Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
08.04.2015
0
654
0

Балаларды мектепке дайындаудағы еңбектің маңызы

Қазақстан, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

№2 «Жанар» балабақшасы

 Тербиешісі

Кеңесбаева Қыбат Сыдыққызы

Еңбек қуанышы –еңбек адам іс-әрекетінің басты түрі ретінде адамзат сеземінің ең жоғарғы нысаны болып табылады. Осы сезімді балалар бойында дер кезінде тәрбиелеу балалармен жұмыс істейтін педагогтар мен ата-аналардың міндеті болып табылады. Егер мектепке дейінгі жаста бала бойына еңбексүйгіштігі тәрбиелемесе ,кейінгі жылдары бұл жұмыс елеулі қиын болады. Еңбек әрекеті баланың жалпы дамуын ,қызығушылық өрісін кеңейтіп, қарапайым ынтымақтастық  қасиеттерін туғызады,еңбекқорлық,тапсырған іске жауапкершілікпен қарау ,парыз сезімі,өзіне-өзі сенімділік лидерлік қасиет,мақсатқа жетуге ерік-жігер тәрізді қасиеттерді қалыптастырады.

        Еңбек процесі кезінде баланың ойлау әрекетіне тікелей әсер ететін саусақтарының ұсақ момторикасы ,сөйлеу қозғалысы апаратты жетіледі.Дұрыс ұйымдастырылған еңбек сабақтарының педагогикалық ықпалы көп.Ересектердің шеңбер басшылығы арқасында бала еңбектің не екендігін түсініп,еңбек машықтарын алады,қандайда бір жұмысты өз бетімен орындай алу тәжіриебесін жинақтайды.

        Еңбек тәрбиесі мектепте оқуға дайындаудың қажетті шарты болып табылады.

Жастайынан еңбекке баулынған бала мектепте өздігімен, ұйымдасқанымен,

жинақтылығымен,өз-өзіне қызмет ете білуімен ерекшеленеді.

        Баланы әлі келетін еңбекке тарту ,ересектердің жұмысымен таныстыру жеке тұлға етіп қалыптастыруға ізгілік және ерік-жігер қасиеттерін дамытуға көмектеседі.

       Балалардың мүмкіндіктерінің артуына байланысты еңбек әрекеті көлемі ,мазмұны және орындау тәсілі күрделене түседі. Бұл ересектердің (тәрбиешілердің ,ата-аналардың)арқасында мүмкін болады.

                

            Мектеп алды жасындағы балардың еңбекке тарту міндеттері

 -еңбекке оңды қөз қарас қалыптастыруға ;

-еңбек әрекетіне әлеуметтік –психологиялық дайындығын қалыптасытру;

-еңбек мәдениетіне тәрбиелеуге ;

-еңбек әрекетін белгілі бір ретпен жүзеге асыру.

-тиімді еңбек тәсілдерін қолдану,қауіпсіздік ережелері мен жеке бас тазалығын сақтау,жұмыс орнында реттілкті сақтап ,материалды үнемдеу. Аралық және соңғы еңбек нәтижесінің сапасын бақылау;жұмыс орны мен жабдықтарын жинау;

-ересектердің тапсырмасын дәл ,реттілікпен орындау,асханадғы,сабақтағы,табиғат бұрышындағы кезекшілік міндеттерін өз бетімен орындай білу білігін қалыптастыру;

-ұжымдық еңбекке қатысу,бастама көтеру,еңбекте шығармашылық таныту;

-өз қалауымен ,ересектер мен құрбыларының сұрауы бойынша әр түрлі еңбекке қатысу;

-оңды күш салулар мен нәтижелерді,өзара қарым-қатынас тәжіриебелерін мадақтау.

                             Бала еңбегін ұйымдастыру түрлері.

           Еңбек тәрбиесі сабақтарда және басқада оқу-тәрбие процестерінде жүзеге асырылады:кезекшеліктерде,тапсырмаларды орындағанда,топ бөлмесін жинауда,бақшада,гүлзарларда ,үйдегі ұжымдық жұмыстарда.

         Шартты түрде тұрмыстағы еңбек,табиғаттағы еңбек (өсімдіктер мен жануарларды  күту),қол еңбегі (ағашпен ,матамен,табиғи материалдармен)және өзіндік қызмет еңбегі деп бөлуге болады.

Мектеп алды топтарында балалар еңбегін ұйымдастырудың бірнеше нысандары бар.Бұл тәрбиешінің жоспарында көрсетіледі.

«Жалпы еңбек»

       Жалпы еңбек әркім өз жұмысын орындауы мен жалпы нәтижесінің тәуелділік түсінігін қалыптастырады.Бұл тәуелділік жұмыс аяқталғаннан кейін көрінеді.Тәрбиеші соңғы нәтижеге көңіл аудару үшін ,балалар жұмысты бір мезгілде аяқтайтындай етіп ұйымдастыруы керек.

         Жалпы еңбекті ұйымдастырғанда тек өзіне ғана емес ,жолдастары үшінде ,өзара көмек,ортақ жұмыс үшін өз қалауына бағыну жауапкершіліктері де тәрбиеленеді.

         Еңбек процесі операцияларға бөлінсе, ,ұжымдық әрекет айқын көрінеді.Операцияларға бөлу шаруашылық –тұрмыстық ,табиғаттағы еңбекте жиі қолданылады.Бұл жерде балалалр тапсырманы алдын-ала меңгеру өте маңызды.Еңбек процесі шамамен 3-4 операцияға бөлінеді.Одан әрі бөлшектеп бөлу бұл жастағы балаларды еңбек процесіне тоық қамтуды қиындатады.Ол еңбек интенсивтілігі мен балалардың физикалық дайындығыннан тәуелді.

Бірлескен жұмысты дұрыс ұйымдастыру балалардың өзіндік болуын жетілдіреді.Олар жұмысты жосапрлап,тапсырмаларды бөлу қиын болған жағдайда біріне –бірі көмектесуге үйренеді.

          Кезекшілік.

           Бұл жастағы балалардың кезекшілік түрін күрделендіру балалардың ой жәнне практикалық еңбектерін өз бетімен шеуге жағдай жасау арқылы жүзеге асырылады.

Сабақтағы кезекшілікті ұйымдастырғанда кезекшілер жұмысын ой белсенділігі мен оқу әрекетінің ұалыптастыруы мен ұштастыру керек.

Асханадағы және сабақтағы кезекшілер күн сайын ауысып отырады.Асханадағы кезекшілік кезінде бала өз бетімен шешім қабылдайтындай жағдай туғызу керек, мысалы мәзірді білу және үстелді жабдықтау ,ертеңгілік асқа қасық,шанышқылар кішкентай және шұңғыл тәрелкелердің қажеттігі т.б.

          Табиғат бұрышындағы кезекшілік күрделірек болады.Тәрбиеші жыл басында нені қалай,не үшін істеу керектігін көрсетеді, түсіндіреді және естеріне салады.Кейін жұмысты бақылап,қабылдап  отырады. Күн соңында кезекшілер жұмысына баға беріп отыру қажет.

         Еңбек тапсырмалары.

        Еңбек тапсырмаларын бір немесе бірнеше балаларға бір мезгілде беруге болады.Тапсырма мазмұны балабақшаның жағдайына байланысты топтастырады.

Тапсырмаларды орындағанда балалар бірнеше ережелерді меңгеруі керек:

1.Тапсырманы мұқият тыңдау;

2. Жұмысқа кірісу;

3. Алаңдамау;

4. Жұмысты тиянақты ,аяғына дейін орындау;

      Балалар жұмысының нәтижес міндетті түрде обьективті баға беріледі.Бұл балалардың өзіндік баға беруін қалыптастыралы.

     Еңбекті дұрыс ұйымдастыру балаларды өзіндік болуға баулиды.Олар келісіп,тату,жұмыс істеуге.келіспеушілікті шешуге ,еңбек нәтижесін бағалауға үйренеді. Бұл қасиеттердің барлығы балаларды мектепке дайындауда шешуші рөль атқарады.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения