Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
01.12.2012
0
4786
0

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары

Год: 2012

Страна: Казахстан

Кызылординская область,Казалинский район, 
кент Айтеке би,СШ№216 им К.Сатбаева
учитель начальных классов

Боранбаева Гульсара

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары

 

    Оқушыларға заман талабына сай сабақ  беру кез келген мұғалімнің міндеті.Ұстаз- белсенді шығармашылық іс-әрекетке талпынған оқушының кеңесшісі әрі көмекшісі.Әрбір мұғалім сабақ жүргізу барысында жаңа технологияға сүйене отырып тосын идеялар мен проблемалық ой тудырып отырса, оқушылардың да пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады.Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмыстары жүргізіліп отырады.

Шығармашылық –бұл адам іс-әрекетінің түрі,бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігімен сапалы, дәлелді шешімдер кезінде қабылдай білуге үйренуі керек.Тек шығармашылық қана адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді.мұндай күрделі  мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатыларының бірі болып табылатын бастауыш мектептің алатын орны ерекше, өйткені бастауыш мектеп:

  1.Оқушылардың интеллектуалдық, рухани, табиғи нышандарын дамытуға өзінің қызығушылықтарымен бейімділіктерін іске қосуға жағдай жасайды.

  2.Жеке адамдық сенімдерін қалыптастыруға жағдай жасайды.

  3.Ұжымдық және жеке іс-әрекеттертәсілдеріне үййретеді.

Баланың еркін шығармашылықпен ойлауына, оның барлық қабілеттерін дамытуға, өз күшіне деген сенімнің болуына жағдай жасайды.кіші жастағы баланың оқуға, оқу арқылы қабілеттерінің дамуына көп мүмкіндіктер бар.

  Қабілеттер туа біткен қабілеттер емес,олар баланың өмір сүру барысында іс-әрекет арқылы дамып отырады, яғни бастауыш сыныптан бастап баланың қабілетін дамыту керек.оқушылардың белсенділігі мен танымды іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту,қажетті жағдай айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау.Осыған орай оқытуды ізгілендіру қазақ мектептерінің алдында тұрған үлкен міндет екені мәлім.

  Оқушыны шығармашылыққа баулудағы негізгі міндет-оқушылардың міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру,шығармашылық қабілеттерін, қызығуын жетілдіру білімге құштарлығын ояту.Қазақ тілін оқушыларға нәтижелі үйрету үшін, оның оқыту әдістемесін жетілдіру-бүгінгі күннің басты мәселесі.

  Ұстаз үшін ең маңызды мақсат-әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу.Оны жүзеге асырудың бір жолы –оқушыларға білім беру, тәрбиелеу барысында кеңінен қолданылып келген, оқушыладың білім сапасын көтеруге жағдай жасайтын, сабақты тиімді ұйымдастыруға, атап айтқанда, сабақ уақытын ұтымды пайдалануға, мұғалім мен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға көп көмегін тигізетін әдіс – диктанттарды қолдана білу.Сондықтан диктант қай сыныптан болмасын неғұрлым жиі алынса, оқушылардың сауаты неғұрлым табысты болмақ..диктанттар мына түрде болады: әріп, буын, сөз, сөздік, ескерту, шығармашылық, көру, өздік терме, графикалық, есту, бақылау диктанттары.Осы диктанттардың ішіндегі ең күрделісі –шығармашылық диктант.қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылығын дамыту үшін осы шығармашылық диктантты көп қолданған дұрыс.

    Қазіргі мақсатым - дамыта оқыту.Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы өз ойын қорықпай, сеніммен айта алатындай болуы керек.Оқушыны кішкентай бала деп қарамай, оның пікірімен санасу, көзқарасын  құрметтеу оның ой санасының дамуына әсер етеді.Бала тілін дамытуда мен ауыз әдебиеті үлгілерін жатқа айтуды, өлең жаттауды, көркем шығармалар оқытуды үнемі назарға алып  отырамын.Әрбір сабағымда көрнекілік, таблица, тест сұрақтары мен әртүрлі суреттер пайдаланамын.

  Мұғалім жаңа сабақты өтпес бұрын тақырыбын проблемалық ой тудыра отырып хабарласа оқушы жаңа сабаққа ерте еніп, ұмтылып жауап іздейді, талпынады, қызығушылығы артады.Үнемі сұрақ  қою жүйесімен жұмыс жасау білімді меңгерту барысында оқушы деңгейін шығармашылық сатыға көтереді.Ең бастысы – сабағыңызға жан бітіп, шығармашылық серпіліс туындайды.оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру үшін қосымша әдебиеттерді , ертегілер мен жұмбақтарды, жаңылтпашларды, мақал-мәтелді де бала шығармашылығы дамтитындай етіп пайдалануға болады.

 

 

 

Тақырып мазмұнына сай мақал-мәтел айтқызу,оны өз сөзімен, ойымен дәлелдеу

 

 

 

 

 

 

 

Көрініске, табиғатқа, суреттерге қарап тұрып мақал айту немесе құрастыру

 

 

Мақал-мәтелді бала шығармашылығын дамытатындай етіп пайдаланымыз

 

         

 

 

Мақал-мәтел айтысы

 

 

Мақал-мәтелге сай оқиға ойластыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мынадай  жұмыс механизмін қарастырып көрелік: оқушы жаңа білімді себепкерлеп жақсы баға алу үшін не өз бетінше,не өзінің сыныптасымен, не топта  жұмыс істеу керек делік, өз бетінше жұмыс істеу барысында жаңа материалды негізгі еске сақтаудан өзге тағы да  сақтаудың түрлері қосылады-көзбен көру, есту, қайталау.

 

 

 

  Мәтін құрастыру

 

 

Салыстыру жұмысы

 

 

Сөзден-сөз тудыру жұмысы

 

Бастауыш мектептегі сауат ашу, тіл дамыту,грамматика оқушы шығармашылығын дамытудағы алар орны ерекше

 

Сөздің соңғы дыбысынан  басталатын сөз жалғастыру

 

Сөйлем,сөз таптары түрлеріне мысал келтіру

 

 

 

 

 


Жеке дыбыстарғы байланысты

 

 

Буындар арқылы

 

 

Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру

 

 

 

 

    Сөздер арқылы

 

 

 

Өлең ұйқастарын табу

 

 

Өз алдына еркін тақырыпта өлең құрастыру

 

 

 

 

 

 

 

         Сурет бойынша

 

 

    Өмірімен байланыстыра

 

 

Берілген тапсырманы түсіндірубағытындығы жұмыс (шығарма жаздыру)

 

 

 

 

  Тірек сөздер арқылы

 

 

 

    Ойды жалғастыру

 

 

 

 

 

 

 

                                                        Соңғы нәтиже

 

 

              Тапсырма талапқа сай орындалып, жақсы қарым-қатынасқа қол жетті

 

 

               Ойларын еркін айта алады.Әртүрлі қызықты шешімдер қабылдады

 

Өлең жазуға талпынады.Тақырыпқа сай мақал мәтелдер жазады

 

Мәтін бойынша көріністер көрсете алды, болжамдар айтты.

 

Өзекті мәселелер талқыланды

 

Скачать доклад

boranbaeva.doc [59 Kb] (cкачиваний: 81)

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения