Худжанова Алия Заркешевна
Должность:методист (старший воспитатель)
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Павлодарская область, г.Павлодар
17.04.2015
0
559
2

Сәби тәрбиесіндегі ана тілінің орны.

   Бала тәрбиесі адамгершілік мол тәжірибемен қатар асқан шыдамдылықты талап етеді.

Кез келген ата-ана баласының жақсы тәрбиеленіп, өмір сүруіне ықпал жасайды. Ол үшін баланы шамалары келгенше балабақшаға беруге тырысады.

Отбасындағы тәрбие мен балабақшадағы тәрбиенің айырмашылығы бар.

Балабақшада балалар өз құрбы-құрдастарымен араласып, ойын ойнайды, тәртіпке үйренеді. Балабақшадағы балаға берілетін білім, оқу – тәрбие үрдісі – барлығы ойын арқылы жүзеге асады.

Ойын үрдісінде сөйлеу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады.

Ата-анасы ана тілінде сөйлеген отбасындағы балалар таза сөйлеп, ойын еркін жеткізе алады.

Ал, отбасында үлкендердің орыс тілінде сөйлеуі баланы тіл дамыту үрдісінен айырады.

Алғашқы кезеңде біздің топтың балалары үйрене алмай, ата-анасынан айырылмай, орысша шүлдірлеп жүрген сәбилер қазір шамалары келгенше тәтті тілдерімен ана тілінде сөйлеуге талпынады.

Бұған ата-аналар да өз ризашылықтарын білдіруде.

Қазақ тілім ана тілім деп намысымызды көкке көтеруге сіз болып, біз болып ат салысуымыз керек.

Әрбір қазақ баласы өз отбасында қазақ тілінде сөйлеуге дағдыланса, одан тәлім-тәрбие алатын бала да тез меңгеріп үйренеді деп ойлаймын.

Сондықтан, баланың ана-тілінде еркін сөйлеп, ойын анық жеткізуді сәби шағынан қолға алсақ, оның  болашақ өміріне қажетті дағдылардың бастамасына жол ашқанымыз.

Баланы жас кезінен ұлтжанды, өз ана тілін, елін, жерін сүйетін патриоттық сезімге баули білсек, олар өскен соң ұлттық тәрбиенің жемісін берері сөзсіз.

Ендеше, балаға дұрыс жан-жақты тәрбие беруге көп көңіл бөлген жөн.

 

 

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения