Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
07.04.2015
0
274
0

Ана - біздің күніміз

Қазақстан, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
М.Б.Ықсанов атындағы №36 ОЖББМ
Мектепалды дайындық тобының тәрбиешісі
Шарафутдинова К.И.

Сабақтың мақсаты:

Аналар мейрамы туралы түсінік беру.

Ананы сыйлауды, құрметтей білуге,қамқор болуға тәрбиелеу.

Өз өнерін еркін көрсетуге үйрету.                           

Кіріспе сөз.

Құрметті ұстаздар,қонақтар,ата-аналар   «Ана-біздің күніміз»          атты ертеңгілік кешімізге қош келдіңіздер.

Бала,бала,бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Құрметті ұстаздар, аналар ,қыздарКөктемнің алғашқымейрамы 8-наурыз халықаралық әйелдер күні құтты болсын.Сіздерге зор денсаулық,жақсылық, қуаныш тілейміз.

-Балалар,қазір қандай мезгіл?

-Бүгін қандай мейрам?

-Аналарыңды қалай көресіңдер?

-Аналар сендерді қалай еркелетеді?

-Аналарыңа не сыйлар едіңдер?

Қонаққа көктем келеді –Саламатсыздар ма,балалар.Мен көктеммін .Мен сендердің өнерлеріңдіріңді көруге келдім.

-Сендер ән айту білесіңдер ме?

-Онда бәріміз ән айтайық

Ән: Ақ мамам.

Анасына арнаған тақпағын айтуға ортаға Нұрсұлтан,Зере,Айдын,Малика,Айкүн,Айбат ,Дильназ,Ұланшығады.

Нұрсұлтан

Айналайын, анашым,

Жұмысыңа барасың,

Қайтып мені көргенше,

Шын сағынып қаласың.

 

Зере

Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі.

Шаншымасын ешқашан,

Аналардың жүрегі.

 

Би:  Балалық шақтың көктемі.(қыздар)

Тақпақ айтуға ортаға Ерсұлтан,Фархат,Айша,Бекзат,Дана шығады.Ерұлтан

Әже деген көп шығар,

Әжемдейі жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі,

Қандай ғажап күлкісі.

Бәрімізге анасың,

Біз үшін көп жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймыз анашым.

 

Фархат

Өзіңсің мені өсірген,

Айналайын ақ әжем.

Еркелікті кешірген,

Қадірменді дана әжем.

Жақсылық тілеген,

Анашым данасың.

Осынау дүниеде,

Біз үшін дарасың.

 

Көрініс: «Жиренше шешен».

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін.»

Тақпақ айтуға Алиннұр,Ақбота,Арнұр,Даниса,Ақжан,Мейіржан,Рамазан. шығады.

Аналарға арнап ұлдар би билейді.( қалпақ)

Тақпақ айтуға Ақторғын,Бексұлтан,Дария,Асель, Нұрғали шығады.

Ойын: «Кім шапшаң?»

Шарты:Қарандашқа жіпті тез орап,кәмпитті тездетіп жеу.Бірінші жеп бітірген жеңімпаз болады.(төрт бала анасымен шығады.)

Ойын: «Тілек шоғы.»

Шарты:Бала тілек айтып, адымдап жүреді.Анасына жетіп гүл шоғын ұсынады.

Ән: «Мамонтенок.»

Қонаққа  «Сиқыршы» келеді.

Аналарға сыйлықтарын береді.

Қыздарға арнап ұлдар ән айтады «Кел,билейік.»

Қыздарға сыйлықтарын беру.

 

Қорытындылау.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения