Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
06.04.2015
0
550
0

Мектепке дейінгі тәрбиеленушінің психикалық денсаулығын қалай сақтау керек

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы

№8 "Айгерім" балабақшасы

Меңгеруші

Жүнісова Ж.Ж.

Мектепке дейінгі баланың психикасы өте нәзік және сезімтал болып келеді. Қоршаған орта  балаға өте күшті әсер етеді және жүйке реакцияларының бұзылуына себеп болуы мүмкін. Ата –аналар 3-6 жасар аралық балалардың психоэмоционалдық шекарасын білуі керек, сондықтан қоздырғыштарды болдырмауға тырысуы керек. Өйткені ондай қоздырғыштар жүйке қызметінің ауруына, ауытқуына әкеліп соқтырады. Мектепке дейінгі балалардың невроз дамуына бас миында қоздырғыш және тоқтап қалу үрдісінің соғысу қаупі бар. Оның мәні келесіде: кейбір тәрбие әсері балада ұстамдылық қалыптастыру. Өз тілектерін басу, көрсетпеу, бірақ өз жас ерекшелігіне байланысты белсенді, қозғалғыш, бәрін бірден білгісі келетін,қоршаған әлемді танығысы келетін, өз күшімен бір істі атқарғысы келетін, сол кезде оның осы белсенді іс-әрекеттері ата-анасының «болмайды», «олай жасама», «сөйлей берме», «қозғалма» және т.б. қарсы келеді. Осындай тоқтатулар үнемі өзі нашар, әлсіз жүйке жүйесіне қосымша жүктеме болады. Оның жасағысы, істегісі келетін заттарға рұқсат бермеу жиі қайталана берсе, балада невроз ауруының дамуы мүмкін. Оның дамуына ата-ананың рұқсат бермеуімен қатар, айқай-шу көтеруі, кей жағдайда қол көтеруі, қорқытуы да әсер етеді. Осыдан бала мен ата-ана арасында тек жанжал ғана болмай, баланың ойы мен сезімі қатаң түрде бұзылып, психоэмоционалдық әрекеттің толық бұзылуына әкеп соқтырады. 3-4 жастағы дұрыс тәрбие алған бала «жоқ», «болмайды» деген сөздердің мағынасын түсінеді. Ол өзінің негізсіз, себепсіз талаптарына жауап бере алады. Айқаймен, шумен, жылаумен ештеңені өзгерте алмайтынын түсінеді. Біріншіден үлкендер баланың ондай тәртібі  оларды алаңдататынын көрсетпеуі керек. Екіншіден қатты айқайлау немесе керісінше баланы тез арада уата бастаудың да еш пайдасы жоқ. Бұл жағдайда балаға өз тәртібінің, талабының еш себепсіз, негізсіз екенін түсіндіру қажет. Бұл кезде ата-ананың немесе үлкендердің ойы, сөзі, қимылы бір жерден шығуы керек. Екеуі екі ойда болмауы және қарама-қайшы сөйлемеуі керек. Қажет жағдайда баланың ар-намысына тимей оған жаза қолдануға болады. Мысалы, тәтті бермеу, жақсы көретін ойыншықтарынмен ойнатпау және т.б.сияқты. Егер баланы әкесі жазаласа, тек ол ғана жазаны алып тастайды. Егер отбасының басқа мүшесі жазаны алып тастаса, онда ол үлкен қателікке жатады. Мұндай жағдай баланың үлкендердің талабымен санаспауына әкеліп соқтырады. Жазалаудың тағы бір түрі отбасы мүшелерінің балаға уақытша салқындық көрсетуі.

Қатты психикалық жара баланың неврозбен ауруына әкеледі. Невроздың бір түрі сөйлеуінің бұзылуы-кекештенуі немесе кей жағдайда мүлдем сөйлемей қоюы. Баланың кекештенуіне себеп мас ата-анасының тәртібі, баланы жазалауы болуы мүмкін. Кекештену басқа адамдармен сөйлесуге қиындық тудырады, осыдан өзін кемсітуге әкеп соқтырады. Жанындағы адамдармен жанжаласуы немесе қатты әсер алуы баланың күдіктену жағдайындағы неврозды тудыруы мүмкін. Ол баланы қорқуы, мінез-құлқы, естелігі. Басынан өткен психикалық жарақаттың байланысы: қайта-қайта түкіре беруі, мұрнын тарта беруі, аяқты шайқай беруі, қолын соққылай беруі,  басын шайқауы сияқты қозғалыстарда кездеседі.

Мектепке дейінгі баланың психикалық жарақаты (әсіресе 3-4 жасар) әр түрлі жайттағы өте күшті бір мезеттік әсерден болуы мүмкін, бірақ та ол міндетті түрде қорқумен байланысты болады. Бала найзағайдан, өрттен, жер сілкінуден қорқы мүмкін. Қатты үрген итті көргенде балада қорқыныш сезімі пайда болады. Бұл сезім циркте, жануардар алаңында, үлкен жыртқыш аңдарды көргенде қайталануы мүмкін. Ескеретін бір жайт, жиі ауыратын, тез қоздырылатын, туғаннан әлсіз, нәзік балалардың психикасы өте сезімтал. Ол балаларға қоршағанортаның психикаға зиян келетін жағдайды сақтау өте қажет. Мысалы, зоопаркке барарда баланы алдын ала дайындау керек. Балада қорқу неврозы кинофильмдерді немесе басқа да бағдарламаларды көргенде болуы мүмкін. Ертегілер, әңгімелер, өлең шумақтары, әндер балаға түсінікті болуы керек. Кейбір ата-аналар тәрбиелеу кезінде баланы қорқытады. Мысалы,  «сені милиционер келіп алып кетеді», «доктор келіп саған екпе жасайды». Осындай сөздерден кейін бала ол мамандықтардан қорқатын болады. Ал балаға өмірде дәрігермен кездесу керек қой. Отбасының бұзылуы балағақатты психикалық соққы болып келеді. Ол барлық жағдайды дұрыс түсінбегендіктен, отбасынан әкесінің немесе анасының кетіп қалуы оның психикасында із қалдырады. Балаларда кездесетін невроздың бір түрі-неврастения. Орта ми жүйке жүйесі мүмкіншілігінің айқын жұқаруы. Оларда есте сақтау қабілетінің нашарлауы, назарының төмендеуі, өз күшіне сенбеуі, ұйқысының бұзылуы жиі байқалады. Олар шамалы жұмыс жасаса немесе ойлауды қажет ететін затпен шұғылданғанның өзінде вегетативтік реакция пайда болады: бет әлпетінің бозаруы, қызаруы, қатты терлеуі, жүрегінің шаншуы, дене қысымының көтерілуі. Балаларда невроздың алдын алу үрдісінің негізгісі-ол өмір ағысын оптимальді түрде сақтау: күшті қажет ететін, ойлауды қажет ететін, эмоционалды жағдайларды бір-бірімен үйлестіру.

Егер бала қандай да өтінішке кері мінез көрсетсе, онда оны орындатудың  қажеті жоқ. Мұндай жағдайда бала тынышталғанша тоса тұру керек. Мінезі қиын балаларға бұйрықпен емес өтініш ретінде айтып жасату керек. Және де айтқанда тыныш, бәсең дауыспен айтқан жөн.

Соңында, ата-аналарға айтарым неврозды емдеу өте қиын, сондықтан алдын алу дұрыс.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения