Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
12.04.2015
0
613
0

8 Наурыз-аналар мерекесі

Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

№44 "Мерей" МКҚК бөбекжайы 

Тәрбиеші

Джумагазиева Каламкас Кадиргалиевна

Мақсаты: балаларға аналар мерекесі туралы түсінік беру;

Білім міндеті:  ана тақырыбына байланысты білетін өлең-жұмбақтарды айтуға, ананың әр адамның өмрінде қаншалықты ролін әңгімелеуді үйрету;

Дамыту міндеті: балалардың ойлау қабілеттерін  дамыту;

Тәрбиелеу міндеті: өз анасы туралы әңгімелете отырып, аналарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу;

Алдын-ала жұмысы: Балалармен түрлі мерекелер туралы әңгімелесу;

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік, түсіндіру, көрсету;

Көрнекілік құралдар: Аналар мерекесіне байланысты суреттер, тақпақтар;

Билингвалды бөлім: Ана-мама, әке-папа, отбасы-семья, сыйлық-подарок, 8 наурыз-8 марта

 

Мотивациялық-ояту бөлімі: Тәрбиеші балалардан қандай мерекелерді білетіндерін сұрайды.

8 наурыз атты бір тамаша мереке жақында келе жатыр. Бұл аналардың көктем мезгілінің ең алғашқы мерекесі. Аналарға гүлдер, сыйлықтар сыйланады. Бұл мереке тек аналарды ғана емес, ол әжелердің де, әпкелердің де, қарындастардың да, қыздардың да мерекесі.

Т. Молдағалиевтің «Ана» туралы өлеңін мәнерлеп оқиды.

 Айтсаң болды тіл алам,

  Әйбат мамам, ай мамам!

                                               Сені көрсем қуанам,

                                               Сен керексің қайда да!

 

Ізденушілік-ұйымдастыру бөлімі: - Иә, ана сөзі дүниедегі ең қымбатты, асыл сөз. Ананы бүкіл жер бетіндегі адамдардың бәрі сыйлайды, жақсы көреді.

- Ал сендер аналарыңды сыйлайсыңдар ма? Иә, сыйлаймыз.

- Олай болса мен сендерге қазір Е. Хасанғалиевтың «Анаға сәлем» деге бір тамаша ән қосқым келіп тұр.

 Тәрбиеші әнді қосады. Балалар тамаша әнді тыңдайды.

- Осы ән арқылы біз аналарымызға қазір ыстық сәлемдемемізді жібереміз.

- Әннің аты қандай? Әннің аты «Анаға сәлем»

- Әннің авторы кім? Оның авторы Е. Хасанғалиев.

- Кім аналар туралы өлең біледі? Аналар туралы балалар әндерді кезек-кезек орындап береді.

Дидактикалық ойын «Аналар күні»

 

Тәрбиеші аналар туралы мақалдар айтады.

Анаңа рақым ет.

Ақылды қызға ана көп.

Аяулы жанға пана көп.

-Балалар, сендер білесіңдер ғой, аналар күні әкелер аналарыңа сыйлықтар береді. Сендердің әкелерің аналарыңа сыйлық дайындап жатыр ма?

-Сендер аналарыңа қарапайым сурет салсаңдар да аналарың сендерге өте риза болады. Солай ғой, балалар? Иә, дәл солай.

- Олай болса, қазір сендер мына қағазға өздерің аналарыңа қандай сыйлық сыйлағыларың келеді, соны суретке салуларыңды ұсынамын. Балалар өз беттерінше бейнелейді.

Рефлексивті-түзету

бөлімі: - Балалар, аналарың сендерге өте риза болады. Мұны мен суреттеріңнен көріп жатырмын. Балалар өз суреттер нәтижесіне қарап, қуанады.

Балалар не салғанаын талқылайды.

ҰОІ туралы өз ой-пікірін айтады.

Балалардан аналарына не салғанын сұрайды.

Оқу іс-әрекет туралы пікірлерін сұрайды.

-8 наурыз құтты болсын!-деп тәрбиеші оқу іс-әрекетін  қорытады.

Қорытынды.

 

Күтілетін нәтиже:

Білді: балалар түрлі мерекелерді атай білді

Үйренді: аналар туралы өздігінен әңгіме айтуды үйренді

Игерді: түрлі бояулармен өз беттерінше бейнелеу дағдысын игерді.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения