Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
31.03.2015
0
525
0

Толағай

Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласы

«№122 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бастауыш сынып мұғалімі

Бектенова Эльмира

Мақсаты: Оқушылар мен ата-аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыр, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндір. Ата-анамен мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, шарлар, плакаттар т.б

  1.      Спорт – денсаулық кепілі.
  2.      Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ.
  3.      Саулық – байлық негізі.

Барысы:


1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар қауымы! Бүгінгі «Денсаулық – әлеуметтік байлықтың негізі» дегендей бүгінгі «Толағай» отбасылар сайысына  қош келдіңіз!

 «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы – еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебіміздің 1 «З» сынып оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата-аналарының арасында өткізгелі отыр. Әр отбасы қатысады. Соның бірі жұлдызды отбасы. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.

  Алғаш өткізгелі отырған «Толағай» отбасылар сайысының тұсау кесер рәсімін жасауға, яғни салтанатымызды ашуға мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Сейітжан Ләззат сөз кезегін берсек.

1-жүргізуші:

Денсаулық – ол шыныққан,

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық – ол тыныққан,

Жүйке тамыр жүйесі.

Денсаулық – ол күлуің,

Көңіл-күйің жадырай.

Денсаулық – ол жүруің ,

Ешбір жерің ауырмай.

  Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

  1.      Сейітжан Ләззат (Тәрбие ісінің меңгерушісі)
  2.      Бектұрсынова Бағила.(Психолог)
  3.      Сапаров Жандос (Оқу ісі жөніндегі орынбасары)
  4.      Қияшов Мейірлан. (Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі)

1-жүргізуші:  Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата-ана – шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.

Спорт – денсаулық кепілі десек, «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын нсихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Біріншіден, дені cay ұлттың қалыптасуына атсалысады, екіншіден бағдарламаға қатысқан әр отбасыға рухани және мәдени мереке сыйлайды.

Ендеше, «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы - отбасыларды спортқа , баулиды.Мектеп пен ата-ана арасындағы бірлік пен татульққасиеттерін нығайта түспек!

1-жүргізуші:

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Қатардан артта қалып қоймайық,

Белсенді болайық ортада,

Уақытты тектен-тек жоймайық!

1-жүргізуші:

Бүгінгі спорттық сайыс қазақтың киелі саны 7 кезеңнен тұрады.

  1.     «Таныстыру» сайысы

  2.Допты жерге ұрып алып жүгіру


 3.Теннис добын кедергілердің арасымен алып жүру

 4.Қапты киіп жүгіру

 5.Зат тасымалдау

 6.Арқан тартыс

1-жүргізуші: Сайысқы арнайы 3 отбасы қатысады. Әділқазылар әр кезең соңында бағаларын бере отырсақ.

І – кезең «Таныстырудан» бастайық!(топтың атауы, ұраны)

Әр отбасы топтары өздерін таныстырып өтеді.

1.Еспенбетовтаротбасы  ".Қыран "тобы

 

2.Зулыпхаровтар  отбасы."Шаңырақ" тобы.


3.Тасқұловтар  отбасы".Жас Ұлан" тобы.


4.Намазбаевтар отбасы."Тұлпар"  тобы

 

Әділқазылар өз бағасын шығарғанша, бәріміз бір кісідей «Толағай» әнін орындасақ.

1-жүргізуші:

Өмір, өзің қайдасың,

Күн мен түнді жалғайсың.

Жақсыларға жақынсың,

Жамандарға шалғайсың.

Уақыт, уақыт, куәсің сен бәріңе,

Нұр төгеді сиқырлы кітап біздерге.

Денсаулықтың әліппесі әрқашан,

Жыр шашады қуана мына еліне.

Ендеше, осы денсаулықтың әліппесін әрқашан жадында ұстанатын белсенді де білгір, денсаулығы мықты, спорт десе, ішкен асын жерге қойып, алтын уақытын спортқа арнайтын спортты сүйетін отбасылардың жетістіктерін марапаттау рәсіміне көшелік.

1-жүргізуші:

Марапаттау рәсімі біздің ата-аналарымыздың өнерлеріне тәні болып отырған әділқазылар алқасына береміз. (Әділқазылар алқасы марапаттау рәсімін өткізеді)

 

1-жүргізуші:

Ұрпақ керек ертеңгі алда,Денсаулық – басты байлық өмірдегі,

Болашақты болжайтын.Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.

Дені таза, тәні таза,Салауатты өмір салтын насихаттап,

Елін, жерін қорғайтын!Атанайық жақсы азамат өңірдегі.

1-жүргізуші:

 Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық.

Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулендірейік! «Толағай» отбасылар сайыс осымен тәмамдалады. Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рахмет! Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше!

Сау саламат болыңыздар! 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения