Момынбаева Лаура Бериковна
Должность:учитель физики
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Карагандинская область, Бухар-жырауский район
04.04.2015
0
471
1

Субұрқақтың жұмыс істеу принципі

                                                         Кіріспе.

 

          Үйірменің бірінші отырысында мен ғылыми жұмыстын тақырыбын таңдадым. Тақырыбы: Субұрқақтың жұмыс принципі. Бұл тақырыпты таңдаған себебім мен бала кезімде үнемі қатынас ыдыстармен ойнайтынмын. Екі шыны құбырды бір резеңке құбырмен біріктіріп, содан шыны ыдыстың біреуін түсіріп, екіншісін көтеріп, құбырдағы аққан суды қадағалайтынмын. Сондай-ақ, үлкен ыдысты алып, әр түрлі тесік жасап, оларды ермек сазбен жабыстырып қойып, ішіне су құйып, тесіктерін ашатынмын. Соңында, мен су қысымы тереңдеген сайын артатынына көзім жетті.

          Біз физика пәнінен « Паскаль заңы » және «Сұйықпен газдағы қысым  »  тақырыбын өткенде, сұйықтың ішінде қысымның болатынын түсіндім. Тереңдеген сайын қысым артады. « Гидростатика » тақырыбын оқып, субұрқақ жасай алатын үш аспап құрастырдым; дыбыс шығаратын ,қатынас  ыдыстар заңымен жүретін, бу күйіне әкелетін; газ түріндегі субұрқақ. Құрастырмастан бұрын, мен Д. Бернулли «сұйық ағысы » атты жұмысымен таныстым. Онда, судың қысымын ағысынан бұрын анықтап айтуға болмайтыны туралы жазған. Ал, бұл сұрақ, су құбыры арқылы сыққан кезде,арнайы құрылғының көмегімен шешілді. Ғылымын Бернулли –гидростатика  деп атады. Бұл арқылы қысым жылдамдықтын негізі мен емес, жылдамдық қысымының негізінде анықталады .

      Субұрқақтар әрдайым саябақтар мен  бақтарды сәндеп тұрған. Оның сыртқы келбеті адамдарды өзіне қаратады және оның аққан дауысынан адамдардың жүйкесін тыныштандырып, ойлау қабілетін жақсартады.және де субұрқақ ауаны дымдайды,сондықтан оның алдында отырған адамдар жеңіл дем алады.

       Жұмыс негізінде, қарапайым  субұрқақтар қатынас ыдыстарға жатады.       Екі шыны түтікті резеңке түтікпен жалғанған ыдысты қатынас ыдыстар деп атаймыз. Өмірде сондай ыдыстарда кездеседі. Әр түрлі шәйнектер, су сепкіш, булы шынылар бұлардың бәрі қатынас ыдыстардың үлгілері.

Мен жасаған құралды субұрқақ жасау үшін  физика пәнінен сұйық пен газдын қысымын өткенде қолдануға болады деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения