Джуматаева Акмарал Болегеновна
Должность:учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Акмолинская область,Бурабайский район, с. Окжетпес
25.03.2015
0
1882
4

Бағдарлама: "Қуыршақ театры" Құрастырған: Джуматаева А.Б.

Ақмола облысы

  Бурабай ауданы

                                                                  

Авторы:  Джуматаева Ақмарал Бөлегенқызы

 Бастауыш сынып мұғалімі

 

Оқжетпес орта мектебі

 

 

Түсініктеме хат

 

Қуыршақ театры-бұл балалардың жақсы көретін көрінісі. Ол балаларды өзінің  әсемділігімен, динамикасымен қызқытырады. Қцыршақ театрында балалар өздеріне таныс  ойыншықтармен жүздеседі: аю,қоян,ит,т.б.  Көрініс өзіндік ерекшелігімен балаларды  қызықты, сырлы  әлемге  бірден баурай кетеді.

Қуыршақ театры балаларға көп қуаныш, жағымды эмоция әкеледі. Бұның тәрбиелік мәні  өте зор. Кіші мектеп жасы бала үшін маңызды уақыт. Себебі осы уақытта оның талғамы, көз-қарасы, қызығушылық қалыптаса бастайды,сондықтан  балаға достық, шыншылдық, өзаратүсіністік,тапқырлық, қайсарлық, т.б. мінез ерекшеліктерін үлгі ретінде көрсету маңызды.  Осындай мақсаттарды іске асыруда  қуыршақ театры септігін тигізеді. Қуыршақ театры адамдарға  бірталай әсер етеді: көркем образдар-персонаждар, безендіру мен әуен- бұның бәрі іспеттес. Баланың нақтылы ойлауын жеңілдетеді, әдеби шығарманың мазмұнын дұрыс, қанық түсінуге көмектеседі және оның көркемдік талғамының дамуына ықпалын тигізеді. Кіші мектеп жасындағы балалар эмоционалды  тұрақсыз келеді. Олар белсенді қатысып, қуыршақтардың сұраұтарына  шапшаң жауап беруді үйренеді, оларға кеңес беріп, қауіптен сақтауға ұмтылады.  Шеберлікпен, образға кіріп ойнаған қойылым жағымсыз қылықтарды бағалауға ал жағымды кейіпкерге ұқсағысы келуі сезімін  тудырады. Театрда көргені баланың дүниетанымын дамытып, мәңгілікке есте қалады. Балалар көрген-білгенін ата-анасына, жолдастырына айтады,ғ сөйтіп баланың тілі дамып, өзінің сезімін білдіру машығы қалыптасады. Балалар салған суреттерінде қойылым эпизодтарын бейнелейді, ермексазбен мүсіндеп, өзара қойылымдар қоюға жетелейді. Бұндай ойындар шығармашылық күш пен  балаларджың қабілеттерін дамытады.  Осылайша, қуыршақ театры баланың жан-жақты дамуына  ықпалын тигізеді.

 

 Үйірменің мақсаты:

*Балаларды театр әлемімен таныстыру;

* «Образға кіру» туралы түсінік беру;

*Театр әлемінің есігін паш ету;

 

Бағдарламаның міндеттері:

*Театрды  өнер  ретінде  таныстыру;

*Қуыршақ театырының тарихымен таныстыру;

*Халық ертегілерінің поэзиясын түсунеге үйрету;

*Кітап оқу қызығушылығын арттыру;

*Сөйлеу тілін, дүниетанымын дамыту;

*Сезімін білдіріп, көпшілікте сөйлеп, өзін-өзі ұстауды үйрету.

*Балалардың өмірін қызықпен, қуанышпен толтыру;

*Қуыршақтар тігуге бейімдеу;

*Театр қойылымдарында  меңгерген  машықтары мен біліктерін  күнделікті өмірде қолдануын талап ету.

 

 

Педагогикалық қағидалар:

-Баланың оқуына дифференциалды  қатынас, оның  жас және тұлғалық ерекшеліктері мен қабілеттерін ескеру;

-Баланың мектептегі, жанұядағы орны;

-Тұлғалық ерекшелігін сыйлау;

-Пәндік оқу  әдістерін үйрету;

-Жетістікьтері мен шығармашылығын марапаттау;

-Көркемдік шешімдерді өз бетінше ізденуі;

-Әртүрлі  іс-әрекеттерге  қатысу  мүмкіндіктерін жасау. 

 

 

 

Ұйымдастырылуы

 

Үйірмеге   осы  өнер түріне бейімдегіш 7 жастағы  балалар қатыса алады. 15 балаға дейін қатыса алады. Бұл көрсеткші санитарлық-гигеналық нормаға сай.  Үйірмеге  аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат бөлінген.

    Бұл өнерді балалар біртіндеп меңгереді. Тарихын меңгереді, қуыршақпен жұмыс істеу білігін жаттықтырады, қуыршақ жасап, қойылымға кіріседі. Актерлік қабілеттерінұштайды. Образға енуді үйренеді. Мұғалім қойылымның көркемдік жағына, безендірілуіне, қойылуына көп көңіл бөлуі керек. Қойылымның барлығы жасқа сай, тәрбиелік мәні зор болуы шарт. Сабақтардың ұйымдастырылу тәсілдері әртүрлі болады.

        

Күнтізбелік –тақырыптық  жоспарлау

Тақырыбы

Сағат саны

Өтілетін мерзімі

І жартыжылдық --- 16 сағат

1

Топтың құрылуы.

1

 

2

Театрлық қуыршақтармен танысу, тарихымен таныстыру, Театр мамандықтармен танысу.

1

 

3

Қуыршақпен жұмыстың негізгі ережелері.

1

 

4

Қойылым таңдау. Мазмұнымен толық танысу.

1

 

5

Жаңылтпаштар арқылы  анық сөйлеуге жаттықтыру.

1

 

6

Әртүрлі ертегілер арасындағы диалог

2

 

7-8

Үйірмеге қатысушылармен  мәнер, дикциямен жеке жұмыс.

2

 

 

Сценарии бойынша жұмысты бастау:

Бауырсақ ертегісі.

3

 

 

Қорытынды дайындық.

1

 

 

Ата-аналардың алдында қойылымды көрсету.

1

 

 

Қысқа қойылымдардың сөздерін дайындау, жаттығу.

-Тиін мен Қасқыр ертегісі бойынша дайындық.

-Түлкі мен қоян ертегісі.

-Арыстан мен Тышқан.

2

 

ІІ жартыжылдық -18 сағат

 

Қойылымдарды қоюға дайындық.

3

 

 

Қойылымды басқа оқушылардың алдында қою.

1

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения