Тенизбаева Дина Муратбаевна
Должность:учитель
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Алматинская область, Карасайский район, село Ушконыр
30.03.2015
0
378
0

Доклад по информатике «Мультимедианы сабақта қолдану жүйесі»

«Мультимедианы сабақта қолдану

                       жүйесі»

Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол - өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Әсіресе, бүгін біз өз күшімізді жарқын болашаққа жұмсауымыз керек. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның біліммен және мәдениетімен анықталады.Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақапараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.

Қазіргі кезде информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын -мультимедианы енгізуді  атап өтуге болады.   

Мультимедиа – бұл қарқынды дамып келет жатқан, өзіне теледидарлық кескіндеудің және стереодыбыстық бейнелілігі мен нақтылығындербес компьютердің интерактивтілік /үздіксіз әрекеттесу/ мүмкіндіктерімен біріктірілген ақпараттық технология. Осы негізгі үш құраушылар, яғни үш орта мультимедиа /multimedia/ терминін түсіндіреді, оның ең қысқа анықтамаларының бірі – көру және дыбыстық әсерлерінің /эффектілердің/ интерактивтік программалық жабдықтаманың басқаруымен өзара әрекеттестігі.

Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай ақпараттандыру арқылы жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту үрдісінің толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту үрдісініде компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет. Жеке әдістемелік құралдармен оқыту барысында оқушының материалды дұрыс меңгеруіне, пәнге деген қызығуын арттыруына, дағды, зейін, т.б. формалардың дамуына оқытудың тиімді психологиялық ұстанымдарын ескере оқушының игерген білімінің дұрыс қалыптасуында басты рөл атқарады.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру оқушының білім сапасын арттыру мен жаңа оқыту технологиясын пайдаланудың тиіміділіг мынайдай артықшылықтармен сипатталады.  

1. Оларға оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады. Ол оқыту үрдісінде жаңа оқыту технологиясының үш нұсқасы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:

- тереңдетілген технология ретінде /компьютерлік оқытуды жекелеген тақырып немесе тарау бойынша қолдану/;

- негізгі технология ретінде /белгілі бір бөлімді оқытқанда қолданылатын технологиялық қоры/;

 - монотехнология ретінде /барлық оқыту, оқытуды басқару үрдісі, яғни диагностика, мониторинг компьютерді қолдануға негізделген/.

Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам – ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруланып қана қоймай, өздігнен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.

Мультимедиа құралдары деп бірыңғай басқару элементі – компьютермен жалпы негізде өңделетін өзара байланысты мәтіндік, графикалық, көру /визуальдық/ және дыбыстық деректердің комбинациясын /үйлесуін/ атайды. Мұнда жалпы негіз деп деректердің цифрлық түрі ұғынылады. Мультимедиа құралдары ішкі логикалық байланыстары және жеке тасушылардың қосынды қуатынан әлдеқайда артық қуаты бар жоғары деңгейде жинақталған жүйелер.

Мультимедиа құралдарының ақпараттық дәстүрлі тасушыларынан негізгі айырмашылығы – интерактивтілігі, еркін түсінілуі және қатынасқа бейімділігі.

Мультимедиа – қолданбаларын жасау мүмкіндіктерінің ауқымы айтарлықтай кең. Ең қарапайым жағдайдың өзінде Word құжатына әуенді қоюға болады, нәтижесінде құжатты компьютерде Бетховенның музыкасымен қосыла оқуға болады. Күрделірек нұсқа, мысалы, «Жанды физика» интерактивтік электронды оқулығы болып табылады, оның көмегімен виртуалды физикалық зертхана құрып, онда зерттеулер жүргізуге болады. Қазіргі аспаптық және техникалық құралдар аса үлкен де емес. Тек мейлінше қуатты компьютер, ықылас және белгілі бір көркемдік, конструкторлық қабілет және физика заңдарын білу ғана қажет болады.

Қазіргі кезде мультимедианы қолданудың бірнеше негізгі бағыттары, мен өздерінің ережелері, терминологиясы қалыптасып келеді.

Оқушы компьютермен жұмыс жасай отырып,  кез-келген тапсырманы аяғына дейін орындау мүмкіндігіне ие болады. Себебі, оған қажетті көмек көрсетіліп отырады. Егер типті оқытаты, жүйелер пайдаланылса, оған тапсырманың шешімі де түсіндіріліп, тиімді және тиімсіз жүрістер талқыланады. Қарастырылып отырған мәселенің тәжірибелік маңызын аша отырып, өзінің ақыл-ойын пайдалануға, кез келген сұрақ қойып, кез келген шешім жолын айтып, нашар баға алудан қорықпауға мүмкіндік беретін компьютерді оқу үрдісінде пайдалануға деген дұрыс көзқарас қалыптастырылады.

Қорыта келгенде мультимедианы сабақта қолдану жүйесі - оқушылардың жұмысының өніміділігін, пәнге деген қызығуын арттыруға ықпалын тигізеді және есептерді жаңа мазмұнмен толықтыруға мүмкіндік береді, оларды анағұрлым қолайлы, қызықты етеді.

 

Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі – «Білім – бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасына өте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения