Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
22.11.2012
0
1727
0

Арттағы сөзің мен ісің қалса

 

Год: 2012

Страна: Казахстан

Қызылорда облысы Әйтеке би кенті

№216 Қ.И.Сәтбаев атындағы орта  

                                                                          мектептің қазақ тілі мен әдебиеті

                                                                          пәні мұғалімі  Өтегенова Лиза

 

«Арттағыға сөзің мен ісің қалса»

 

      Кештің мақсаты: Шәкәрім Құдайбердіұлының ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні маңызына  тоқталу.

   Шәкәрім өлеңдерін нақыштап оқу дағдысын  жетілдіре отырып, рухани  танымын кеңейту.

   Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып,  адамгершілікке  тәрбиелеу.

 

      Көрнекіліктері: Түрлі түсті альбомдар,  ақынның портреті, кітаптар бұрышы,  көрініске құрал – жабдықтар, домбыра, плакаттар,  шарлар.

 

Кештің барысы:

Жүргізуші: Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

 Жырымен жан сусынын қандырған кім?

 Өзіне - өзі орнатып ескерткішті

 Мұра қып кейінгіге қалдырған кім?

Ерте оянып, ойланып, ер жеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Қажы боп, имандылық ізін салған,

Өмірін  халқы үшін сарп қылған кім?

(Сахнаға Шәкәрім суреті түсіріледі)

      Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бұл кеш сүйікті  ақынымз өз заманының озық ойлы, парасатты да білімдар азаматы,  қазақ халқының тұлғалы таланттарының бірі, ұлы Абайдың мирасқоры ШГәкәрім Құдайбердіұлының 150 – жылдығына арналады. Шәкәрім мерекесі – халық мерейі боп, Шәкәрім биіктеген сайын қазақ та биіктей береді. Сол биіктен көз жазбау – біздің  парызымыз да, қарызымыз. Қара өлеңнің алыбы, даланың дархан данасы Шәкәрім ата! Өзіңнің үміт күткен ұрпақтарың сіз туралы  ойлап – толғап сыр шертпек, ұлы бабам! Туған топырағыңның торқасынан  тұрып,  бір сат болса да бізге орал, ортамызда бол!

Сахнаға Шәкәрім – оқушы шығады. «Адамдық борышың» өлеңі оқылады.

 

Жүргізуші:  

     Ақындық өнерді сән үшін емес, қарапайым қалықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтау үшін пайдалану қажет  екеін түсінген Шәкәрім өзінің алғыш ірілі – уақты өлеңдерінде – ақ бай мен билердің, төрелердің елге жасағанқиянатын әшкерелейді. Халық мүддесін өз өлеңдеріне арқау етеді. Шәкәрім шығармаларының тақырыбы әр алуан. Ол бірлігі күшті елді, тасыған халық алдындағы  азаматтық борышты, жалынды жастықты жырлады. Ендеше, Шәкәрімнің сондай жырларының бірнешеуін тыңдап көрелік.

     Сахынаға Шәкәрім өлеңдерін жатқа айтатын оқушылар шығады. «Жолама қулар маңайға», «Жастарға», «Жасымнан жетік білдім», «Ашу мен ынсап», «Жапанда жалғыз жатып елден  безіп» атты өлеңдері оқылады.

 

Жүргізуші:

      «Абай шәкірттерінің ішінде көп жазғаны да,  көп жасағаны да осы Шәкәрім. Ол әрі лирик, әрі эпик ақын, әрі прозазик, күйші, сазгер. Ол терең  ойшыл, әрі бармағынан мөр тамған  сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаз, үлкен  мәдениет қайраткері» - деп Абай шәкірттерінің шығармашылығын түбегейлі зерттеп жүрген ғалым Қайым Мұхамеджанов  айтқандай  және де Шәкәрімнің баласы педагог, әрі ақын Ахат Құдайбердиевтің сөзіне сүйенсек , ақын өнердің басқа  түрлеріне де зер салған. Аса шешендік, тапқырлықпен талай шиеленіскен дауға билік айтқан. Ою - өрнек сызып, тасқа бедер салған.  Бойға қонымды, ықшам, әдемі киім үлгісін ойлап тауып, жеңгелеріне  де киім пішіп берген, Өзі домбыра, скрипка, мандалина жасайтын шебер де болған. Жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы ұстап, аңшылық, саятшылық құрған және де күй жазуға да машықтарған. Олай болса,  келесі кезекті Шәкәрім күйіне берсек.

Сахнада оқушы Шәкәрімнің «Ала байрақ» күйін орындайды.

 

Жүргізуші:

      Шәкәрім – сәні мен сазын бүгінге дейін жоғалтпаған әуезді әндердің туындыгері, кеудесі күмбірлеген сазгер еді. Өнердің қоғамдық күшін, адам өміріндегі  қызметін тереңдей көрсетуге ақынкөптеген өлеңдер жазған. Сол өлеңдері  арқылы  өзінің әдебиет туралы ойларының өлеңмен, әнмен, күймен байланысын көрсетеді.

«Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй...» - деп Абай атамыз жырлағандай келесі кезек әнге беріледі.

Сахнада оқушы Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әнін  орындайды.

 

Жүргізуші:

     Шәкәрім – келешек ұрпағына өнеге - өсиеті мол туындылар қалдырған қаламы жүйрік жазушы болатын. Ол бір кездері  өзі жазған дастандары жөнінде пьеса жассам деп армандаған екен. Сол арманы орындалып,  ақын ойын кейін жазушы  Мұхтар Әуезов жүзеге асырып «Еңлік - Кебек» пьесасын жазды.

Сахнада «еңлік - Кебек» пьесасынан үзінді қойылады.

 

Жүргізуші:

    «Алдыңғының соқпағын артқы түзер» деп ойшыл Шәкәрім  Құдайбердіүлы айтып кеткендей, қоғам өмірінде  орын алған қателіктерді  тарих  өзі  тезге  салып,  ақиқаттың үстемдігі  орнады. Бес арысымыздың  ортамызға  оралып, әдебиетіміздің  дамуына үлес қосқан тұлға  таланттардың шығармашылығын  тануға  жол  ашылды. Қазіргі таңда  ақын  шығармалары  қайта  жинақталып, мемлекет  тарапынан қолдау көрсетіліп, ақын  өлеңдерінің жинағы, энциклопедиясы жарыққа  шықты.  Шәкәрімнің  жырлары  ғасырлар  бойына бір тұтанып, бір сөнген, сөйтіа қайта лауланған қазақ халқының өз жыры, өз сыры, бақ қонып, қызыр дарыған ақыны. Сондақтанда ұрпағының сырласындай, қимасындай халық пен поэзияның өзі секілді мәңгі жасай береді.

Өлмейсің мәңгілікке ғұлама ақын,

Себебі, жанашыр көп саған жақын.

Сөздерің жетелейді парасатқа,

Өмірің өнегелі жұртқа айқын

 

      Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Осымен Ш.Құдайбердұлының шығармашылығына арналған поэзиялық кешімізді жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Көңіл қойып  тыңдағандарыңыз үшін рахмет! 

Скачать урок

otegenova-liza.doc [39,5 Kb] (cкачиваний: 8)

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения