Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
31.03.2015
0
301
0

Ө дыбысы мен әрпі

Республика Казахстан, Актюбинская область, Мугалжарский район, г. Кандыагаш

Школа-гимназия №3
Учитель начальных классов

Балапанова Куляйм Жангалиевны

Сабақтың мақсаты:
   Білімділік: Ө дыбысы және әрпімен таныстыру.Оның айтылу ерекшелігін айтып өту және жазылу жолын үйрету.
   Дамытушылық: Ө дыбысымен байланысты тапсырмаларды орындау, оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.
   Тәрбиелік: Көркемдікке, әдептілікке баулу.

   Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
      Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.
   Көрнекілігі: Ө әрпінің баспа және жазба түрі, сюжетті суреттер, текшелер, кеспе әріптер.
   Сабақта меңгеретін сөздер: Өрмекші, өрік, шөп, төл, өріс.
  

   Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.

Қара достым, жан-жаққа
Дайынсың ба сабаққа?
Орнында ма қараңдар,
Кітап, дәптер, қаламдар?

2. Өткен сабаққа шолу.
«Буын ұстау» ойыны.
Шарты:
Доппен ойналады. Өзім алғашқы буынын айтамын, доп алған оқушы сөзді аяқтайды.
Ән...(ші), дә...(рі), ә...(теш).
Олай болса, ә дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? Текшемізден көрсете қоялық. (дауысты, жіңішке)

3. Жаңа сабақ.
«Ой шақыру»

Жұмбақ жасыру.
Шөлде бар,
Суда жоқ.
Көлде бар,
Буда жоқ.
Балалар ө дыбысы дейді. Шөл, көл сөздеріне дыбыстық талдау жасап өту.
Олай болса, балалар бүгінгі бізге келетін жаңа әріп Ө дыбысы мен әрпі.
1. Көрнекілік бойынша ө әрпінің баспа және жазба түрлерімен таныстыру.
Ө әрпінің баспа, жазба түрлерімен таныстыру.
Ө әрпі қай әріпке ұқсайды? (О)
«Сөз ойла, көп ойла» ойыны.
Ө әрпінен басталатын сөздерді тез айту. (өріс, өгіз, өрік, өрмекші,өшіргіш,өзен)
2. Жаңа сөздермен жұмыс.
сөл -
шөл –
төл – жаңа туған малдың баласы
өмір –
өріс –
өңір –
Түсінік беріп өту, хормен сөздерді айту.
Өрмекші сөзіне дыбыстық талдау жасап, буынға бөлу: Өр-мек-ші.
(бәрі алдарындағы текшелерден көрсетіп отырады)

3. Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрып-ақ

Өзенді де кешеміз.

Сен білмесең егер де,

Былай ескек есеміз.

Есеміз, есеміз

Үлкен болып өсеміз.

4. Оқулықпен жұмыс.

 «Өркеш» мәтінін оқиық
1. Мұғалім оқиды

2. Оқушылар оқиды

3. Мазмұнын ортаға салу

4. Сұрақ-жауап

 

5. «Ойлан тап!» ойыны.
1. Бір әріп бар, кей бала
Айтамын деп бүлдірген
Оқи алмай шүлдірлеп
Жолдастарын күлдірген.
Бұл қай әріп? (р)


2. Жұмыртқадай дөңгелек
Кетпейді бірақ дөңгелеп
Бұл қай әріп? (О)


3. Әлде толған Ай ма екен?
Әлде үрген шар ма екен?
Белінде бар белдігі
Бұндай әріп бар ма екен? (Ө)

6. Жазу жұмысы.
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.

1. Ауада жазу.
2. Тақтаға жазу. (Ө ө)
3. Үлгі дәптерге жазу.

7. Сабақты қорытындылау мақсатында «Паровоз» ойыны.
Ойын тәртібі:
Оқушылар төртбұрыштың орнына, дыбыстардың үйлесіміне сәйкес әріптер қойып оқу.
Ор -...(өр) оң-...(өң) тол-...(төл)

8. Бағалау. 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения