Джуматаева Акмарал Болегеновна
Должность:учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Акмолинская область,Бурабайский район, с. Окжетпес
25.03.2015
0
1835
7

Жинақ: "Қиялды дамытуға арналған жаттығулар"

Қиялды дамытуға арналған жаттығулар.

 

  1. «Менің –көңіл күйім қандай»

Балалар өз көңілдеріне сәйкес келетін суретті тауып айтады (көңілді, көңілсіз, қорқынышты, ренжулі) Сол кездегі өздерінің көңіл-күйлерін баяндайды.Басқа суреттегі көңіл-күйге сәйкес болған жайды әңгімелеп береді.

 

2. «Жаңа ертегі»

Жүргізуші отырған балаларға ертегі кейіпкерлерін атайды, суреттерін көрсетеді. Мысалы: кемпір, шал, түлкі, арыстан, тышқан, т.б. Аталған кейіпкерлерді біріктіре отырып жаңа ертегі мазмұнын құрастырып айтуды ұсынады. Балалар ертегі құрастырады. Ең қызыұты ертегі ойлап тапқан бала жүргізуші болып ойын жалғасады.

 

  1. «Теңіз жағасындағы түс»

Балалар теңіздің шуын тыңдап жатады (аудиожазба) Осылай жатып олар түс көреді. Балалар тұрған соң түсінде көргенін айтып береді. Ол су, теңіз жағасындағы адамдар, қайық, кеме, құстар, балықшылар, су асты тіршілігі болуы мүмкін.

 

  1. «Сиқырлы дөңгелектер»

Баланың қиялын дамытуға арнайы бірнеше дөңгелектер беріледі, олардан балалар жануарлардың бейнесін жасау ұсынылады. Мысалы: құлақтары үшбұрыш, көзін қиғаш сызықтармен, тұмсығымен мұрттарын сызып мысықтың бейнесін салады. Аю, құлақтарын жартылай дөңгелек, көздеоін екі дөңгелек, тұмсығымен аузын салу арқылы аюдың басын салады,  оның сыртқы бөлігінен ирек сызықтарды айналдыра жүргізу арқылы арыстанның басының суретін салып, бала өз қиялы бойынша суретті толықтырады.

 

  1. «Қиял жалғасы»

Тәрбиеші ойланып, балалардың назарын тақтаға аударады да өзі бірнеше сызықтарды бормен сызып қояды. (толқын, сынық, сызық, ирек) Менің қиялым бойынша осы сызықтардан алуан түрлі заттар жасауға болады. Қане, кім менің қиялымды жалғастырып өз ойларынан толық сурет салып береді екен деп өз алдыларындағы парақ қағазға сызықты сызып суретке айналдырып, не салғаны жайында әңгімелеп беруді өтінеді. Балалар жұмысын бірге талдайды.

 

Есте сақтауға арналған жаттығулар.

 

  1. «Сиқырлы саусақтар»

а) Таң қалу (екі қолдың бас бармағын көтеру)

ә) Өзіңдң көрсету (бір саусақпен

б) Сәлемдесу (қолды жоғары көтеру)

в) Қорқыту (сұқ саусақпен)

г) Тоқта (бас бармақты төмен көрсету)

ғ) Аймалау (екі қолды бір-біріне сипалау)

д) Жеңіс! (екі қолды жоғары көтеру)

 

  1. «Менің елім»

-          Қандай елде тұрасыңдар?

-          Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер ?

-          Қандай қалада тұрасыңдар?

-          Біздің қаламызда қандай көшелер бар№

-          Балабақша қандай көшеде орналасқан?

-          Сен қай көшеде тұрасың

-          Қандай атақты адамдардың атыменаталған көшелер бар?

-          Ел, жер туралы кім мақал-мәтел, тақпақ біледі?

  1. «Ойыншықтар әлемі»

-          Топтарыңда қандай ойыншықтар бар?

-          Саған өзіңе ұнайтын, ең әдемі ойыншықты кім сыйлады?

-          Ойыншықтар неден жасалады?

-          Ойыншықтар туралы өлең, тақпақ, жұмбақтар білесіңдер ме?

-          Менің сүйікті ойыншығым тақырыбына әңгіме құрастыру.

  1. «Сөз моншақтар»

Жүргізуші балаларға бір сөз айтады, ол сөздің басында және аяғында қандай әріп естілгенін сұрайды. Соңғы әріпке сәйкес келесі сөз ойлап оны бала жалғастырады. Осылайша «жіпке тізген моншақтай» сөз моншақтарын тізіп айтуға жаттығады. Қай бала көп сөзді ойласа, сол бала жеңіске жетеді, ол жаңа сөзді өзі бастап ойынды жүргізеді.

  

Қабылдау қабілетін дамытуға арналған жаттығулар.

 

  1. «Гүл»

Балалар әр жерде отырады. Жүргізуші: Балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз. Күн шықты, гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді (қолдарын созады)

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения