жағдайда кеудені тік ұстауды  үйрету.

Бағытты түрде физикалық қасиеттерді және жалпы төзімділікті, шапшаңдылықты, жүйріктікті, тәсілқойлылықты, тепе-теңдік сезімі мен қимыл, қозғалыс координациясын дамыту.   Амалшылдық, тапқырлықты бойларына дарыту. Балаға көзбен шамалауды үйрету. Спорттың әр түрімен таныстырып, спорттық үлгі-нұсқаларға еріп отыру.

Өзіндік қимыл, қозғалыс қызметі

Балалардың өзіндік әрекеттерінде қимыл, қозғалысқа негізделген сайыс пен жарыстың элементтері бар ойындар, спорттық ойындар, спорттық жарыстар ұйымдастыру және оларды  ынталандыру. Бірлесе, бірге әрекет ету дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру және ұйымдастырушылық қабылеттілікті дамыту. Өзінің физиологиялық мүмкіндіктерін түсінуге және соған сәйкес әрекет етуге үйрету.

Салауатты өмір сүру салты

Баланың бойында қауіпсіздік ережелерін сақтау маңыздылығын ұғыну және зақымдық қауіпі бар заттармен қызмет барысында қажетті қағидаларды ұстануды қалыптастыру. Балаларды  бейтаныс адамдармен және инфекциялы қауіпті науқастармен қарым-қатынасқа баруын шектеу ережелерімен таныстырып, қажет жағдайда полиция қызметкерлеріне көмек сұрап баруды үйрету. 

Балаларға үйсіз, күйсіз жүрген жануарларға және өзіне бейтаныс өсімдік, жидек, саңырауқұлақ жинақтарына кезіккен жағдайда қауіпсіздік сақтау ережелер негіздеріне үйрету. Балаға өз ағзасының сауықтыруға деген қызығушылығын арттыру және валеологиялық алған білімдеріне сәйкес өз денсаулығын сақтау мен шынықтыру әдіс-тәсілдерін үйрету.

Жеңіл жарақаттанып қалған кезде өзіне және басқаларға алғашқы қарапайып көмек көрсетуге үйрету. 

 

       Баланың кіші жастан өз денсаулығын күте білуге үйрете отырып, дені сау, қайратты азамат етіп шығару еліміздің мектепке дейінгі мекемелерінің оқу-тәрбие ісінде басты мақсатқа айналып отыр. Ендеше оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы алдымен баланың денсаулығын сақтай жүргізілуге бағытталуы тиіс. Денсаулығы түзу болмаған баланың толыққанды білімі мен тәрбиеге ынтасы бола қоймайтынына күнделікті өмірде көз жеткізіп жүреміз. Мектепалды даярлық тобында баланың денсаулығын сақтау мен нығайтуға көп көңіл бөлінеді. Өйткені дені сау бала оқу процесіне белсене араласады. Әрдайым жайдары көңіл-күйі жоғары болады. Денсаулық бұл баланың физикалық психикалық мүмкіндігін толықтай анықтайтын негізгі жағдайлардың бірі.

    Балалардың денсаулығы келесі факторларға тікелей байланысты болады.

- ата –ана денсаулығы;

- экология;

- өмір сүру жағдайы;

- баланың мектепке дейінгі ұйым және отбасындағы тәрбиесі.   

 Мектепалды даярлық тобындағы балалардың денсаулығын қалыптастыру бойынша жүргізілетін негізгі жұмыс бағыттары.

- дене шынықтыру мен сауықтыру, шынықтыру шараларының  

   комплексінің жүйесін дамыту.

- дене мүшесінің бұзылуы мен май табанының алдын алу және түзету;

- үйлесімді қимылдық тәртіп тұрғызу;

- жиі ауыратын балалармен сауықтыру шараларын ұйымдастыру.

    Медбикенің көмегімен дене дамуында ауытқушылығы бар және жиі ауыратын балалармен сауықтыру, шынықтыру, аурудың алдын алу шараларын жүргіземіз. Шынықтырудың дәстүрлі формалары:

1. Шынықтырудың дәстүрлі формалары –ауаны тазарту, су құю, даладағы қабылдау, күн сәулесімен шынығу, жалпы және жартылай су процедураларын жүргізу – ығалды сүртіну, аяққа, денеге су құйыну, тұзды алаша, жалаңаяқ жүру.

2. Ұтымды –қимылды күн тәртібін ұйымдастыру: жаттығулар, жүгіру, сазды-би қимылдары, гимнастика, сауықтыру және алдын алу жаттығулары

3. Әдеттен тыс сауықтыру шаралары:

- ауамен шынықтыру;

- психогимнастика;

-өзін-өзі сылау;

- денені босаңсыту жаттығулары.

     Мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысына жаңа технологиялар енгізуде, біз ең алдымен бақытты балалық шақты қамтамасыз ету – бұл әрбір баланың жан-жақты және қазіргі заман талабына сай дамуына оның көңілінің тыныштығына, денсаулығына қамқорлық жасауды басшылыққа алып алдағы уақытта мынадай қорытынды жетістіктерге қол жеткізуді көздейміз: 

-          балалық кезеңде денсаулықты жоғалтпау;

-          денсаулықтың соматикалық көрсеткіштерін жақсарту;

-          гигиеналық мәдениет қалыптастыру;

-          салауатты өмір сүру салтын ұстану қажеттілігін және оған мүмкіндік туғызу.

-          дене шынықтыру тәрбиесін баланың жас және жеке ерекшеліктеріне байланысты даралау;

-          дене тәрбиесінің үздіксіз жүйесін құру;

 

 

Денсаулық сақтау технологиясы

 

Дене тәрбиесі

 

Сауықтыру жұмыстары

Дене шынықтыру

таңертеңгі гимнастика

-дене тәрбиесі сабағы

- дене шынықтыру және мерекелер

- қимылды белсенділік

-жеке сабақ

-Вариативтік бөлік

-өмір қауіпсіздігін қорғау негіздері

- үйлесімді қимылды тәртіп

 

Шынықтыру

-тамақты шаю

-жалаңаяқ жүру;

-суды басып жүру

-ауамен шынықтыру

Физиотерапия

-сылау

-психигимнастика

Сауықтыру шаралары

Аурудың алдын алу

-дәрумендер

-психопедагогикалық зерттеу

 Көрмелер                Ашық сабақтар                Шаралар                            Кеңестер

Мерекелер                                                  -демалыс кештері                     конкурстар

                                                                     - денсаулық күні

Тәрбиешілермен жұмыс

-семинарлар;

-кеңестер;

-педкеңесте баяндама жасау;

-шығармашылық топ жұмысы

-ашық шаралар

Мектеп пен сабақтастық

-ортақ шаралар өткізу;

-кеңестер

-семинарлар

-балалар ауықтыру бағытындағы жұмыстар

Ата –аналармен жұмыс

-ата-аналар жиналысы

-мамандар кеңесі

-ашық шаралар

-спорттық мерекелерге қатысуы;

           

 

     Олай болса, денеміз сау, құрыш білекті, алып жүректі, қайсар да қайратты, ұқыпты да әдемі қазақ азаматы болу үші адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар?



Ұлттық ойындар

 

 
 

 

      Валеология бағдарламасы негізінде оқушылар қоғамдық және жеке бас гигиенасы, күн тәртібі, дене шынықтыру, гиподинамияның алдын алу, зиянды әдеттер туралы, адамгершілік аспектілері туралы біледі.

Стандарт:

- өзінің физикалық денсаулығын ойлауға және тіршілік іс-әрекетінің қауіпсіздік ережесін сақтауға;

- қозғалыс дағдыларын меңгеру;

- түрлі оқиғаларға қатысты өзінің эмоциялық күйін білдіруге;

-  денсаулық сақтау негіздері мен жеке бас гигиенасының дағдыларын меңгеруге;     

5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі стандарт: гигиеналық шараларды өздігінен орындауға ынта білдіреді. Тәрбиешінің көрсеткен үлгісі бойынша кейбір іс-әрекеті мен білгенін қайталау, жаңғырту

- киімі мен аяқ киімін тазалайды;

- барлық қажетті гигиеналық шараларды орындайды шашына, киіміне және т.б. күтім);

- өз шкафын жөн -ретте сақтайды;

- төсегін мұнтаздай етіп жинайды;

Өзінің не істеп, не қойғанын түсінеді, белгілі бір білім қорына ие

- гигиеналық процедуралардың мағынасын түсінеді:беті мен қолын жуады, таранады, шашы мен киімінің кем-кетік жерлерін реттейді;

- дастархан басында өз-өзін мәдениетті ұстау ережесін орындайды;

- заттарға уақытылы күтім қажет екендігін ( су заттарды кептіру, киімді тазалау)жете түсінеді;

- балабақша мен қоғамдық орындарда қалыптасқан өз-өзін ұстау мәдениеті ережелерін сақтайды;

Өздігінен, шығармашылық тұрғыдан және қалыптан тыс жағдайда өзінің білген-түйгенін қолдана алады

- барлық мәдени-гигиеналық прцедураларды орындайды;

- қоршап тұрған ортасының тәртіп, тазалығын қолдайды;

- кезекшінің міндетін орындайды;

- үлкендер болмаған кезде де қалыптасқан өз-өзін ұстау мәдениеті ережелерін орындайды;

- жүріп келе жатқанда,  сабақта отырғанда, тамақтану кезінде кеудесін тік, дұрыс  ұстауды қолдайды;

- тез және ұқыпты киініп, шешінеді;

Стандарт 5 жастан бастап 6 жасқа дейін негізгі қимылдар кезінде шығармашылық ұстаным білдіреді

Негізгі қимылдарды орындау кезінде шығармашылық келіс танытады:

- гимнастикалық орындықтың жіңішке тақтайшасымен, (1,5-3см) жіптің үстімен жүру, орта белде отырып барып, толтырып тығындалған доптарды аттап өту, құралдарды жинау және шашу;

- жұптасып, бір-бірінің қолдарын ұстап айналу;

- 1,5-2 минут үздіксіз, ақырын ырғақпен жүгіру, 80-120метр қашықтыққа орташа жыл дамдықты жүгіруді жай жүріске алмастыру, шамамен 20метр  қашықтықты 5,5-6 секунд жылдамдықта жүгіру;

- сатының бір тақтайынан, екінші тақтайына өрмелеп асу, тақтайшалардың арасымен өту;

- орнында тұрып бір аяқта секіру (оң және сол), алға қарай жылжып биіктікке, бір орыннан тура және қырыннан 5-6 (биіктігі 15-20см) құралдардан асып, кезек-кезегімен секіру;

- допты жоғарыға лақтырып, оны шапалақпен қағып алу, бір орыннан алға адымдап жылжып бара жатып допты жерге соғу (5-6м ара қашықтықта);

- құралдарды алысқа лақтыру (5-9м кем емес), жатықтан және тікеден-тік нысанаға 3-4м қашықтықтан лақтыру;

- ырғақты гимнастика, аэробиканың элементтері;

- спорттық ойындардың элементтері (шана, шаңғы, велосипед тебу);

Өзінің не істеп, не қойғанын түсінеді, белгілі бір білім қорына ие

- спорттық ойындар мен жаттығулардың  элементтері мен түрлерін орындайды — (шана, шаңғы, велосипед тебу);

- әртүрлі типтік өзара әрекеттестік ойындарында алуан түрлі қызметті орындай және үйлестіре алады;

- дене шынықтыру мен сауықтыру қызмтінің мәнін түсінеді;

- ойындар мен жаттығуларды өз бетімен ұйымдастыра біледі;

- спорттың әр түріне және еліміз бен қаламызда болып жатқан спорттық оқиғаларға қызығушылық танытады;

 

 

 

 

Өздігінен, шығармашылық тұрғыдан және қалыптан тыс жағдайда өзінің білген-түйгенін қолдана алады

- өз ісінің сапасын сараптай отырып, келесі іс-әрекетімен салыстыра келе, түзетулер енгізеді;

- ізгілікті-жігерлік қасиеттерін көрсете алады (мақсатқа жетудегі ұйымшылдық, дербестік, жауапкершіліктік, тапқырлық, зеректілік);

- хоккей, футбол, бадминтон, баскетболда ойнай алатынын, биіктікке секіре алатынын көрсетеді;

- ересектерге дене шынықтыруға арналған керек-жарақты дайындауға және орнына қайта жинап қоюға көмектеседі;

- еркін іс-әрекетінде өзіне таныс қозғалысқа толы ойындарды, жаттығулар мен қимылдарды пайдаланады;

Стандарт 5 жастан        бастап 6 жасқа дейін: топтағы балалармен бірге қимыл, қозғалыс ойын іс-әрекеттерін ұйымдастырады

сайыстық элементтері бар қимылға толы ойындарды ұйымдастыра біледі;

- ойын барысында негізгі қозғалысты орындаудың әртүрлі тәсілдерін біледі;

- статистикалық және динамикалық жаттығулар мен үйлестірімді және күш жұмсауды қажет ететін қимылдарды орындайды; 

- күнделікті қимыл, қозғалыс белсенділік қажеттілігін түйсініп, көз мөлшерлеу қажеттілігін дамыту;

- қозғалыстың әдемілігін, әсемдігін, мәнерлілігін, икемділігін ескереді; 

Өздігінен, шығармашылық тұрғыдан және қалыптан тыс жағдайда өзінің білген-түйгенін қолдана алады

- серуен кезінде дене шынықтырудың керек-жарағын және басқа да құрал — саймандарды пайдалана отырып,  өзіндік қимыл, қозғалыс әрекеттерін қайталайды;

- іс-әрекеттегі жағдайдың өзгеруіне тез арада ыңғайлана білу, тапқырлық пен оңтайлылық сияқты қасиеттерді көрсетеді;

- жаттығуларды орындауда шығармашылық тұрғыдан қарап, жүзеге асырады;

- бірлескен іс-әрекеттерде ұйымдастырушылық қабілеттерін танытады;

Стандарт 5 жастан бастап 6 жасқа дейін: қауіпсіздік ережелерін саналы түрде орындайды, шынықтыру шараларының

Тәрбиешінің көрсеткен үлгісі бойынша кейбір іс-әрекеті мен білгенін қайталау, жаңғырту

1. Жеңіл жарақаттанғанда қарапайым медициналық көмек көрсете алатын дағдыларға ие;

2. Өз денсаулығын сақтаудың және мықтаудың тәсілдерін біледі;

3. Қауіпті құралдармен әрекеттесу барысында қажетті ережелерді сақтайды;

4. Бейтаныс адамдармен және инфекциялы қауіпті науқастармен қарым-қатынасқа баруын шектейтін ережелерді орындайды;

Өзінің не істеп, не қойғанын түсінеді, белгілі бір білім қорына ие

- науқастанып, жарақаттанып қалғанда немесе қиын жағдайларға ұшырағанда ересектерден көмек сұрау маңыздылығын түсінеді (мәселен, полиция қызметкерінен көмек сұрау);

- тұлға аралық қарым-қатынас жағдайында қажетті ережелерді сақтау қажеттілігін, денсаулық сақтау үшін ұйқының, тамақтанудың гигиеналық шаралардың, қимыл, қозғалыстың, шынығудың маңыздылығын түсінеді;

- қоғамдық орындарда өз-өзін ұстау ережелерін орындайды;

- спорттың адам өміріндегі маңыздылығын түсінеді;

Өздігінен, шығармашылық тұрғыдан және қалыптан тыс жағдайда өзінің білген-түйгенін қолдана алады

- өзінің валеологиялық алған біліміне сәйкес қауіпсіздік дағдыларын күнделікті өмірде қолданады;

- үйдің тұрмыстық техникасы мен кейбір құралдарды пайдалану бойынша нұсқауларын және тиымдарын орындайды;

- жолда жүру ережелерін орындайды;

- жайсыз-күйсіз жүрген жануарлармен қарым-қатынас кезіндегі  қауіпсіздік ережелерін біледі;

- өсімдіктермен қатынас кезінде сақтық танытады, улы түрлерін біледі; 

     Валеология ғылымы туралы түсініктеме беріп кеттім. Енді өзімнің мектепалды даярлық тобында «Валеологиялық білім берудегі өз іс-тәжірибеме»  тоқталып өтейін.

Білім беру саласы: «Денсаулық» Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетімде «Валеология еліне саяхат»  атты тақырыбына тоқталсам.

Мақсаты: Баланың жеке басының тазалығын сақтаудың жолдары туралы түсініктерін кеңейту және адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіре отырып, тазалық және жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын жетілдіру.

Бұл іс-әрекетімде валеология еліне саяхатқа барамыз. Ол үшін кемеге мініп барамыз. Міне, валеология еліне де жеттік. Балалар, қараңдар мына жерде хат жатыр. Оқып көрейік, кімнен келді екен. Валеология ғылымынан мыстан кемпірдің алып кеткені туралы хат келіпті. «Егер мыстан кемпірдің тапсырмасын орындасаңдар, ол мені босатады» ,- деп хат келген. Балалар хаттағы мыстан кемпірдің тапсырмаларын орындайды.

1.Аялдама. 

- «Дене шынықтыру» аялдамасы.  Дене шынықтыру сабағы бізге не үшін керек екендігі оқушылар өз ойларын айтты.

2. Аялдама.

«Кім жылдам ?» ойыны.

Ойынның шарты. Столдың үстінде спорттық ойын құралдары жатыр. Балалар столдағы қысқы және жазғы ойын құралдарын ажырата білді.

3.Аялдама.

     Бұл аялдамада тазалық, денсаулық туралы мақал-мәтелдер айтылды.

Нәтижесінде, балалар дене шынықтырудың адам өмірінде маңызы зор екенін, адамның басты байлығы  денсаулық екенін түсінді және тазалық, денсаулық туралы тақпақтар, мақал-мәтелдер үйренді.

      «Күлкі көңіл ажары» атты тақырыбында өткізілген ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.

Мақсаты: Күлкі туралы мақал-мәтелдер, қызықты оқиғаларды нақышына келтіріп, айта білуге дағдыландыру.

 - оқушыларды өз көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Күлкі адамның көңіл-күйін көтеретінін, адамдар арасындағы қарым-қатынаста әдемі, ақжарқын күлу, жымию сыпайыгершілікті, сыйластықты білдіретіндігі туралы түсіндірдім. «Сіз қалай күлесіз ?» деген сауалнама жүргіздім.

 Мысалы:

1.Күлгенде аузыңызды қолыңызбен жабасыз ба? (егер «иә» деп жауап берсеңіз, онда сіз көбіне ұялып, «сыртта қалып қоясыз», өзіңізге сеніміңіз аз) т.б.

2. Оқушылармен күлкі жаттығуларын жүргіздім. Мысалы айта кететін болсам, көзін сықитып ерін бұрыштарын көтеру (10-15 секунд) Терең демалу, демді шығарарда «-ха, -ха, -ха», деп жеті рет қайталау, бұл өкпедегі ауаны сыртқа шығарады.

3. Одағай сөздер арқылы жымию:  а, о, ух!

     Нәтижесінде, күлкі бақытты, жылылықты, берекені білдіретіндігін, ақжарқын, көңілді адамның өмірде жолы болғыш келетінін, достарымен кездескенде ақжарқын күлкіні сыйлау керектігін, көңілді көңіл күй адамға қанат бітіретіндігін, әдемі, шын ниетті күлкі адамға шипа, ем екендігін білді.

     Күнделікті сабаққа газет-журналдарға шыққан материалдарды көбірек пайдаланамын. Соның нәтижесінде «Неліктен біз тісімізді тазалап, қолымызды жуамыз?» деген тақырыпта ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде мектеп медбикесі денсаулық туралы балаларға мағлұмат берді.  «Денсаулық – зор байлық», «Таза жүр» деген тақырыптарға дөңгелек үстел, пікірталас өткіздім. «шынықсаң шымыр боларсың», «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» деген спорттық жарыстар ұйымдастырдым.    

     Балалардың денсаулығын жоғалтпай білім беру үшін ата-ана, мұғалім, дәрігер үш жақты байланыс орнатып, жұмыла қызметатқару керек деп ойлаймын. Салауатты өмір салтын қалыптастыру отбасынан басталып, балабақшада, мектепте жалғасын тапса, тәрбиелік мәні зор іс-шаралар өткізу , бір-біріне жалғасып, бірін-бірі толықтырып отырса, баланы жаман әдеттен жирендіріп отырсақ, күнделікті жақсыны айтып отырсақ, кеелешек ұрпақтарымыздың дені сау болады.    

    Қорыта келе, тоқсан ауыз сөздің тобықтай  түйіні -деннің саулығы үш нәрсеге байланысты:

-          тиімді  тамақтануға;

-          үнемі қозғалыста болып,  дене еңбегімен айналысуға;

-          психикалық комфортка

   Осы үш түсінікті білу және оны сақтау әркімнің міндеті. Ұзақ өмір сүрген адамдардың өмір тіршілігін таңдағанда, салауатты өмір сүру салты деп мына төмендегі факторларды айтуға болады.

-          тиімді тамақтану;

-          жеке тазалықты сақтау;

-          еңбек пен демалысты реттеу;

-          дене қозғалысымен айналысу;

-          шынығу;

-          зиянды әдет-ғұрыптан сақ болу;

-          өмір бойы қалыптасқан өмір сүру қалпын сақтау;

-          таза ауада болу;

-          ұйқы режимін сақтау;

Денсаулық дегеніміз тек дененің сыртқы бүтіндігі деп қарау ағаттық. Жалпы алғанда оны организмнің жан-жақты жамуымен бүкіл дене қызметтерінің жүзеге дұрыс асырылуы деп ұққан жөн.

      «Мектепалды даярлық негізінде балаларға валеологиялық білім берудің тәжірибесі» тақырыбындағы  баяндамамды  қорытындылай келе, мынадай ұсыныс жасағым келеді.      

  1. Ауылдық, қалалық жерде түрлі аурумен ауыратын, емделуге қаражаты жетпейтін  тұрмысы төмен отбасы балаларына қаржылай көмек көрсетілсе;
  2. Бала денсаулығына байланысты салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында валеология пәні бойынша курстық оқу, семинар ұйымдастырылса.
  3. Денсаулық білім беру саласы бойынша валеология,  дене шынықтыру пәндері бойынша және т.б пәндер бойынша осы ұсынылған баяндамалар аудандық төл басылым болып шықса.

        Осы айтылған ұсыныстар қолға алынса нұр үстіне нұр болар еді.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. К. Тілеутайұлы, С.Ж Тілеутаева   «Валеология негіздері» -2004

2.  «Валеология» - 2005ж

3. Мектепалды даярлық -2008ж 

 

 

Скачать материал

valeologiya-bayandama-glnr-pshanova-78-mektep.doc [3,39 Mb] (cкачиваний: 125)

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения