Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Россия
27.03.2015
0
326
0

Сочинение "Земля – наш общий дом"

Автор: Нарова Кундыз Кайырбековна, ученица 5 класса

средней школы имени Абая села Жумыскер,

Шетский район Карагандинская область, Казахстан

Руководитель: Козыбаева Манара Абикеновна

 

Жер – біздің ортақ үйіміз

 

 

                                                                              Ортақ мекен жер шары,

                                                                             Төбемізде бір аспан.

                                                                             Барлық ұлттың баласы,

                                                                             Достығымыз жарасқан.

 

                                                                             Ортақ бізге, бір Отан,

                                                                             Ортақ жердің байлыгы.

                                                                             Еңбек ортақ ,жыр ортақ ,

                                                                             Ортақ бізге барлығы.

 

                                                                                                       (Е.Елубаев)           

 

     Жер – бүкіл адамзатқа, тіршілік  иелеріне ортақ . Қазақ жері – тау мен тасты, сай –саланы сылдыр қағып, жел маядай желіп аққан бұлақтары  көп, көрікті, асқақтаған асқар таулары, теңіздері мен сайын даласы бар шұрайлы жер.

    Қилы – қилы заманды бастан өткерген еліміздің бітімі бөлек текті тұлғаларда түлеп ұшқан жер. Аттың жалы, атанның  қомында жүріп, ақ найзаның ұшы, ақ білектің күшімен  елін, жерін қорғаған батыр бабаларымыздың ерліктері біздің есімізде.

    Барша ұлт өкілдері  тату – тәтті өмір сүріп жатқан Отанымызға деген сүйіспеншілігіміз де бөлек. Ал, осы махаббаттың бір ұшы ата – бабаларымыздың ұлы ерлігінде жатыр. Тағдырдың жазуымен қазақ жерін мекен еткен ұлт пен ұлыс өкілдерінің                бір – біріне сенімі мен ымыра – бірлігі мызғымыстай берік. Олардың дос құшақтары айқасып, бір атаның баласындай өмір сүруінде. Осы жерді жаудан қорғап қалу оңайға түскен жоқ. Сол шайқастардың арқасында ғана біз тәуелсіздігімізді алып, әлемге таныла бастадық. Ата заңымызды қабылдап, халыққа отаншылдық сезім ұялататын рәміздерді белгіледік.   Еліміздің төрінен, әр азаматтың жүрегінен құрметті орын иеленген, мемлекетіміздің тек өзіне тән, өзгеге ұқсамайтын, бүкіл дүниеге паш етіп тұратын қазақ елінің рәміздері – Елтаңба, Ту, Әнұран. Бұларды біз ерекше қадірлеуіміз керек. Өйткені, оның артында Отанымыздың бостандығы, гүлденуі мен көркеюі үшін өмірін қиған бабаларымыздың тағдыры жатыр. Қазақ елінде,  қазақ жерінде көп ұлт өкілдері мекендейді. Осы қазақ жері барлық ұлттар өкілдеріне ортақ үйлеріне айналды.Басқа елдерге үлгі болатындай, бірлігіміз бен бейбітшілігіміз жарасқан елміз.

   Біздің бүгінгі өміріміз – ең тамаша, ең бақытты шақ. Біз бейбітшілік жырын жырлайтын,  алтын күннің нұрынан, шуағынан нәр алатын, болашақта жарқын істерімізбен еліміздің ертеңіне сенетін жас ұландарымыз. Осындай жарқын елде, атқан таңы мен батқан күн адамдарға тыныштық пен бақыт әкелген елде елбасымыздың қосқан үлесі де зор.

Біз бәріміз – бір елміз,  Елбасы да – біреу. «Үдеудің сыры – бірлікте, жүдеудің сыры –алауыздықта», «Ынтымақ түбі - бірлікте» - демекші елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің жеріміз кең, байтақ  болғандықтан басқа ұлт өкілдері де, ынтымағы жарасып, бірлікте өмір сүруде, - деді. Барлық әлемдегі адамдар бейбітшілік үшін күрессе деймін. Мен осындай кең жеріміздің барына мақтанамын. Мемлекетіміздің аспаны ашық, әр таңы арайлы, болашағы нұрлы болсын !

                                                                    Қарағанда облысы,

                                                                   Шет ауданы,

                                                                    Жұмыскер ауылы,

                                                                    Абай атындағы орта мектебінің 5-сынып оқушысы

                                                                    Нұртаева Құндыз Қайырбекқызы

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения