Жармулдинова Динара Рашидовна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
28.03.2015
0
703
2

Открытый урок по казахскому языку "Әлібек пен піл"

1 сынып                                                                               күні______________

Сабақтың тақырыбы: Әлібек пен піл

Сабақтың мақсаты:Білімділік:оқушыларға тақырып бойынша сапалы білім беріп, өз ойларын айта алуға жетелеу, сөздік қорларының сапасына мән беру. Практикалық жұмысқа көп мән беріп, тілдесімге жетелеу.

2.Тәрбиелік: оқушыларды сауаттылыққа тәрбиелеу. Ұжымда еңбек ету, бір-біріне деген достық ықыластарымен ояту.

3.Дамытушылық: қойылған сұраққа және сурет бойынша сұраққа жүйелі жауап беруге дағдыландыру.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезең

- Сәлеметсіңдер ме, балалар? Балалар, далада қандай жыл мезгілі? Ал, ауа райы қандай? Бүгін сыныпта кім жоқ?

2.Өткен сабақты еске түсіру.

-Балалар, Зита дегеніміз кім?

-Зита қандай?

Кластер құрастыру

-Зита бүгін бізге Әлібекті ерітіп алып келді. Сондықтан біздің бүгінгі сабағымыз «Әлібек пен піл» деп аталады.

-Зита мен Әлібек қайда келді?         -Зита мен Әлібек мектепке келді.

4.Сөздікпен жұмыс.

 1.Мұғалім сөздердің мағынасын түсіндіреді, оқушылар тыңдап отырады.

2.Мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

3.Мұғалім оқиды, оқушылар тізбекпен қайталайды. (доп арқылы)

Бүгінгі сабақта біз екі жаңа сөзді жаттап алуымыз керек. Дайынсыңдар ма? Жақсы, ендеше мұқият тыңдаңдар?

қалам – ручка                                        сызғыш - линейка

-Ал, сендерде қалам мен қарындаш бар ма?

-Кәне көрсетіңдер?

-Мынау не?                                              -Мынау – қалам.

-Қалам қандай?                              -Қалам – әдемі.

-Неше қалам?                                  -Бір қалам.

-Мынау не?                                              -Мынау – сызғыш. / т.б.

-Сендер тағы қандай оқу құралдарын білесіңдер? (қалам, қарындаш, дәптер, сызғыш, өшіргіш)

5.Тапсырмалармен жұмыс

1-тапсырма. Оқылым әрекетіне берілген тапсырманы жұптық жұмыс түрінде орындау.

2-тапсырма. –Балалар, Әлібек пен Зитаға санап алуға үйретейік!

Жазылым әрекетіне берілген сурет бойынша жұмысты үлгі арқылы ауызша оқушылармен орындап, кейін тақта алдында жұмыс жасау.

3-тапсырма. Тапсырмада берілген сергіту жұмысын жүргізу.

Сергіту сәті /Ұзын мұртты, Айгөлек

4-тапсырма. –Балалар, бізге Зита мен Әлібек үлкен хат ала келіпті. Бұл хатта сөзжұмбақ жасырылған екен. Шешіп көрейік!

Қисынды ойлау қабілетіне берілген сөзжұмбақпен жұмыс.

5-тапсырма. Тыңдалым әрекетіне берілген тапсырманы ауызша орындау. Практикалық жұмыспен тапсырманы бекіту.

Сабақты бекіту: «Ыстық орындық» ойыны. Ойынның шарты: Оқушылар ыстық орындықта отырып, айтылған сөздерді қазақ тіліне дұрыс аударып айтулары керек.

Бүгін сабақта кім туралы өттік? Не туралы әңгімеледік? Бүгінгі сабақ түсінікті ме?                                                                              

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения