Жармулдинова Динара Рашидовна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
28.03.2015
0
636
0

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында деңгейлік тапсырмалардың маңызы

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында деңгейлік

тапсырмалардың маңызы

                                                                                              Д.Р. Жармулдинова

                                  (Павлодар облысы, Качир ауданы, Воскресенка ЖОББМ)                                                       

Біздің бүкіл тарихымыздан мен екі олжамызды бөліп атар едім. Оның біріншісі, әрине, - ата-бабаларымыз өздерінің қанын төгіп, жанын беріп жүріп, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған қазақтың қасиетті жері. Тағы бір олжамыз - сол ата-бабаларымыздың арқасында бар бояуымен, сырлы сазымен осы күнге аман-есен жеткен тұп-тұнық, мөп-мөлдір қазақ тілі.

Нұрсұлтан Назарбаев

 Қазіргі таңдағы басты мәселелердің бірі қазақ тілін жетілдіріп, өзге ұлт өкілдерін үйрету. Еліміздің мемлекеттік тілінің дәрежесін көтеріп, қолдану аясын кеңейту, біздің басты мәселеміз. Сондықтан оқыту барысында ең қолайлы және тиімді әдістерді қолданған жөн. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін әр мұғалімде  күнделікті ізденіс арқылы, барлық жаңалықтармен қатар тұру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым – қатынасқа өту қажеттілі туындайды. Өз тәжірибемде түрлі әдістерді сабақта қолданамын, бірақ тоқтайтын болсам, ең жиі қолданатын және тиімді әдіс бұл – деңгейлеп оқыту әдісі.

Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту жеңіл болып табылады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар ұсыну арқылы, балалардың деңгейлерін анықтауға болады, олардың білім алуға құштарлықтарын оятып, жоғары деңгейге жетуге талаптандырады. Әрине, оқушыларды деңгейге бөліп қарастыруға болмайды, бірақ бұл тапсырмалар арқылы оқушының білімі көзделіп, өзіндік ерекшелігінің ескере отырып теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын тиімді дәрежеге жеткізуге болады. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында тақырыпты түсіндіріп, ашу барысында деңгейлік тапсырмалар жан-жақты материалды зерделеуге көзделген. Оқушылар іздестіру, талдау, жинақтау және салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Ең қызығы бұл жұмыстарды балалар өздігімен орындйды, ал мұғалім жетелеп, бағдар көрсетеді.

      Қорыта айтқанда, деңгейлеп оқыту технологиясының  тиімділігі оқыту барысында байқалып,  оқушылардың  оқуға деген қызығушылығы мен қатар шығармашылық деңгейі де көтерілді. Әр оқушы өзінің деңгейіне, білім дәрежесіне байланысты тапсырмалар орындай отырып, әлсіздер білім алуға ұмтыла түседі, мықтылардың өзіне тән деген сенімділіктері арта түсті.  

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения