Джуматаева Акмарал Болегеновна
Должность:учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Акмолинская область,Бурабайский район, с. Окжетпес
25.03.2015
0
452
0

Жадынама: «Оқу жылдамдығы төмен, (кітапты ) нашар оқитын балаға қалай көмектесу болады?»

     

                                              Оқжетпес орта                                                                                  мектебінің    бастауыш сынып мұғалімі:                                                                                Джуматаева А.Б.

 

 

№1 жадынама.   «Оқу жылдамдығы төмен, (кітапты ) нашар оқитын  балаға  қалай  көмектесу     болады?»

         Кіші мектеп жасындағы балаға дефектолог маманының көмегі қажет, егер ол кітап оқудағы қиындықтар әсерінен:                      *тапсырмаларды орындауда қатынас тәртібі мен  заңдылықтарды    орнатуда қиындыққа шалдықса, мысалы, жыл, ай, апта күндерінің  келу тәртібінде шатасса;

*ретімен санауда 3 саннан артық , кері санауда 2 саннан артық дұрыс қайталап бере алмаса;

*тіпті қарпайым ритмді қайта жаңғырта алмайды, мысалы,  үстелдің үстінен қаламмен не қолмен жасаған тарсылды.

*сурет бойынша әңгіме  құрастыруда қиынсынады;

*адамдар мен заттардың оң, солын ажыратуды қиынсынады, оң мен солды талап ететін тапсырмаларды орындай алмай қиналады;

*сөздік қоры өте аз болған жағдайда;

*сөзге фонемалық талдау жасай алмайды (дыбыстардың орнына буындарды белгілейді, дауысты дыбыстарды  тастап кетеді);

*оқыған кезде  дауысты дыбыстарды шатастырады, біліп тұрса да (мысалы, ә-а,э, ө-о, а-ы, т.с.с);

*буындарды ауыстырады, мүлдем басқа сөз оқуы мүмкін,  теріс оқиды;

*мұқиятсыз, тиышсыз,шапшаң, көңілі тұрақсыз.                                                        

Оқу машығы төмен  баламен жұмыс жасағанда оның бойында мына қасиеттерді  қалыптастырып, дамыту керек:.                                                                                                                1.Өзінің денесі туралы түсінігі. Өзінің денесінің  негізінде бала жоғары, төмен, оңды, солды, артта, алда деген ұғымдармен танысады. Ол үлкендердің сұрактарына жауап береді (Бас үстінде ме, астында ма? Арқа артта ма әлде алда ма? Т.с.с.) алдымен өзіне қатысты сосын өзгелерге қатысты қолданады.                                                                                           2. Кеңістік туралы  елесі. Бала қоршаған  заттар мен  суреттердің негізінде  үлкендердің сұрақтарына жауап бере алады: қай зат алыс, жақын,  кім  жылдам, кіші. Содан кейін сұрақтар күрделенеді:қай зат мынаған қарағанда жақында тұр, бірақ анау затқа қарағанда  алыстау тұр?(бұны артық, кем,  кіші үлкен, т.б. ұғымдарға қолдануға болады) 3.Бірізділік жайлы түсінік. Үлкендер балаға жыл мезгілдерінің, тәулік, ай, күн, аптаның келетін ретін түсіндіреді, оның бәрін кітаптағы суреттермен сүйемелдейді. Сонымен қатар балаға  келесі тапсырмалар ұсынылады:  * берілген  үлгі  бойынша геометриялық фигураларды, пазлдарды, моншақтарды  бірізділікпен, белгілі бір заңдылықпен орналастыру;  *текшелерден қиылған суреттер мен бейнелерді  құрастыру; *бірізді суреттердің көмегі арқылы әңгіме құрастыру.                                                                                                                                                                                             

    4. Сөздің дыбыстық құрамы туралы түсінігі. (жаңылтпаштар арқылы). Жаңылтпаштарды айту  баланың дикциясын  жақсартып қана қоймай, дыбыстарды анық айтуға жаттықтырады. Мысалы, Ай, Айдарбай, Айдарбай!  Айыр мүйіз сиырыңды, Үйіңе айдай бар, т.с.с. Бала  біраз жаңылтпаш жаттағаннан кейін одан белгілі бір дыбысқа жаңылтпаш айтуды сұрауға болады. Мысалы, «ң»  дыбысына-                                                Таң ата Заңғар,                                     

Шаңғы алдырар.   Шаңғы алдырған Заңғар.                                         Шаңғымен сырғанар.                  

5.Сөздің буындық құрамы туралы түсінігі. Баламен  жаттыққанда допты қолдану ыңғайлы: *үлкен мен бала допты  бір-біріне лақтыра отырып, сөздерді буынға бөледі. (Мысалы, та-уық, жа-ңа, ба-ла-пан, т.с.с.) * үлкен адам  бірнеше сөздің  басы  болалатын буынды айтады, ал бала сол буыннан басталатын бірнеше сөз ойлауы керек. (мысалы, ба-  -лапан, -ла, -лық, -нан, -рыс, т.б.).

   Ең маңыздысы- баланың  өзіне деген, өз күшіне, қабілетіне сенімін арттыру. 6-10 жасар баламен жұмыс істегенде   ойндар мен қызықты жаттығуларды еңгіген дұрыс ( текшелер, пазлдар,  түсті суреттер, т.б.).Мәтін мен жаттығулардың мазмұны баланың қызығушылғына сәйкес келу керек. Мысалы, Барби қуыршақ, машиналар, т.с.с.   Баланың  қызығушылығын жойып алмау үшін, оның жетістіктерінің кестесін жүргізіп отырыңыз. Мадақтап, кішкене жетістігі болса да мақтап қоюды ұмытпаңыз.

 

№2 жадынама.  Бейнелік ойлауды дамытуға арналаған жаттығулар.       

«Аяқталмаған әңгімелер».

Бұл жаттығу баланың  қиялын дамыта түседі.  Балаларға басталған әңгімені аяқтау ұсынылады. Бұл жаттығу шығармашылық елесі мен  қайтажаңғыртуын  дамытады, логикасын, ойлауын,баланың зейінін; баланың өмірлік тәжірибесі мен құндылықтар жүйесін белсендіреді.             Жұмысқа арналаған мәтіндер.                                                                                                              

Тиіннің қылықтары

            Екі құрбы орманға барды. Олар себеттерін жаңғаққа толтырды. Қайтар жолда әдемі гүлдерге толы жерге тап болды.  –Себеттерімізді ағашқа іліп, гүлдерді жинап алайық,-деді бір құрбы. –Жарайды! –деді екіншісі.   Қыздар гүл теріп жүр, себеп ілініп тұр.  Бір мезетте  інінен тиін жылтиып  жаңғаққа толы себетті көріп қалды. Онды  болды ғой,- деп ойлап . . .

Өзенде

      Нұрәділ мен  Ерназар өзеннің жағалауымен келе жатты.  –Қызық екен,-деді Нұрәділ, -ерлік қалай жасалады екен? Мен үнемі  ерлік жасауды армандаймын! –Ал мен  бұл жөнінде тіпті ойланбаймын да,- деп  Ерназар тоқтап қалды.  Өзеннен дауыстар естілді . . .

Айтылмай қалған  ән.

       Бір қаз болыпты. Таң сәріде ол  жүзіп келе жатып, суда өзін көріп қалады. Қаз өзңне қатты ұнап қалды.  Қанаттарын жайып, бір сілкініп алды. Қаз  өзі туралы ән айтқысы келді.    «Мен қандай әдемімін, өзім қандай сұлумын!» -деп айтқысы   келді. «Теректен  мен  сымбаттымын, қардан ақпын, көзі айдын көлден таза». Бірақ  жан-жағына қарады да, . . .

Күн шуағы.

  Ертеде  өте мейірімді адам болыпты. Ол барлығына мейірбандық жасағысы келді.  Бірде мектеп қасында жылап тұрған  кішкентай қызды көрді.  –Сен неге жылап тұрсың?-деп сұрады ол.   – Мен қалай жыламаймын,- деді қыз. –Барлығына тоқаш беріп,  маған жетпей қалды.   –Жылама,-деді әлгі кісі. –Мен саған көмектесемін. Мен . . .

Үш емен.

   Ертеде  әйел болыпты.  Оның ұлы бар еді.  Ал күйеуі оны тастап, алысқа кеткен. Ешқандай хат жазып, сәлемдеме жібермеген.  Әйелі де  оны ұмытуға тырысты. Баласы кішкентай болған кезде  әкесін іздемеді де, ол барлық балалар анасымен тұру керек шығар деп ойлады. Ол өзін  өте бақытты  сезінді. Ол атқан таңға, жайқалған көгалға доп ойнап қуанып жүрді.  Ол сәл есейген кезде басқа балалардың  әкесі бар екенін көріп анасынан: «Ана, менің иәкем кім?» деп сұрады. Анасы баласының жүрегін ауыртпау  үшін әкесі туралы шындықты айтпады. Ол баласы әкесін  мақтан тұтып, жақсы көргенін қалады.  Есік алдында үлкен емен өсіп тұрған еді. Жел де, дауыл да оны құлата алмады. Сонда анасы  баланың әкесі  - емен деді. Анасы қалжындап айтса да, бала оны шындықпен қабылдады. Бала еменге келіп: «Амансың ба, емен!»,-деді. Ал емен болса,  жасыл  жапырағымен сылдырлап, былай деді: . . .

         Бала әңгіменің желісін аяқтап қана қоймай, әңгіменің атын да шатастырмай  өз сөйлемдерінде анық көрсету керек. Бұл жерде баланың жаубын былай сынауға болады:                                                                    * сюжеттін ерекшелігі;  

    *мазмұндаудың байланысы;        

     *есте сақтауының  біріктілігі;            

 *эмоционалды қанық;          

 * әдебиеттілігі.

 

Тест «Аяқталмаған сурет»

       Бұл тест баланың фантазиясын және бейнелік ойлауын зерттейді. Оны дамыту жаттығуы ретінде де қолдануға болады. Тапсырма деңгейлеп орындалады. Балаға бір қатар шеңберлер беріледі. (суретті қараңыз)

Міндеті- әр шеңберден қосымша  элементтерді қолдана отырып  әртүрлі  образдарды жасау. Кім көп бейнелерді салады, сол  әрине ұтады. Шеңберді басқа да фигуралармен ауыстыруға болады.   Екінші деңгейде балаға  иттің бір  бөлігі салынған сурет қатары(5 иттің суреті)  беріледі.  Бала  әрбіреуін аяқтап салу керек және  олар бір –біріне ұқсамауы керек. Өзгерістер тіпті  қиялындағы жануарға ұқсауы мүмкін.  Сосын  дұрыс жасалған суреттерді санап, балаңызды мадақтап қойыңыз.  Бала көп сурет сала алса, онда баланың қиялы мен образдық ойлауы жақсы дамыған.

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения