Касенова Мадина Тумырзаевна
Должность:специалист по соц.работе
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Северо-Казахстанская область
01.04.2015
0
329
0

"Наурыз - думан" мектпішілік іс-шара

НАУРЫЗ – 2015

1 жүргізуші киіз үйдің жанында, 2 жүргізуші жігіттермен бірге

Ұлттық нақышта әуен орындалып тұр. Киіз үй бейнеленген жерде ұлттық тағамдарға толы дастарқан жайылған. Киіз үйдің жанында «Қазақ аруы» сайынына қатысушылар Жер-ананың жанында әңгімелесіп тұр. Киіз үйдің жанында бір топ бүлдіршіндер асық ойнап жатыр. Киіз үйге қарама қарсы жақтан бір топ сарбаздар келе жатады. Бүлдіршіндер оларды алғашқы болып көреді де, «сүйінші, қонақ келе жатыр» деп кыз-келіншектердің алдына барады. Қыз-келіншектер тостағандарға наурыз көже құйып, сарбаздарға ұсынады. Жігіттер наурыз көжеден дәм татып, мақтай бастайды.

Осы кезде әуен ауысып, «Қыс ханшайымы» шығып, адамдарды айнала жүреді.

ҚХ: Бұл не жиналыс? Мен әлі де ешқайда кеткен жоқпын! Менің бар екенімді ұмытпаңдар!!! Солтүстік өңірде қыстың ұзақ екенін ұмытпаңдар!!!

1сарбаз: (мақтана) Оу, мынау, Қыс Ханшайымы ғой, не дейді өзі? Мен қазір басын шабайын өзінің! (қылыш алып шығады).

2сарбаз: (1 сарбазды итеріп), жоқ, бауырым, мен тоқтатайын! Осы қыста оның жасамаған қаһары болмады!

Жер-ана: Оу, сарбаздар! Тоқтатыңдыр! Сіздер бұлай қан төккенше, өзіміз тоқтатамыз!

ҚХ мен сарбаздар оған қарап күледі.

1 сарбаз: Сіздер қалай тоқтатасыздар? Қару-жарақтарыңыз да жоқ қой!

ҚХ: Мен де сендермен алысуға  босқа кетіргім келіп тұрған жоқ!

Жер-ана: Қыс ханшайымы! Сен менің Жер-ана екенімді ұмытпа! Менің көмекшілерім бар емес пе?

Сарбаздар өз орындарына қайта тұрады. Көктем әуені ойнайды.

ҚХ: қандай? (күледі).

Жер-ана: Көктем!!!

Әсем Наушина қолына шашуы бар табақты ұстап, шығады. ҚХ айнала жүреді.

ҚХ: Сенде көктем болса, менде ызғар бар!

Жер-ана: Күн сәулесі!

Ардақ Жагупарова қолына шашуы бар табақты ұстап, шығады.

ҚХ айнала жүреді. ҚХ артқа шегінеді де, қайта алға шығады.

ҚХ: Мейлі, менде Боран бар!

Жер-ана: Самал жел!

Салтанат Қайырденова қолына шашуы бар табақты ұстап, шығады.

ҚХ айнала жүреді. ҚХ артқа шегінеді.

Жер-ана: Бәйшешек!

Алтынай Қабжан қолына шашуы бар табақты ұстап, шығады.

ҚХ айнала жүреді. ҚХ жерге отырады.

Жер-ана: Бір сөзбен айтқанда, Күн мен Түнді теңестіруші Наурыз мейрамы бар!

Данагүл Ермекпай қолына шашуы бар табақты ұстап, шығады.

ҚХ айнала жүреді. ҚХ жерге құлайды. Қыздар айнала билей бастайды.

 Жүргізушілер шығып, сөздерін бастайды.

1Ж:Армысыздар, ағайын! Қайырлы күн, құрметті көрермендер! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Түркі тілдес халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.

2Ж: Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Қыздар көрермендерге қарай шашуларын лақтыра бастайды.

1Ж: Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым,

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!

2Ж: Наурыз келді – Көктем келді деп барша халық тойлап жатыр! «Балдәурен» шағын орталығының бүлдіршіндері де ешкімнен қалмайды. Қарсы алыңыздар, ауылымыздың ең жас өнерпаздары!!!

Шағын орталық бүлдіршіндері өз өнерлерін көрсетеді

Жер-ана: (аластау рәсімін жасайды)

Алас, алас пәледен алас,
Алас, алас баладан алас,
Алас, алас жаманнан алас,
Көзі жаманның көзінен алас
Тілі жаманның тілінен алас,
Елімнен алас, жерімнен алас,
Алас, алас! Алас, алас!

1-2-3 сынып балалары «Қыдыр-баба» келе жатыр деп қуана есікке қарай жүгіреді.

 Қыдыр-баба кіреді.

ҚБ: Ал, бүлдіршіндер! Мені қуана қарсы алдыңдар! Наурыз мейрамы құтты болсын! Ол туралы не білесіңдер?

1-оқушы: Жаңа жылда Қыдыр баба үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.

2-оқушы: Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қыдыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды.

3- оқушы: Бұл күні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттеріне соғымның етінен пісірілген «Ұйқыашар» деп аталатын дәм дайындаған. Ал жігіттер қыздарға айна, тарақ, иіссу сыйлаған. Оны «Селтеткізер», «Діреткізер» деп атаған.

4- оқушы: Наурыз мейрамы адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққан күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.

5- оқушы: Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын  Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған ет, күріш, қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады.

ҚБ: рахмет, айналайындар! Ақылды екенсіңдер! Тағы қандай өнерлерің бар?

                                                                      

2-3 сынып  оқушылы өлеңдерін оқып, ұлдары би билейді.

1-2-3 сынып оқушылары «Көктем келді» ән айтады

 

ҚБ: Өркендерің өссін! 

Барлығы тізерлей отырады, ҚБ қолдарын жайып, батасын береді.

Ұлыстың ұлы күнінде,
Ұлың оңға қонсын,
Қызың қырға қонсын,
Қыруар малың өріске толсын,
Елдеріңнің іргесі берік болсын,
Жасқа құрмет, кәріге күтім болсын,
Сөздерің серттей берік болсын,
Еккендерің өнімді болсын,
Өмірлерің көңілді болсын,
Төрт - түлік төлді болсын,
Баққандарың шөлді болсын,
Ақ көп болсын,
Уайым – қайғы жоқ болсын,
Сапарларың оң болсын,
Дәулетіңді асырсын,
Дұшпаныңды басырсын.
Әумин!

«Көрісу» Қатысушылар бір-бірімен құшақтаса, төс қағыса амандасып,

бір-біріне жақсылық тілейді.


1Ж:Қыдыр ата төрлетіңіз, бүгін  бізбен бірге  болыңыз! Біз тойымызды әрі қарай жалғастырайық. Құрметті халайық, біз Наурыз мейрамына арналған «Қазақ аруы» байқауын «ашық» деп жариялаймыз!

2Ж: Наурыз тойын жұп жазбай,

Қошеметпен қарсы алайық.

Досқа құшақ ашайық,

Өлең-жырға басайық.

1Ж: Бүгінгі сайысқа ауылымыздың ғана емес, еліміздің мақтанышына айналар бұрымды арулар қатысады.

2Ж: «Бұрымды» деп жәй айтылған жоқ. Сайысымыздың ерекшелігі, қатысушылардың бұрымдары ұзын болуы шарт!

1Ж: Оған қоса олар өнерлерімен таныстырып, ұлтымыздың дәстүрлерін көрсетеді және де өздерінің жан-жақты екенін дәлелдейді.

2Ж: Ендеше, аруларымызды ортаға шақырайық!

Аттары аталған қатысушылар бір-бірлеп сахнаға шығады.

1Ж: Ақылына көркі сай, мектебіміздің үздік оқушысы – Қайырденова Салтанат! Бұрымының ұзындығы 63 см!

2Ж: Анасының бұрымы – балаларының мақтанышы. Наушина Әсем! Бұрымының ұзындығы 76 см!

1Ж: Бұрымы көркіне сай, Жағыпарова Ардақ! Бұрымының ұзындығы 73 см.

2Ж: Жас та болса, бұрымымен мың бұралған Ермекпаева Данагүл! Бұрымының ұзындығы 83 см!

1Ж: Бұрымына қоса, сыңғырлаған күлкісі бар, Қабжан Алтынай! Бұрымының ұзындығы 58 см!

Қатысушылар сахнаны айнала жүреді де, сахна шетіне тұрады.

1Ж: Ал, енді қазылар алқасымен таныстыруға болатын шығар?

Осы кезде Алдар көсе мен Шығайбай бір-бірімен салғыласа кіреді.

2Ж: Бұлар кім болды екен? Бізді бөліп жіберді ғой!

АК: Мені танымай тұрсыңдар ма? (әндетіп) Мен Алдармын, Алдармын! Шығайбайды мың алдадым!

Ш: Әй, Алдар, айттым ғой саған, «жұрттың көзінше айта берме» деп!!!
АК: Жарайды, өзің ғой, ашуланып жүрген, «Балуанда той болып жатыр, мені шақырмады» деп.

Ш: Өткенде өзің ғой, «Арулар сайысы» болады, ең үздігіне ат басындай алтын береді деген.

АК: (күліп) е-е-е, сенің енді нені меңзеп келгеніңді түсіндім. Тура айтпайсың ба, «маған алтын керек» деп. Сен сұлу емессің, қарныңды қарасайшы!

Ш: Ой, мазақтай бердің ғой, кетейін тезірек, сен тағы да ұятқа қалдырмай тұрғанда!

2Ж: Той үстіне келіп, кетпексіздер ме? Қай қазақ келген қонақты жәй жібереді? Кетпеңіздер! Тойымызға қош келіпсіздер!

1Ж: Міне, біздің қазылар алқасы да толған сияқты. Қалай қарайсыңдар оған?

АК: Қазақтың барлық қызы да мен үшін ару! (қолын сілтеп) Әй, келісемін!

Ш: Мен де! Қайда отырайын?

Шығайбай дастарқан жаққа барады, Алдар оны арнайы үстелге жетелейді

2Ж: Ендеше, қазылар алқасымен таныстырып өтейік! Олар: Қыдыр ата!

1Ж: Алдар көсе!

2Ж: Шығайбай! Қошемет! Қазылар алқасы, орындарыңызға отыра қойыңыздар!

1Ж: Қазылар алқасымен таныстық, ендеше алғашқы сайысымызды бастай берейік!

2Ж: Ия, дұрыс айтасыз! Алғашқы сайыс: «Танысу». Бүгінгі сайыста ең жоғары 7 ұпай.

Қатысушылар сахнада өзін ұстау, сөз мәдениеті, тақырыпты ашу талаптарына сәйкес бағаланады.

1Ж: Алғашқы таныстырушы  Ермепаева Данагүл, қарсы алыңыздар!!!

Баяу әуен, Данагүл таныстырады

2Ж: Келесі – Наушина Әсем! Қошемет!

Баяу әуен, Әсем таныстырады

1Ж: Алдарыңызда, Жағыпарова Ардақ! Қарсы алыңыздар!

Баяу әуен, Ардақ таныстырады

2Ж: Сахнада Қабжан Алтынй! Қарсы алыңыздар!

Баяу әуен, Алтынай таныстырады

1Ж: Соңғы қатысушы – Қайырденова Салтанат! Қарсы алыңыздар!

Баяу әуен, Салтанат таныстырады.

Қатысушылар өздерімен таныстырып, болғаннан кейін сахнаның артына шығады.

2Ж: Сахнада 1 сынып оқушысы Ермекпаева Айғаным шығыс биімен! Қарсы алыңыздар!  

Айғаным билейді

1Ж: Бәрекелді! Рахмет! (2Ж түртіп) Сіз неге ол жаққа қарай бересіз? Бірдеңе жоғалтып алдыңыз ба?

2Ж: Жоқ. Әшейін.

1Ж: Айтыңызшы!

2Ж: Қалай айтсам екен? Қарным ашып кетті...

1Ж: Солай ма? Ендеше қазір қарныңыз одан бетер ашады.

2Ж: Неге?

1Ж: Өйткені, қазір екінші «Ұлттық дастарқан» сайысы басталады.

2Ж: Ендеше, мен, қазылар алқасына кеттім. (Қазылар алқасына қарай кетеді)

1Ж: Жарайды-жарайды. Маған да бірдеңе ала келіңіз! Сонымен, «Ұлттық дастарқан» сайысы.

Жағыпарова Ардақ!

Қайырденова Салтанат!

Наушина Әсем!

Ермекпаева Данагүл!

Қабжан Алтынай!

Қатысушылар тағамдарын әділқазылар алқасына қояды, орындарына тұрып, кезекпен тағамды қалай дайындағандарын айтады.

1Ж: С.Сауытбеков атындағы Балуан негізгі мектебінде өнерпаз балалар көп. Бастауыш сынып қыздарын қарсы алыңыздар!  

Сылдырмақтармен би

1Ж: Рахмет, жарайсыңдар! (әділқазыларға қарап) Сіздер жақта жағдай қалай?

2Ж: Жақсы, бәрі жақсы! (орнына келеді). Мен несін айтайын, әділқазілар өздері айтар.

Әділқазылар екі сайыстың нәтижесімен таныстырады. 2Ж орнына оралады.

1Ж: Дәм таттыңыз ба? Тойдыңыз ба?

2Ж: Бәрі тамаша! Бұндай дәмді тағамдарды бір ғана адам істей алады ма десем...

1Ж: Ол кім?

2Ж: Анам ғой!

1Ж: Ия, ананың орны әрқашан да бөлек қой. Олар біз үшін не істемейді?

2Ж: Анаға халық дәстүрінде де ерекше орын берген екен. Ендеше, келесі сайысымыз «Халық дәстүрі»!

1Ж: Ұлттық дәстүрлермен алғашқы болып таныстырушы Ермекпаева Данагүл! Қошеметпен қарсы алыңыздар! «Тұсау кесер» дәстүрі!

Данагүл -

2Ж: Наушина Әсем! -  «Баланы қырқынан шығару» дәстүрі!

Әсем

1Ж: Қайырденова Салтанат! «Қыз ұзату» салты! 

Салтанат,

2Ж: Жағыпарова Ардақ! «Баланы бесікке салу» дәстүрі!

Ардақ

1Ж: Қабжан Алтынай! «Қыз қуу» спорттық ойыны! 

Алтынай

2Ж: Тамаша! Халқымыздың мәдениеті не деген бай?

1Ж: Дұрыс айтасыз! Халық ауыз-әдебиеті, салт-дәстүрлер, ұлттық тағамдар...

2Ж: Ұлттық спорт түрлері!

1Ж: Ия, Сіз ұлттық спорт түрлерінің қай түрлерін білесіз?

2Ж: Қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық, сақа, көкпар... Тағы солай-солай...

1Ж: Ұлттық спорт түрлері көп, ия? Біразын өзім де есіме түсіре алмай тұрмын.

2Ж: Ендеше, сіз есіңе түсіре тұрыңыз, ал біз қазір бір ойын өткізіп жіберейік.

1Ж: Жарайды. Іске сәт!

                                               Бағыт ағай ойын өткізеді.

2Ж: Ойынды да өткіздік. Менің көмекшім қайда кеткен?

1Ж: Мен мұндамын! Көп кешіктім бе?

2Ж: Жоқ, Есіңізге түсірдіңіз бе?

1Ж: Ия, түсірдім, бірақ айтпаймын!

2Ж: Неге?

1Ж: Маған тамаша ой келді! Қазір «Интеллектуал» сайысын өткіземіз!

2Ж: Оған қоржынның не қатысы бар?

1Ж: Ойланыңыз! Ойланыңыз!

2Ж: Қоржынның ішінде не бар екенін табу керек пе?

1Ж: Жақын, бірақ олай емес! Қатысушылар қоржыннан үш сұрақ алып, соларға жауап беруі тиісті.

2Ж: Бізге көмектесуге болады ма?

1Ж: Әрине, болмайды! Тек қана бізге емес, көрермендерге де көмектесуге болмайды!!!

2Ж: Ендеше, бастайық! Ермекпаева Данагүл! Қабжан Алтынай! Қайырденова Салтанат! Жағыпарова Ардақ! Наушина Әсем!

Қатысушылар кезекпен қоржыннан сұрақтарды алып, сол кезекпен жауап береді.

1Ж: Мен білмегенді қатысушылар біледі екен! Тамаша! «Ақылына көркі сай» деп бекерге айтпаған екен!

2Ж: Дұрыс айтасыз!

Осы кезде оқушылар шулап кетеді

2Ж: Бұл не шу? Біреу келді ме? Барып көріп келейін!

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения