Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
31.03.2015
0
327
0

Орталық Қазақстан облысының шаруашылық географиясы

Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, «Абад» ауылы

№15 Жолдыбай Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектебі 

География пәні мұғалімі

Шахиева Роза Ахмедовна

Сабақтың мақсаты:

:Оқушыларды облыс аумағымен, оның пайдалы қазбаларымен толық таныстыру.Оқушылыарды Отансүйгіштікке , адамгершілік қасиеттерді меңгеруге үйрету,  табиғат ресурстарын тиімді пайдалана білуге, табиғатты аялауға, оны кейінгі ұрпаққа сақтай білуге   тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Кембридж әдіс тәсілдері.

Сабақтың пәнаралық байланыстары:

Химия,Биология, физика,әдебиет, тарих,орыс тілі.

Сабақтың көрнекілігі:

Проектор, Қазақстанның экономикалық картасы,плакат,стикер,қима-қағаздар,смайликтер.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:

  Сыныпта Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

«Табиғатсыз адамның күні жоқ,

Оны айтар табиғаттың –тілі жоқ»

Оқушылар барлығы хормен осы сөздерді қайталайды.

2. Оқушыларды топқа бөлу.

1. І топ – Кен тобы.

ІІ топ – Көлік тобы.

ІІІ топ- Жер тобы

3. Оқушыларды топ ережесімен таныстыру.

  1. Бірлесіп жұмыс жасау
  2.  Бірі-біріміздің пікірін тыңдау
  3. Уақытпен санасу
  4. Белсенді қатысу
  5.  Ынтымақтастық
  6. Тыныштықты сақтау

4.Жаңа сабақ.

Тақырыпты ашу мақсатында оқушыларға мына халық әндерін

Әуенімен бірге мұғалім орындайды.Сосын оқушылар мұндағы

Ұқсастықтарды табады.

     Халық  әні «Қараторғай»

Мойныңа сары алтыннан алқа тағып,

Қолға алып, сылап-сипап бағар едім.

              Халық әні «Дедімай-ау»

Құлағыңа таққаның күміс сырға,

Күмбірлетіп шығасың күнде қырға, дедімай-ай.

              Халық әні «Жиырма бес»

Беріп кет сақинаңды мыс та болса,

Жүрейік күліп-ойнап қыс та болса.

Мына әндердегі шумақтардан біз түсті металдар туралы әндерде айтылғанын білдік.

Ал мына өлең шумақтарында не туралы айтылған?

Асау Ертіс ноқта ілді, тағаланды,

Сусындатпақ шөлдерді, далаларды,

Ертіс құлап келеді, сүйінші бар,

Сүйінші бер, сүйікті Қарағанды.

 М.Мақатаев.

Орталық Қазақстандағы ең басты өзекті мәселе су тапшылығы болып табылыды.Сондықтан Ертіс-Қарағанды каналы қазылды.

«Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша оқушылар тапсырмаларды орындайды.1-суретте Қаныш Сәтбаев.

2-суретте Апақ Байжанов.

3-суретте Нұрсұлтан Назарбаев.

Суреттегі тарихи тұлғалардың аты жөні кім?

Олардың мамандықтары қандай?

Орталық Қазақстанға олардың қандай қатысы бар?

5. Пысықтау.Картамен жұмыс.

6. Постер жасау.

  1. Сергету сәті кезінде оқушыларға интеллектуалды сұрақтар қою арқылы олардың ойлау қабілеттерін дамыту.

 

Оқушылар өздері жасаған постерлерді түсіндіріп шығады.

  1. Сабақты Венн диаграммасы арқылы қортындылау.
  2. Бағалау.

Оқушылар бағалау парақшасын толтырады.

Әр топ бір-бірін  смайликтер арқылы  бағалайды.

10.Үйге тапсырма.

§ 38 Орталық Қазқстан шаруашылық географиясы тақырыбын оқып ,түсінігін айту.

Кескін картаға Орталық  Қазақстанның шаруашылық   кешенін түсіру.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения