Худжанова Алия Заркешевна
Должность:методист (старший воспитатель)
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Павлодарская область, г.Павлодар
17.04.2015
0
910
0

Театрландырылған ойындар арқылы балалардың тілін дамыту.

     Театрландырылған ойындар – мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу үрдісінде оларды рухани дамытуға, әдеби және фольклорлық шығармаларды түсінуге және ұжымдық сипаты бар ойындарға қатысуға, бәсекелестік сезімін дамытуға арналған жайлы жағдайларды тудыруға, сонымен қатар оның тәсілдерін игеруге деген тиімді құрал болып табылады.

     Театрландырылған ойындар ойнау барысында балалар кейіпкерлердің көңіл – күй сезімдерімен танысады, олардың сыртқы пішіндерін өзгертудің тәсілдерін игереді және мінез – құлық сезімдерінің өзгеру себептерін тереңірек түсінеді.

     Балалардың тілдерін дамыту барысында атап айтқанда диалог пен монологты жетілдіруде театрландырылған ойындардың алатын орны ерекше. Қорыта айтқанда театрландырылған ойындар балалардың өздерін өздері таныту және көрсетулерінің құралы болып табылады.

     Әдеби немесе фольклорлық негіздегі мазмұн театрландырылған  ойындардың  ерекше сипаты болып табылады. Оларды екі топқа бөлуге болады: драмалау және режиссерлеу. Бұлардың әрқайсысы өз кезегінде бірнеше топқа бөлінеді.

     Драмалау ойындарында бала «әртіс» ретінде рөлді орындай отырып кейіпкерлерді өз еркімен көрсетеді.

     Адамдарды, жануарларды, әдеби кейіпкерлерді, тақырып негізіндегі рөлдік диалогтар, бір немесе бірнеше шығармалар бойынша спектакльдер қойылымдары, алдын – ала дайындық жасамай сюжеттік ойындарды импровизациялау – драмалық ойындардың түрлері болып табылады.

     Режиссерлық ойындарда – ойыншықтар «әртістер» болып табылады. Режиссерлық ойындардың түрлері: үстел үсті ойындар, жазықтық және көлемді, қуыршақ (саусақ, марионетка т.б.)

     Балаларды дамыту бойынша театрландырылған ойындар жертесі үш түрге бөлінеді:

-         Әдеби және фольклорлық шығармаларды әдеби түрде қабылдау;

-         Негізгі және қосымша қойылымдарды арнайы білу үшін игеру;

-         Өздік шығармашылықты көрсету;

-         Балалардың театрландырылған ойын түріндегі іс – әрекеттерді өзара байланысты екі аспект түрінде қарастырылады;

-         Әдеби, музыкалық және бейнелеу түрлері арқылы көркем әдебиетті интеграциялау;

-         Ойын барысында баланың өзін – өзі сюжеттік шығармашылықты түрде көрсетуі.

Театрландырылған ойндарды ойнату барысында 4 – 5 жастағы балалардың бойында ерекше қызығушылық пайда болады. Мысалы: «Мақта қыз бен мысық», «Қасқыр мен қоян», «7 лақ және қасқыр», «Мысық пен тышқан», «Алдар көсе және бай» ертегілерін театрландырылған ойындар, яғни спектакльдер ретінде жеке – жеке рөлдерді орындау арқылы көрсеткен кезде балалардың бойында өздеріне деген ерекше сенімділік сезімі пайда болады, өздеріне тапсырылған рөлдерді үлкен ынтамен орындайды. Топтардағы тәрбиеленуші балалардың шығармашылығын, өнердің әр саласында өздерін көрсете білуді ұйымдастыруда театрландаралған ойындардың алатын орны ерекше.

 

 

№ 9 балабақша әдіскері Ә.З.Худжанова

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения