Seitbayeva Elmira Zufarovna
Должность:учитель информатики
Группа:Посетители
Страна:Kazahstan
Регион:Алматинская область, Сарканский район, с. Пограничник
13.04.2015
0
347
0

Информатикадан ашық сабақ. Тақырыбы: Word Pad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері.

 

Сеитбаева Эльмира Зуфаровна  информатика пәні  мұғалімі, І деңгейлі мұғалім

 

Тақырыбы:  Word Pad  мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері.

Мақсаты :

Word Pad  мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктерімен танысу

Міндеттері:

7 модель идеялары бойынша әдіс –тәсілдерін қолдана отырып оқушыларға қалай оқу керектігін үйрету.

Сабақтың түрі

 

Күтілетін нәтиже:

Word Pad  мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктерімен анысады, іс-тәжірибесінде қолдана алады.

 

 

 

Кезең

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс әрекеті

Бағалау

Ресурстар, құралдар, көрнекіліктер

І

3 мин

 

Ұйымдастыру

Амандасу, сыныпқа ынтымақтастыру атмосферасын қалыптастыру. Оқушыларды кеспе қағаздар арқылы топқа бөлу : «компьютерлер» екіншісінде жауаптар берілген".

1.                 Мұғаліммен сәлемдесу

2.                 Мұғалім журнал бойынша түгелдеу кезінде оқушылар өз аты,тегін айту.

3.                 Оқушылар өз оқу құралдарын партаның үстіне қойып күнделікті дағдысын іске асыру.

Мұғалім сабақты бастаған кезде сыныпта тыныштық сақтап, ұстаздың сөзіне құлақ салу.Сабақты жақсы көңіл күймен бастайды. Қағаз қимасы арқылы топқа бөлінеді.

 

Компьютер, телефон суреттери  қима қағаздары

6 мин

 

Үй жұмысын сұрау

Презентация жасалған тест жұмысы мен  және ребус арқылы. Тест сұрақтары:

1. WordPad  мәтіндік редакторын қалай жүктейміз?

 2.Формат-Шрифт командасын орындау арқылы...

3.Жолды түгел бас әріптермен теру үшін қай пернені пайдаланды?

4.WordPad программасының құжатын бірінші рет сақтап қою үшін .....

5.Дискіде сақтаулы тұрған құжатты ашу үшін ...

6.WordPad –та жұмыс істеу барысында жаңа құжат жасау үшін .....

7. Құжаттың қағазда қалай көрінетіндігін қарау үшін қандай команда орындау қажет?

8. Құжатты баспаға беру командас

9  – батырмасының қызметі

10.Белгіленгенді алмасу буферіне көшіру батырмасы                      11.Активті құжатты ағымдағы үнсіз келісімді пайдаланып басып шығару батырмасы

Параққа тесттің жауаптарын белгілейді және презентация арқылы дұрыс жауаптарын қөрсету арқылы өздерінің жауаптарын дұрыстайды.

Формативті Өзін- өзі бағалау

Презентацияда жасалған тест және ребус

ІІ

 

15 мин

       WORD Pad- мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы. Ол-мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу операциялды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторының бірі.

Оқушылар зер қойып тыңдау, керек жерін дәптерге түртіп отыру.

Формативті бағалау, стикерлер

Постер

 

16 мин

Графикалық обьектіні кірістіру үшін келесі әрекеттерді орындаңдар.

 

a.       Paint  редакторын пайдаланып сурет салыңдар немесе дайын суретті суреттер кітапханасынан алыңдар.

b.      Суретті белгілеңдер (яғни оларды Paint  редакторындағы бөліп алу батырмаларының көмегімен қиып алу керек.)

c.       Правка менюінен Копировать немесе Вырезать командаларының бірін таңдаңдар.

d.      Суретті кірістіретін мәтінді ашыңдар.

e.       Меңзерді құжаттың суретті кірістіретін жеріне орналастырып, Вставить батырмасын шертіңдер немесе Правка-Вставить командасын орындаңдар.

f.       Суретті тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып іліп алыңдар да, мәтіннің тиісті жеріне  орналастырыңдар. 

 

Осы тақырыпты ала отырып өздеріне берілген тапсырманы жұппен орындайды және сақтайды. Біткеннен кейін түсіндірме жүргізу.

Формативті Өзін- өзі бағалау

Компьютер, суреттер, мәтін

ІІІ

3 мин

 

Қорытынды

«Уақыт шеңбері»

Барлығы орындықта немесе еденде шеңбер құрып отырады. Сөйлеуші ғана ұстайтын зат бар

Кері байланыс

Білемін, білгім келеді, не үйрендім сұрақтарына өз ойларын стикерге жазды.( INSERT әдісі)

Формативті бағадан сумативті бағалау

Стикер.

1 мин

 

Үйге тапсырма. Word Pad интерфейсімен танысу, мәтіндік редактордың ұғымы, мүмкіндіктері

 

 

 

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения