Хамзаева Бахыт Халеловна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
08.04.2015
0
475
2

Дүниетану пәнінен өткізілген ашық сабақ "Өсімдіктерді қорғау"





Сабақтың тақырыбы: Өсімдік дүниесін қорғау

Сабақтың мақсаты:

1) Өткен  сабақтарды  пысықтай  отырып, оқушылардың  білімін тереңдету, нығайту, қорытынды жасау.  Өсімдіктерге қамқорлық жасау, қорғау жайлы түсініктерін кеңейту.

2) Пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой - өрісін, тіл байлығын, түрлі тапсырмалар арқылы ақыл - ойын дамыту.

3) Табиғатты құрметтеуге, аялай білуге, қорғауға үйрету, еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрекілігі: өсімдіктердің суреттері, слайдтар, кестелер, сызбалар, «Қызыл кітап».

Әдісі: топпен жұмыс, сұрақ жауап, шығармашылық тапсырмаларын қорғау, түсіндіру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

Шаттық шеңбері: 

                                              Қайырымды жүрекпен,

                                              Мейірімді тілекпен,

                                              Ізгілікті ниетпен

                                              Қамқор болып өсемін. 
ІІ. Мақсат қою кезеңі. Сыныпты үш бірлестікке бөлу

                1-топ                                             2-топ                     3-топ

Өсіру  бірлестігі                               Пайдалану бірлестігі               Қорғау бірлестігі

ІІІ. Бүгінгі сабақта.

1.      Ой шақыру: Сұрақтар

1. Біздің елімізде  өсімдіктердің  қанша  түрі  өседі?

2. Өсімдіктердің  өсіп-жетілуі  үшін  қандай  жағдайлар  қажет?

3. Өсімдіктердің  бір-бірінен  ерекшелігі  қандай?

4. Өсімдіктер  қанша  жыл  тіршілік  етеді?

5. Өсімдіктер  өсіп-өну  ортасына  байланысты  қандай  топтарға  бөлінеді?

 

2.      Топтық жұмыс:

1-бірлестік: Ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер

2-бірлестік: Жылу сүйгіш және суыққа төзімді өсімдктер

3-бірлестік: Жарық сүйгіш және көлеңкеге төзімді өсімдіктер

 

3.      Сергіту сәті

 

Ал, досым, тұрайық,

Серігіп  алайық.

Қолыңды  шаршатпа,

Созып  ал  жан-жаққа.

                                                    Ал, досым, тұрайық,

                                               Демалып  алайық.

                                               Зор   ынта – жігермен

                                               Сабаққа  қарайық.

 

4.      Семантикалық карта.

5.      Ойын «Сәйкестендір»

 



Емен                                              Жабайы


Итжүзім                                        Құрғақышылыққа төзімді



Күнбағыс                                      Мәдени өсімдік

Сексеуіл                                        1000 жыл

Бидай                                             Екі жылдық

 

6.      Шығармашылық тапсырма: «Жадыңда сақта!»

 

  Гүлді жұлма                                                                                              Орманды отама

Көкті таптама                     Жаслы ел                                

Гүл егіп, жерді қорға                                        Бұтақта сындырма                                                                                                                                

 

       
       

7.      Тест жұмысы

 


1. Өсімдік – тірі организм
Қайсысы дұрыс деп ойлайсың?.
а) Өсімдік өседі, өнеді, қурайды
б) Өсімдік - өлі табиғатқа жатады.
в) Өсімдіктердің пайдасы өте аз.
2.
Өсімдікке тірі организм ретінде не керек?
а) ауа, жайлы жер, бөлме
б) ауа, жылу, жарық, су, топырақ
в) тамақ, су, топырақ
3. Өсімдік түрлері.
Қайсысы дұрыс деп ойлайсың?.
а) таңқурай - бұта
б) шырша - жалпақ жапырақты
в) өсімдік ағаш, бұта, шөп болып бөлінеді .
4.Жыңғыл қай топқа жатады?
а) ағаш
б) шөп
в) бұта

5. Өсімдік мүшелері
Өсімдік мүшелері қалай бөлінеді деп ойлайсың?
а) тамыр, жеміс, сабақ
б) тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым
в) тамыр, жапырақ
6.Тамыр қандай қызмет атқарады?
а) су әкеледі, қорек жасайды
б) су әкеледі, топырақта бекітіп ұстап тұрады
в) жарық , жылу береді
7.Судан қоректік заттар жасайтын өсімдіктің қай мүшесі?
а) тамыр
б) сабақ
в)жапырақ
<!-- [if !supportLineBreakNewLine]-->

 


8.      Оқушылар өз ойларын қорытып, дәлелдеуі.

1-топ    «Өсіру бірлестігі» - Өсімдіктердің өсіп-өнуі, қолдан баптап өсіру, бағбан еңбегі.

2-топ    «Пайдалану бірлесігі» - Өсімдіктердің маңызы, пайдасы.

3-топ    «Қорғау берлестігі» - Өсімдіктердің әлемін сақтау, қорғау, «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер.

 

9.      Бағалау

3-4 смайлик – «3»

5-7 смайлик – «4»

8-ден көп болса – «5»                                                                                               

 

V. Рефлексия.

 

Табиғат байлықтарын қорғай білу – азаматтық борыш. Әрбір адам табиғатты қорғауға және сақтауға міндетті. Бір тал кессең, он тал ек! Бүгінгі сабақ бойынша пікірлерін жазып, табыс ағашына іледі.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения