Макашева Гульмира Дюсенбаевна
Должность:Учитель английского языка
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Павлодар
09.04.2015
0
996
0

Ағылшын тiлiн ойын арқылы үйрену

 

 

Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы

 

"№9 сәбилер балабақшасы"

 

 ағылшын тілінің мұғалімі:

 

Г.Д. Макашева.

 

 

 

 «Ағылшын тiлiн ойын арқылы үйрену»

 

«Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі». 

 

Ағылшын тiлiн үйрену арқылы балалар бiлiм дегейiн көтерiп, өз халқы мен басқа халықтар арасындағы ұқсастықтар мен ерекшелiктердi ажыратуға дағдыланады. Сөйтіп, өз пiкiрi қалыптасады, түрлi елдер мәдениетiн үйренедi. Ал оқытуды жақсарту дегеніміз, меніңше, балалардың пәнге деген қызығушылығын ояту. Ойын арқылы баланың есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамытуға болады. Ойын балаларды сөйлеуге психологиялық жағынан дайындап тіл материалын бірнеше рет қайталауға мүмкіндік береді және керекті сөз біріктелерін таңдауға жаттықтырады. Ағылшын тілінде сөйлеуді, қарым қатынас жасауды, коммуникацияға үйретуді ниет еткен әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығулардың бір түрі ретінде ойындарды қолданатыны сөзсіз. Ойын арқылы бала білім алуға, оқуға қызықтыра отырып тұлғаны дамуын қалыптастыруға болады. Ойын – оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. «Ойын» ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез - құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде іс-әрекеттің бір түрі. Ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқырады:

 

· Ойын – сауық

 

· Коммуникативтік немесе қарым-қатынастық

 

· Диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану)

 

· Коррекциялық (өзін-өзі түзету)

 

· Әлеуметтендіру

 

 

Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Ойын балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін қалыптастырады. Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық, қажеттіліктерімен санасуы әр оқушының жеке әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімен арттырады.

Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар, грамматикалық ойындар, ұлттық ойындар, т.б. Мұндай ойындар баланы жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары балалардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.

 Сондықтан мен ағылшын тілі сабағы ойын арқылы өткіземін. Ол өте пайдалы, қызықты және оңай. Балалар жаңа сөздер мен фразалар тез есте сақтап жаттап алады.

 

 

Ағылшын тiлiн ойын арқылы үйрену Ағылшын тiлiн ойын арқылы үйрену Ағылшын тiлiн ойын арқылы үйрену Ағылшын тiлiн ойын арқылы үйрену Ағылшын тiлiн ойын арқылы үйрену
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения