Тамбаева Эльвира Кенжебаевна
Должность:учитель истории
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Актюбинская обл, Мугалжарский р-н, пос.Жарык
16.04.2015
0
736
0

сценарий внеклассного мероприятия по истории Казахстана "Тарихы терең Қазақ елі"

«Тарихы терең Қазақ елі» 

 (тарихи танымдық кеш)

(Қазақ хандығының 550 жылдығына орай)

 

Мақсаты: ХҮІғ бас кезіндегі Біртұтас Қазақ хандығының қуатты мемлекет дәрежесіне көтерілуіндегі Қасым ханның қызметі туралы, халық зердесінде  «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған», «алтын ғасыр» атанған әз Тәуке заманын оқушыларға жеткізу. Жас ұрпаққа  халық  батырының қаһарманы Райымбек  тұлғасын жан-жақты көрсетіп, ата-бабаларымыздың  өнегесін үлгі ете отырып, оқушылардың бойына туған жерге, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттыққа, ынтымаққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақ хандары:Қасым мен Тәуке ханның портреттері, қазақтың хас батыры Райымбектің суреті. Ерлік, батырлық туралы нақыл сөздер, бейнебаян.

Барысы:

1-жүргізуші:  Қайырлы күн,қымбатты оқушылар, құрметті қонақтар және ұстаздар! Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына  арналған  «Тарихы терең Қазақ елі» атты тарихи танымдық  кешімізге қош келдіңіздер!

/Қ. Р. Гимні орындалады./

1-жүргізуші: «Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық»деп президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады.

2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толады. Бұл оқиға қазақ халқының тарихындағы  маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.

2- жүргізуші: Осыған байланысты, елімізде жастардың патриоттық сезімін барынша күшейту мақсатында бұл оқиғаны мерейтой күндерінің қатарына қосу мен Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге арналған іс-шараларды өткізу жөнінде мәселе қарастырылды.

Ата-бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы-бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, міне осында.

Оқушы: Әсем

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер,

Тұлпарлар дүрілдеп төккен тер,

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер.

Сарылып сал-сері кеткен жер,

Бас иіп, иіскеп топырағын,

Тағзым жасамай өтпеңдер!

1-жүргізуші: Тарих тереңінде қалмай сан мәрте сындарлы кезеңнің сызатын жарып, дүние көшіне ілескен қазақ елінің өткен жолы алмағайып. Ауыздықпен алысып, етігімен су кешкен ауыр күндерге төтеп көнбіс те болды, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заманда барын шайқап, аста төк жомарт та болды, әупірім зор заманға тән сұрқылтай күйін де кешті.
 2- жүргізуші:Қазақ өз тарихында ұлт ретінде талай мәрте жойылып кете жаздап, тағдырдың талай ащы зары мен тауқыметін тартты. Бүгінгі Тәуелсіздікке дейінгі аралықта халқымыздың сан ғасырлық аумалы-төкпелі тағдыры, арманы мен аңсары, арпалысқа толы кұрес жатыр. Іштей булыққан бұлқынысы мен өкініші, жеңілістері мен жеңістері жатыр. Бүгінде Алтай мен Атырау, Сыр мен Тобыл арасындағы байтақ өлкеде орын тепкен Қазақстан Республикасы  ежелден қалған үлы істердің, ұлағатты дәстүрлердің, іргелі мемлекеттердің заңды мұрагері болып саналады.

Ән «Қазақ елі». Орындайтын Тындыбаева Әсем.

1-жүргізуші:  (Қасым хан туралы)

Тарихта ұлы адамдар аса маңызды оқиғалар мен өте күрделі бетбұрыс кезеңдерде айқын көрінетіні белгілі. Өйткені олар белгілі бір тарихи дамулардағы ірі өзгерістерге белсене қатынаса отырып, оқиғалардың даму барысының жетегінде кетпейді, керісінше өзгерістердің тез немесе баяу болуына, оқиғалардың объективті даму, өрбу бағытына өзіндік жеке рөлін қосады. Олардың қоғам дамуына қосқан үлесі неғұрлым ауқымды, неғұрлым терең болса, соғұрлым олардың есімі халықтың тарихи санасында өшпестей болып сіңіп, уақыт өте ұрпақтар алдында биікке көтеріле береді. Халқының тарихында мұндай ұлы адамдар өте көп, "бірақ та" олардың қатарында, 1511-1521 жылдар ішінде Қазақ хандығын билеген Қасым ханның орны ерекше.

Оқушы: Шолпан

Хан өтпес әділдікте Қасым ханнан

Атадан арналғандай озып туған.

Аталып «Қасым ханның қасқа жолы»

Мұра боп кейінгіге содан қалған.

2-жүргізуші: 

Қасым хан туралы сөз қозғасақ, бірден ойымызға ешбір жазба деректерде кездеспейтін, тек қана халық ауыз әдебиеті арқылы күні бүгінге дейін жеткен «Қасым ханның қасқа жолы» деген сөз тіркесі оралады. Бұл сөздің астарында үлкен мән жатыр. Ол — біріншіден, Қасым ханның өмірі, хандық билігі, сол жылдардағы Мауреннахрдағы шайбанилер әулетімен, Моғолстандағы шағатайлар әулетімен жүргізген саясаттың, қарым-қатынастың нәтижесі; екіншіден—Қазақ хандығын күшейтудегі, қазақ мемлекеттілігін нығайтудағы сіңірген енбегіне халықтың берген бағасы; үшіншіден — қазақ халқының этникалық, ұлттық территориясын қалыптастыру жолындағы атқарған жұмыстарының жемісі; төртіншіден — мемлекетті басқару ісіндегі келесі ұрпақтарға қалдырған өнеге жолы.

2-жүргізуші: 
Міне, осы Қасым ханның туғанына биыл 570 жыл толып отыр. Сол себепті де біз қалың қазақ жұртына Қасым ханның кім екендігін, қазақ халқының тарихи санасында қандай істерімен қалғандығын, қазақ тарихында алатын орнын көрсету мақсатымен баяндағалы отырмыз.

Назарларыңызға   Қасым хан туралы бейнебаянды ұсынамыз.

1-жүргізуші: 

Тарих ол уақытқа ұқсас толмайтұғын,
Қадамды қасыңа әкеп жалғайтұғын.
Тарих ол бір ғаламат алтын көпір,
Ұрпақты-ұрпақтарға жалғайтұғын.

2-жүргізуші: 
Біздің тарих бұл дегенің шежіре,
Азап пенен бақ сыйлаған еліне.
Көп болды ғой көз алартқан пенделер,
Қазағымның ұлан байтақ жеріне.

Ән «Ізін көрем». Орындайтын Оспанова Әлия.

1-жүргізуші:   «Қазақтың алтын ғасыры»- бұл елді-елдікке, ынтымаққа, бірлікке бастайтын  және сол  жолда жанын сала күрескен ерлерді туғызған заман. Тарихтың терең-терең қатпарларына көз жіберер болсақ, елдің есі мен санасында ұзіқ уақыттан бері сақталып келе жатқан небір орасан оқиғаларға куә  боламыз. Сол соқпақтардың  бойында еліне еңбек сіңіріп, қаһармандық қызмет атқарған ірі-ірі тұлғалардың өмірі мен тарихта  қалдырған іздері әлі күнге дейін сайрап жатыр. Өз заманындағы Тәуке хан сондай ардақты есімдердің ішінен ерекше орын алады. Салқам Жәңгір  атанған Жәңгір ханның  ұлы Тәуке  хан тұсында қазақ  хандығы саяси жағынан нығайған және бір орталыққа бағынған үлкен мемлекет болды. Оны Тәуке ханның үш жүзге және қырғыз бен қарақалпаққа билігі жүргенінен де көреміз.

2-жүргізуші:  Тәуке хан тұсында Сыр бойында қазақтың 32 қаласы болған. Қысқы ордасын Тәуке хан Түркістан қаласына орналастырды.Жазғы ордасы қазіргі Астана қаласына таяу, 10 шақырым жерде болған. Халық зердесінде қалған аңыздар бойынша да Тәуке хан билік жүргізген заман ең бір өркендеген алтын ғасыр ретінде қалған.

Оқушы: Ермек

Аталып Тәуке хан боп ел биледі,

Айырмай жарлы, бай деп тең биледі.

Артық қайрат, тапқыр ой болғандықтан,

Ешкім деп айта алған жоқ кем биледі.

1-жүргізуші: Тәуке ханның билік құрған кезеңі: 1680-1715жж. Яғни қазақ даласында 30 жылға жуық  хандық билік құрған. Тәуке  ханның  басты еңбегі-Қазақ  хандығының  ішкі  саяси ахуалын оңалту жолындағы еңбегі. Ол өзіне дейінгі «Қасым ханның қасқа жолы», «Хақназардың хақ жолы», «Есім ханның ескі жолы» деп аталған әдет-ғұрып нормаларына сүйене отырып, «Тәуке ханның Жеті жарғысы» аталған жинағын қабылдаған.

Назарларыңызға Тәуке хан туралы бейнебаян ұсынылады.

2-жүргізуші: Көрініс. 7, 8-класс оқушылары  «Әз Тәуке хан».

Қатысушылар:

-Елана-тарих үні;

-Тәуке хан- қазақ ханы;

-Төле би- Ұлы жүздің биі;

-Қазыбек би- Орта жүздің биі;

-Әйтеке би-Кіші жүздің биі;

-Көкім би-қырғыз биі;

-Сасық би-қарақалпақ биі;

-Қатаған Жайма би.

Елана ( «Көш керуен» күйі орындалып тұрады):

-Батыр да, хан да, қара да өз заманының перзенті Тәуке хан сол дәуірде қазақ, орыс, қытай, жоңғар және басқа Шығыс халықтарының тарихында ірі қайраткер, көрнекті қолбасшы ретінде де елеулі орын  алған. Ол өз елінің өмірінде дипломат-мәмілегер, данышпан, айлакер қолбасшы, әдеттік құқық системасының реформаторы және ұлтының бірлігі мен жерінің тұтастығын сақтауға жан аямай күш салған  ірі мемлекеттік тұлға ретінде танылады.

    Тәуке ханның реформаторлық қызметінің сапынан ерекше орын алатын мәселе-қазақ қоғамының құқықтық жүйесін қалыптастыруда негіз болған «Жеті жарғының» орны ерекше. Мағжан Жұмабаев «Түркістан» деп аталатын әйгілі өлеңінде былайша суреттейді:

Әділ хан аз болды Назардайын

Алашқа Есім ханның жолы дайын.

Тәукедей данышпан хан құрған екен,

Басында Күлтөбенің құрылтайын.

Ал кезінде Тәуке ханның әрі елшісі, әрі кеңесшісінің бірі болған Қожаберген жырау «Жеті жарғының» пайда болуы хақында былай дейді:                                                                                                                                                                                                                                                    

Жәңгірден соң орнына Тәуке қалды,

Кезінде әз-Тәуке деп атақ алды.

Қазыбек, Төле, Әйтеке ақылшы боп,

Дейтұғын «Жеті жарғы» заң шығарды.

Тәуке хан (ойлы, тақ үстінде отыр):

-Уа, жұртым, алты Алашқа аты шыққан қазақтың игі жақсылары!

Бүгінде Күлтөбенің басына жайдан-жай жиылып отырған жоқпыз. Бабаларымыз Қасым ханның «Қасқа жолын», Есім ханның «Ескі жолын» жалғастыра  отырып, ел тыныштығын сақтайтын, тентекті түзейтін Жарғы қабылдап, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманға» жетуіміз керек.

   Бабадан мирасқа қалған жерді сақтау, нығайту үшін, ең алдымен, дау-жанжалдың негізі болған көшпелі елдің мал жаятын жайылымын, қоныстарын дұрыс жолға қою қажет. Олай болса бірінші жарғы-Жер дауы  болсын. Бұдан былай  жайылымдар ру-ру болып пайдалануға беріліп және әр ру белгіленген аймақтың шеңберінде ғана көшіп-қонуға мүмкіндігі бар болсын. Белгіленген жер межесінің шеңбері рудағы түтін саны мен мөлшеріне қарай бөлініп, жерді пайдалану барысында дау туатын болса, ру басшылары, билер әділетті шешім шығаруы қажет.                                                                                                                                                                

( «Әділ сөз», «дұрыс айттыңыз», «көреген шешім», деп  Билер қостайды).

Тәуке хан: Ал енді Ұлы жүздің бас биі, Төле би сен не айтасың?

Төле би:

-Жыртық үйден  жел гулесе, сол жаман.

Өлім-бесік әлдилеген сол жаман.

Ұрлық, қарлық, барымталап мал тауып,

Берекесін елдің алған сол жаман,-олай болса, екінші жарғымыз ұрлық, қарлық, барымтаның жолын қиып, ел тыныштығын қорғайтын заңымыз болсын.

( «Әділ сөз», «дұрыс айттыңыз», «көреген шешім», деп  Билер қостайды).

Тәуке хан:Ал енді Орта жүздің бас биі Қаз дауысты Қазыбек биге сөз берейік.

Қазыбек би:

Біз қазақ деген-мал баққан елміз,

Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт-береке қашпасын  деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз,

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Басымыздан сөзді асырмаған елміз,-келесі жарғымыз ұлт қауіпсізідігін қамтамасыз ету болсын.

( «Әділ сөз», «дұрыс айттыңыз», «көреген шешім», деп  Билер қостайды)

Тәуке хан: Келесі сөзді Кіші жүздің бас биі Әйтекеге берейік.

Әйтеке би:Қазақ Ордасын нығайту үшін, ең алдымен, бет-бетімен ру-руға бөлініп, бір-бірімен қырқысып, ел берекесін алған рулар арасындағы дауын шешіп, елдің ұлттық бірлігін сақтауымыз керек. Алты Алаштың баласы бір-біріне жау болса, елдің ертеңі не болмақ? Келесі жарғымыз ру арасындағы  дауды шешуге арналған заңымыз болсын.

( «Әділ сөз», «дұрыс айттыңыз», «көреген шешім», деп  Билер қостайды).

Тәуке хан:Келесі сөзді қырғыз Көкім биге берейік.

Қырғыз Көкім би:

«Аға өлсе, жеңге мұра; іні өлсе, келін мұра» дегендей, аға өлсе, іні мұрасы, іні өлсе, аға мұрасы, жетімдеріміз бен жесірлеріміз ел кезбесін десек келесі жарғымыздың бірі-жесір дауы болсын.

( «Әділ сөз», «дұрыс айттыңыз», «көреген шешім», деп  Билер қостайды).

Тәуке хан:Қарақалпақ Сасық би, жарғыға қосарың бар ма?

Қарақалпақ  Сасық би:

Балаң жаман болса,

Көрінгеннің мазағы емес пе!

Әйелің жаман болса,

Бұл жалғанның тозағы емес пе!

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения