Жугунисова Асылай Жанабаевна
Должность:Технология пәнінің мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау селосы
06.04.2015
0
592
1

Технология пәнінен ашық сабақ "Құрақ құрау"





Күні

5.03.2015ж

Жүгінісова Асылай

Технология пәні

Сыныбы

   8"а"

Сабақтың тақырыбы

Сәндік-қолданбалы өнері элементтері.

Құрақ құрау

Жалпы мақсаты

Құрақ туралы мағлұмат беру. Құрақ құрау өнері арқылы қыз баланы әсемдікке, кез келген затты қиюластыра білуге, үнемділікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

-          Пікірін ашық, еркін жеткізеді.

-          Сыни  көзқарас пайда болады.

-          Ой-қиялы дамиды.

-          Шығармашылық қабілеттері артады.

Сілтемелер

 8-сынып оқулығы, Е.В.Ермилова. www.youtube.com, www.massaget.kzсайттары.

Ресурстар

Құрақтың түрлі үлгілері, түрлі маталар, түрлі-түсті қағаздар, қайшы, бор, өлшегіш, ине, жіп, дәптер, қалам т.б.

Тапсырмалар

1. "Менің бизнес жобам"

2. Сиқырлы шаршылар

3. Ратация әдісі

4. "Сөйлеп тұрған үштік" әдісі

5. Жұптық  жұмыс

6. Релаксация

7."Ойлан, жұптас, талқыла" әдісі

8. Аукционды сұрақтар

Пәнаралық байланыс

Геометрия, сызу, математика, дүние тану, бейнелеу өнері.

Сабақ барысы

Уақыты

Сабақты ұйымдастыру

формасы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

2 мин

Ұйымдастыру

кезеңі

Диалогтік оқыту

І. Ұйымдастыру

А.Оқушылармен амандасу

Б. Топқа бөлу(сусындармен)

В. Сарапшы тағайындау.

Ынтымақтастық атмосферасы орнайды.

5 мин

Сыни тұрғыдан ойлау

АКТ

ІІ. Үй тапсырмасы

 

"Менің бизнес жобам"

Жобаларын қорғайды

3 мин

Ой қозғау.

 

 

 

ІІІ. Сиқырлы шаршылар

 

Түстер психологиясы

Күнделікті өмірде біз аса мән бере бермейтін «түстердің» адам психологиясына айтарлықтай ықпалы бар екендігін бүгінде дүниежүзілік ғалымдар дәлелдеп шықты. Сіздің таңдаған түсіңіз айналаңыздағыларға сіз туралы көп мәліметті беріп тұрады. Мәселен, жасыңызды, мәдениет деңгейіңізді, біліміңізді, ерекшеліктеріңізді, мінезіңізді сіз жиі қолданатын түске қарап–ақ байқауға болады.                                                                          

Сондықтан да, төменде ұсынылған түстер психологиясын оқи отырып, жақындарыңыз туралы мәлімет алуға немесе айналаңыздағы адамдардың сізге деген оң пікірін тудыра отырып, өз стильіңізді, бедел–бейнеңізді қалыптастыруға мүмкіндігіңіз бар.

Көк түс – жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді. Ол адамдар мен қоғамды байланыстыратын негізгі дәнекер іспетті, бірлік, көпшілдік сезімнің, сенімнің түсі. Сондай–ақ, көк  түсті ұнататындар өкпелегіш, сары уайымға салынғыш болып келеді. Әсіресе, көк түсті молшылықтың нышаны болғандықтан семіз келген адамдар ұнатады. Көк түсті таңдағандар– тыныш ортаны, мазасыздық пен сотқарлықтан, келіспеушіліктен алыс болуды қалайтындар. Олар бір-біріне деген сенімді қалайды және өзгелердің де оларға сенуіне әбден болады.                                       

Сары түс – жеңілдік пен қуанышты, сабырсыздықты, нұр сәулені білдіреді. Қуаныштың, күн шапағатының нышаны. Сары түс адамды болашаққа бағыттайды, жаңалыққа талпындырады, заманауилыққа, дамушылыққа құштар етеді. Бұл түсті таңдаған кез келген адам қиындықты тезірек жеңуге  құлшынып, тезірек босап шығудың амалын іздеп тұрады. Өзгерісті жиі қалап тұрады, сары түске құмар адамға тұрақсыздық тән.                                                                 

Қызыл түс адамның энергияға толы екенін көрсетеді. Өмірлік күшті, белсенділікті, нәтиже, сәттілікке қол жеткізу үшін барлық мүмкін болған талпынысты, бейімділікті, албырттықты, жеңіске деген жігерді, құлшынысты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар - кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар                                                                                       

Жасыл түс – еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, мақсаткерлікті, өзімшілдікті, «Мен» деп өзіне жоғары баға берушілікті білдіреді. Бұл түсті таңдағандар – өзінің құндылығына деген сенімді жоғарылатқысы келетіндер, айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтетін адмадар. Сондай-ақ, бұл түс тәкаппарлықтың нышаны. 

Күлгін түс - адамның тілегені мен қиялындағысы ақиқатқа айналады деген үміттің нышаны. Асыл арман мен көркем қиялдың түсі. Бұл түсті таңдағандар тек өзгелерді таң қалдырғысы немесе сүйсіндіргісі келмейді, өзін де таң қалдырғандығын қалайды. Сондай–ақ, бұл түсті  мектеп оқушылары, аяғы ауыр әйелдер  таңдап жатады. Оларға әлем сиқырлы, бар нәрсеге қол жеткізуге болатындай болып көрінеді.       

Сұр түс – еркіндіктің нышаны. Бұл түсті таңдағандар – белгілі бір жүктелетін міндеттен ада болғысы келеді. Ештеңеге араласқысы келмейді, көпшілік ортаны ұнатпайды. Ортада оның бары, жоғы байқала бермейді. 

Адамдар оларды тез жалықтырғыш, іш пыстыратын жаратылыс ретінде қабылдайды.                                                                    

 

 

Шаршылардағы түстерді таңдай отырып, психологиялық мағынасын ашады, шаршы астынан жаңа тақырыпты табады.

7 мин

Мағынаны тану

 

Ратация әдісі

ІҮ. Жаңа сабақ

Сәндік-қолданбалы өнері элементтері.

Құрақ құрау

 

І топ "Құрақтың тарихы"

ІІ топ"Құрақ дегеніміз не?"

Топта талқылайды, қорғайды, түсінеді, тақырыпты меңгереді

10 мин

 

АКТ

"Сөйлеп тұрған үштік" әдісі

 

Жұптық  жұмыс

Ү. Сарамандық жұмыс

Т.Қ.Е  еске салу.

Құрау технологиясы:

1.Қандай өрнекті құрасақ та сол өрнектің сызбасын қағаз бетіне түсіріп аламыз.

2. Матаның түр түсінің үйлесімділігін анықтау үшін оны түс таңдай отырып, бояп аламыз.

3. Геометриялық пішінде үлгі қағаз даярлап аламыз да, сол қағазды үлгі етіп, пайдалану арқылы, матаны қағаз мөлшерімен қиып аламыз.

4. Қиылған матаны өрнек бойынша рет-ретімен:

 - әуелі ортаңғы бөлік, содан кейін шеткі бөліктерді тігіп аламыз. Біз алдымен бұйымды жасау үшін алғаш жобасын сызамыз. Ал, енді жоба бойынша геометриялық пішіндерді түрлі-түсті қағаздан қиып алып, оларды көрпеше тәрізді қатырма қағаз бетіне дұрыс орналастырып, желімдейміз. Нәтижесінде түрлі-түсті әсем құрақтар пайда болады.

«Көңілсіз жұмыс өнімсіз»

 1. Геометриялық фигуралар құрағы

2. Жапсырмалау құрағы

3. Компьтер арқылы құрақ құрау

4. Құрақ карта

5. Қақпақты құрақ

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения