Джуматаева Акмарал Болегеновна
Должность:учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Акмолинская область,Бурабайский район, с. Окжетпес
04.04.2015
3
3043
5

Тіл дамытуға арналған тапсырмалар мен ойындар ждинағы. Джуматаева А.Б.

Алғы сөз

 

Тіл қаруы –сөз, сөз қаруы-ой. Ақылды ой, алғыр сөз адамның  ең жоғары қасиеттері.

                                        Ғ.Мұстафин

 

               Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы,қиын да жауапты жұмыс.Ең бастысы, бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни, сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыруға, жағдайларды объективті түрде бақылап ,талдау жасауға, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне баулиды. Тіл дамыту арқылы оқушылардың ақыл-ойы кеңейеді, адамгершілік, эстетикалық тәрбие, бір-бірімен достық қарым-қатынас мәселелері де дұрыс жолға қойылады. 
      Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту күн тәртібінен ешуақытта түсіп көрген емес.Жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеуде ұлттық сананы оятып, тілін дамытып және білім беруді тиімді әдістемемен жандандыра түсіп, дамыта оқыту керектігі туындап отыр. Оқушылардың тілін дамыту-қазіргі кезде оқу -тәрбие ісіндегі басты мәселе.

     Бұл жинақта  тіл дамытуға арналған біршама  тапсырмалар мен қызықыты  ойындар, жаттығулар жинақталған.  Тіл дамыту бір жақты құбылыс емес, сондықтан да баланың тілін логикалық ойлау арқылы, шығармашылық тапсырмалар арқылы да дамытуға болады. Сонымен қатар, қазақ тілі сабақтарында да арнайы жаттығулар жүйесімен баланың тілі мен  ойын  дамытуға болады.   Берілген ойындарды баланың жасына сай қолдану керек.

  

БАЛАНЫҢ   ТІЛІН  ДАМЫТУҒА  АРНАЛҒАН  ОЙЫНДАР

 

1. Ойын "Интервью". Алдымен балаларды  жаңа сөздермен таныстыру керек.
Интервью –
газет, теледидар немесе  радиодан берілетін  сұхбат әңгіме.
Тілшісұрақ қойып отыратын кісі. 
Респондент –
сұраққа жауап беретін адам.

Балаларды микрофонға нық сөйлеуге үйрету керек. Ол үшін  балаларды 10 дейін өсу, кему ретімен санауды ұсыныңыз. Сосын балаларға рөлдерді бөліп беріңіз. Мүмкін болатын тақырыпты  талқылаңыз. Тілшілер сұрақ бастайды. Сосын әңгімені  ұжым боп тыңдап,  талқылайды.

 
Мүмкін болар тақырыптар: театрға  барғанын,  көрген  қойылымды талқылау; мерекені талқылау; суреттер көрмесін,  қызықты кітапты, аптада болған ең қызықты оқиғаларды. 

Ойын нұсқалары: 1) мұғалім балалардан интервью алады, 2) балалар мұғалімнен интервью алады, 3) ата-аналар интервью алады, 4) балалар ата-аналардан интервью алады.

2. Ойын "Суретті  жұмбақтар".

Балалардың арасынан бір бастаушы таңдалады, қалғандары отырады.  Мұғалім үлкен қораптан кішкентай неше түрлі суреттері бар карточкаларды бір-бірден алып шығып, суреттегі бейнені  сөзбен сипаттап жасыруды    ұсынады.

Бастаушы суретті карточканы алып, балаларға көрсетпей, ондағы  бейнені, затты сипаттап, суреттейді. Балалар түрлі жауаптар айтып, не бейнеленгенін тауып алу керек.
Дұрыс жауапты айтқан бала ойынды жалғастырады.

 3. Ойын "Ойыншықты ата".

 Әр бала  өзімен бір ойыншық ала келеді.  Бір бастаушы тағайындалады. Ол 3-5 минутқа сыртқа шыға тұрады. Ол жоқта мұғалім балалармен бір оқиға  құрастырады.  Ол оқиғада негізгі кейіпкер  балалардың әкелген бір ойыншығы болады.

Барлық ойыншықтарды орындыққа тізіп қояды. Бастаушы баланы шақырады. Балалар оған ойдан шығарған оқиғаны ретімен айта бастайды. Бірақ кейіпкердің атын атамай. Оны тек есімдіктермен ғана атайды. Оқиға 3-5 минутқа ғана болуы керек. Бастаушы  оқиғаның  негізгі кейіпкерін ойланып, тауып алу керек.

 
Егер  бастауыш дұрыс тапса, ойын жалғасады. Егер бала кейіпкерді таба алмай жатса, онда балалар оқиғаны   толықтыра түседі, бастаушы  көмек ретінде.

4. Ойын  "Сөйлем құрастыр". 

Мұғалім лотодан  суретті  2 карточканы топқа ұсынады. Балалар  жарты шеңберге отырады.  Кезекпен әрбіреуі суретке қатысты сөйлем  құрастырады. Сосын басқа 2 сурет көрсетіледі. Оларға да балалар сөйлем құрастырады.
Ескерту:

1. Балаларды  ерекше, өзгеше сөйлемдерді құрауға  жетелеңіз.
2. Егер балалар берілген екі сөзбен сөйлемдерді шапшаң құрап жатса, онда суреттердің санын асырыңыз. Мысалы, үш, төрт карточка алыңыз.

 Бұл ойынды ата-аналар да баламен жеке жұмыс жасау есебінде алуларына болады.Баламен жарыс ұйымдастыруға да болады. Әрине, баланы жеңіске шығаруды көздеу керек.

5. Ойын  "Қарамақайшылық".

Мұғалім балаларға бір сурет көрсетеді. Суреттегі бейнеленген затқа қарама-қарсы мағынада  сөз айту керек.  Мысалы,  суретте «доп», балалар « тақта» дейді. (доп дөңгелек, тақта жазық)  «күн» (допты адам жасайды,  күн табиғаттың бір бөлігі)  т.с.с. 

Әр бала өзінің  жауабын айтады, міндетті түрде  неге ол жауапты таңдағанын  түсіндіру керек.


Ескерту:бұл ойын баламен жеке жұмыс жасауға да тиімді.

6. Ойын "Көпір".

      Мұғалім заттар бейнеленген  суретті карточкаларды  кезекпен көрсетеді. Балалар  екі суреттің арасындағы байланысты орнататын бір сөз ойлау керек.  Ол сөз  екі затты «байланыстыратын көпір» секілді . Әр бала кезекпен жауап береді. Баланың жауабы негізделген болуы керек.
Мысалы, екі сөз беріледі:  «қаз» және «ағаш».  «Байланыстыратын көпір» қызметін мына сөздер болуы мүмкін:  «ұшты» (қаз ағаштан ұшты). «ойды, кесті» (ағаштан қаз ойды). «тығылды» (қаз ағаштың артына тығылды) т.б. 
Ескерту: бұл ойынды баламен жеке жұмыс жасауға да қолдануға болады.

7.     Ойын "Қадамдар. (Кім тез жетеді...)»

Бұл ойын арқылы баланы  жарыстыра отырып  оның тіл байлығын, сөйлеу тілін жетілдіруге болады.
Ойыншылар қатар тұрып,  мәренің қашықтығын белгілейді. (арақашықтық 8-10 қадам) Әр қадамға тақырып таңдалады. Мысалы,  "Әдепті сөздер".  Әр бала әдепті сөз айтса ғана  қадам жасай алады. Ойлануға  бір минут қана беріледі. 
Басқа тақырыптар: "Барлығы дөңгелек", " Барлығы  ыстық", "Барлығы дымқыл". "Анаға арналған жылы сөздер", "Мейірімді сөздер"  және т.б. 

Келесі  нұсқа : Балалар бір-біріне қарама-қарсы  жұппен тұрып  қадам жасайды.  Ойын шарты солай,  тек сөзд айтқаннан кейін ғана  қадам жасайды.

7. Іздеу!

Байланыстыра  сөйлеуін, зейінін , байқағыштығын дамытамыз.  Бұл ойынға 5 адам қатысады.  Әйтпесе қызық болмайды.  Мұғалім былай дейді:  Мен  (құрбымды) досымды іздеп жүрмін.  Оның көзі көгілдір, шашы ұзын, қою қара,  ол мысықтарды жақсы көреді, ал сүтті  мүлдем  ұнатпайды. Кім бірінші қай бала туралы сөз болғанын  тауып алады,

Кішкентай балалар ойнағанда, киімдерін де сипаттауға болады.

8. Ойын"Екі шеңбер".

Балалар екі шеңберге тұрады. Сыртқы  үлкен шеңбер және ішкі  (3-4 адам).  Үлкен шеңбердегі балалар тұрады ал кіші шеңбердегі  балалар  жүре сөйлейді. «Біз шеңбермен жүреміз, өзімізбен .... аламыз» .

Ал үлкен шеңбердегі балалар тезірек тәттіні білдіретін сөз айта қою керек, мәселен, қант.  Қай бала сөзді бірінші айтады, сол бала ішкі  шеңбергүе тұрады.

Ойын жалғаса береді. (...  өзімізбен бірге жұмсақ, ащы, тұщы, қатты, қышқыл, т.б.)  Үлкен шеңбердегі қалған  соңғы бала  бір тапсырма орындау керек.

9. Әңгіме  ойлаймыз.

Үлкен адам  сөйлемдерді оқып тұрады. Балалар, сөйлемнің арасына керекті сөздерді қойып отырады. Ол сөздер зат есім, етістік, сын, сан есімдер болады)
Мысалы,: 

".... (Не?) босағада  отырып мияулайды. Мысық алдында тұрған тәрелкедегі сүтті . . . .  (не істеді?). Бақта жүрген  мысық . . .(нені?) ұстап алды. Мысықтың жүні . . . (қандай?), тырнағы . . .  (Қандай?). Мысық марғауларымен . . .  (Қайда?) жатты.  Марғаулар допты .. . . (қалай?)  ойнады.

10. Сөйлемді тарату.

Мұғалім: "Бағбан ...  суғарып жатыр ... (нені? Қайда? Қашан? Неге?). Балалар. . .  бара жатыр ... (  қайда? Не үшін? Неге?) т.с.с.

11. Сөйлемді толықтыр.

Балалардан сөйлемді аяқтауды өтіну:  «Балалар гүлзардағы  гүлдерге су құйып жатыр, себебі . . .».     "Ағаштарда бір жапырақ қалмады, өйткені . . .  " , "Аю қыста  ұйықтайды, себебі . . . " және т.б.

12. "Мен циркте болдым... "

Ойын үшін  сізге  әріпті және буындық карточкалар керек болады. Екі немесе одан көп адам ойнауға болады. Барлық ойыншылар кезекпен карточкаларды алады.

Бастаушы карточканы алып, «Мен циркте болдым онда .....  көрдім».  Ол карточкадағы әріптен басталатын бірдеңені атау керек. Атайтын сөз тек зат есім болуы керек. Мысалы,  "К" әрпіне  клоунды, керікті.  

Егер буын карточкаларын қолдансаңыз, ол буын сөздің басында да, ортасында да, сөздің соңында да кездесе берсін.  Мысалы, "Мен теңізде бол-дым»  т.с.с.

13. Қызықты әліпби.

Алдымен  бір қалың  дәптер бастаңыз. Әліпби әріптерін қатырма қағазға жазып, қиып алыңыз. Ескі журналдардан суреттер қиып алыңыздар, әртүрлі суреттер, жапсырмалар да жарап жатыр. Енді  әріпке сай суретті  балаңызбен әріп тұрған бетке жапсырыңыз.  Бірнеше сурет жапсыруға болады. Әр суреттің астына баспа әріппен сол сөзді жазыңыз. 

Кейінірек, бала әріптерді меңгергеннен кейін,  тапсырманы қиындатыңыз. Журналдардан, газеттерден  енді сөздерді қиып алыңыздар.  Белгілі әріппен  және белгілі буынмен.

14. Шынжыр.

Бұл ойын сөздермен.  Бірнеше бала қатыса береді.  Бірнеше дауыссыз әріптерді алыңыз, қағазға жазып қойыңыз. Осы үш әріп кездесетін сөздер ойлап табу керек. Кім көп  сөз айтады, сол жеңеді.  "а", "н", "т". Құрамында осы үш әріп кездесетінсөздер:  атан, отан, қотан, қант, Қанат, Жанат, қиянат, жарғанат.  самолет, масло, салями, мысль. 


 15. Кім қай әріппен дос.

Бұл ойын баланың тілін ғана дамытпай, оның есте сақтауын, танымдылығын дамытады. Әр балаға жануардың суреті болу керек.  Мысалы әркімде әртүрлі: бір балада-піл, екіншісінде-қолтырауын, үшіншісінде- кірпі. Мысалы, бірінші бала айтады: «Менің  пілім «Т» әрпімен дос, өйткені оның тұмсығы ұзын». Екінші бала, « Ал менің қолтырауыным «Ө» әрпімен дос, өйткені ол өзенде мекендейді». Келесі бала, «Менің кірпім « И» әрпімен  жолдас  өйткені, оның инелері бар».т.с.с.

 

                             Сөздік қорды дамытуға арналған ойындар

Баланың сөз мәнерін  дамыта отырып, оның сөздік қорына үлкен мән беру керек.  Өйткені сөздік қор тіл байлығының іргетасы. Сөздік қоры көп болса, оның тілі де бай болады. Ол өз ойын еш қиналмай –ақ жеткізе алады. Сөздік қорды молайту үшін, үнемі баламен әңгімелескен жөн, әрине ең маңыздысы оған кітап оқу керек! Сонымен қатар, мынадай ойындар ойнатқан дұрыс болар.

«Дұрыс па, бұрыс па»

Бұл ойын сөздік қорды, зейінді дамытады. Сіз бірнеше затты атау керексіз, ал бала сіз шын айттыңызба , әлде жоқ па екенін анықтау керек. Мысалы, сіз:

·         - саптаяқ және қасық – ыдыстар.

·         - Бала: иә, дұрыс олар ыдыстар.

Басқаша нұсқасы: Сіз:

·         -Ит пен мысық – олар құстар.

·         -Жоқ, сіздікі  бұрыс, ит пен мысық олар үй жануарлары.

Сіздің міндетіңіз баланы толық, ашық жауап беруге үйрету. Сөйтіп баланың сөздік қоры молаяды. Сонымен қатар, көп заттардың атауларын біліп алады. Бұл ойынды ағылшынша да өткізуге болады. Өте қызықты болады.

Мен бүгін… барамын.

Бұл ойынның  мазмұны  кез-келген бір жағдаят ойластыру болып табылады. Мысалы,  балаға « Елестетші, сен бүгін ойыншықтар дүкеніне барасың, онда сен не істейсің?» Баланың міндеті 2-3 сөйлемнен тұратын  әңгіме құрау. (кейін сөйлем санын  көбеюйту керек) Оның баяндауы мына сөзден басталу керек: «Мен бүгін ... барамын».   Жағдаяттар  түрлі болады:  саябаққа, орманға, мектепке, қонаққа, көлге, мұражайға, т.с.с.

Әңгіме жазамыз.

Бұл қызықты ойын  сөздік қорын байытады, сөз таптарын, заттарды, құбылыстарды  жаттауға да көмектеседі.

Мұғалім алдын-ала сөздері  қалып қойған  әңгіме жазып, дайындап қояды. Қалып қойған сөздің орнына жақшада қай сөз табы екенін жазып қояды. (зат, құбылыс) Сосын мұғалім баладан  кезекпен қалып қойған сөздерді дауыстап айтуын сұрайды, тек әңгімені дауыстап оқымауы керек. Мысалы: «Маған сын есімді ата». Бос орындар толықтырылғаннан кейін, әңгімені толық дауыстап оқиды.  

Мысалы:

Сәлем ! Бүгін … (сан есім) … й). Далада таңатқаннан  өте . . . (сын есім). Сондықтан мен қыдыруға баратын болдым. Менің ең сүйікті жерім … (қаладағы орын )  барамын.   Өзіммен бірге ... (көпше зат есім)  және  … (жануарды) алдым, себебі біз  уақытты  өте (сын есім)  өткіземіз.

Біз сүйікті орнымызға тез жеттік, себебі . . . (көлік түрі) отырдық.     . . (қаладағы орын)  өтеәдемі болды.Аспан  ... (қандай?)  түсті болды, күннің көзі (етістік). Өкінішке орай,  ауа-райы  бұзылып, (табиғат құбылысы) жауды. Біз  (қайда?) қайттық. Менің күнім  (сын есім) өтті.

Суреттеп айт.

Бұл ойынды топта ойнау керек.  Бастаушының құлағына не болмаса карточкамен бір сөз  айтылады не  болмаса сурет көрсетіледі.бала ол сөзді атамай оны басқа сөздермен суреттеуі тиіс.

Мысалы, «доп» . Оны « дөңгелек, резенкеден жасалған, түрлі-түсті» деуге болады. Сөзді тапқан бала ойынды жалғастырады.

Тіл дамытуға арналған тапсырмалар

 

            1.Кез келген газеттен дауысты дыбыс бар 10 сөзді тап. Оларды дөңгелектеп қарындашпен сызып қой. Орнын анықта. / басында, ортасында, соңында /

             2.Открыткаға , суретке қарап отырып, қызықты әңгіме ертегі құра. / суреттің мазмұнына сәйкес өлең , ән, мақал-мәтел тап /

             3.Бүгінгі күнді суретте. / аспан, күн, ауа райының температурасы , өзінің көңіл-куйі қандай? / Толық сөйлеммен жаз. Сөздер қайталанбасын./

             4.Өзің ең жақсы көретін гүл, не ағаш, не жыл мезгілі, ойыншық, жануар, құс т.б. Бейнеленген сурет тап. Оларға сәйкес өлең, тақпақ, мақал ойластыр.

             5.Затты түріне қарап зертте.

             6.Сағатты суретте. Ол адамға не үшін қажет? Қандай түрлері бар?

             7. "Мектепке келер жолда" деген тақырыпқа әңгіме жаз. Онда қоршаған ортадағы сұлулықты , жолда болған оқиғаны, тағы басқа көрген жағдайларды жаз.

             8." Алтын күз " тақырыбына диафильм жаса. Ол үшін дәптердің бетін алдымен екіге сосын тағы екіге бүкте. Сонда төрт квадрат шығады. Оларға нөмерлер қой. Әр квадратта күздің өзіне ұ

Комментарии пользователей /3/
akma150878 | 12 апреля 2015 05:36
Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Айып етпеңіздер! Бұл мақала көлемді болғасын ба соңына дейін жүктелмей жатыр. Жинағы деген сөзде "ж" әрпінен кейін "д" әрпі басылып кетіпті, кешіріңіздер. Толық нұсқасы керек болып жатса, электронды поштаңызға жібере аламын. Хабарлассаңыз болғаны.
Aisulu K | 13 октября 2015 09:05
Сәлеметсіз бе? Сіздің мақалаңыздың толық нұсқасы керек еді. Рахмет сізге. Жұмысыңызда шығармашылық табыс тілеймін. aisulu_1963@mail.ru
bibiguilamir | 10 декабря 2015 20:47
Сәлемәтсіз бе! Тіл дамытуға арналған тапсырмаларыңыз жақсы құрастырылған. Менің поштама жіберсеңіз. Көп рахмет!
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения