Джуматаева Акмарал Болегеновна
Должность:учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Акмолинская область,Бурабайский район, с. Окжетпес
25.03.2015
0
314
0

Мақала : "Мәтінмен қалай жұмыс жүргізу керек?"

Мәтінмен қалай жұмыс жүргізу керек ?

Тілдің құрылымдық бірлігі-мәтін болып саналады. Мәтінмен жұмыс жүргізгенде біз мақсат қоя білуіміз керек; берілген  мәтінді қалай оқу керек. Мәтін мәліметті жеткізуші, сақтаушы ретінде бірнеше түрге бөлінеді: хабарлама, хат, қолдану бойынша нұсқау, өлең, сұхбат, автобиография, әдеби мәтін, хабар, рецепт, арнайы мәтін, санақ, тест, жарнама, әзіл, мақала.

Мәтінмен жұмыс жүргізу бірнеше этаптардан тұрады:

I этап — Мәтін мазмұнымен жұмыс жүргізуге дайындық:

Оқыңыз немесе әріптерде мәтіннің тақырыбын құрып, келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

Сіз қалай ойлайсыз, мәтінде не туралы айтылған?
Мәтіннің бас және қосалқы кейіпкерлері кім болып табылады?
Мәтінде неше кейіпкер бар?
Тақырыбына қарап қандай уақиғалар болатынын білуге болады?
Мәтінде қандай жыл мезгілі, күні көрсетілген?
Мәтінде қандай тарихи уақиғалар айтылған?
Мәтінде қандай ауа-райы көрсетілген?
Мәтін мазмұндаманың қай түріне қатысты?
Мәтінде табиғат көріністері, жануарларды суреттеу бар ма?

II этап —  Мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақтар

1.     Алдын ала бөлінген мәтін бөліктерін жинап, түпнұсқасымен салыстыру

2.     Мәтінді аяқтаңыз немесе мәтіннің бас жағын жазыңыз, түпнұсқасымен салыстырыңыз

3.     Мәтінді оқыңыз.

4.     Мәтіннің  негізгі сөздері берілген, оларды мәтіннің мазмұнына сай етіп логикалық ретімен орналастырыңыз, түпнұсқасымен салыстырыңыз

5.     Мүмкіндігіңізше  бірінші этаптың сұрақтарына жауап беріңіз.  

6.     Мәтіннен кейіпкерлердің мінездемелерін тауып оқыңыз.  (жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтаңыз), табиғатты суреттеуді, уақиғалар  т.б.

7.     Мәтіннің мазмұнына байланысты кейіпкерлердің дұрыс суретін дұрыс таңдау керек.

8.     Мәтінді бөліктерге бөліп, әр бөлігіне тақырып ойлап табыңыз.

9.     Мәтінге өзіңіз ат қойыңыз.

10.                       Мәтін бойынша диктант жазыңыз.

III этап —  мәтіннің лексикалық құрамына тапсырмалар:

1.     Кейіпкерлердің мінезі мен келбетін білдіретін сөздерді тауып, жазыңдар.

2.     Табиғатты, уақиғаларды білдіретін сөздер мен мәнерлерді тауып жазыңдар.

3.     Мақал- мәтелдерді, тұрақты сөз тіркестерін тауып жазыңдар

4.     Мәтіннен интернацияналдық сөздерді тауып жазыңдар    

IV этап — мәтінге грамматикалық тапсырмалар:

1.     Мәтіннен етістікті табыңыз.

2.     Мәтіннен зат есімді, септіктерді, жекеше-көпше түрін анықтаңыз.

3.     Мәтіннен сын есімдерді, олардың шырайларын табыңыз.

4.     Мәтіннен қысқарған  сөздерді тауып, олардың мағынасын түсіндіріңіз.

5.     Құрмалас сөйлемдерді табыңыз, олардың түрлерін анықтаңыз

V этап — Мәтін бойынша көшірмелі, құрылымдық, шығармашылық тапсырмалар:

1.     Мәтінді өз сөзімен айтып беріңіз.

2.     Мәтінді  диалог, сұхбат түріне ауыстырыңыз.

3.     Мәтінді ертегі түрінде айтып беріңіз.

4.     Мәтінді әңгіме түрінде айтып беріңіз

5.     Мәтінді басқа шақ түрінде айтып беріңіз.

6.     Мәтінді 1,2 жакта айтып беріңіз.

7.     Мәтінді хат, электронды хат түрінде көшіріп жазыңыз.

8.     Мәтін бойынша мазмұндама жазыңыз.

9.     Мәтінді әр түрлі шырайда айтып беріңіз.

10.   Мәтіннің мазмұнын басқа кейіпкерлерді қатыстырып ойластырыңыз.

11.   Мәтін бойынша сурет салыңыз.

12.   Мәтін мазмұнына байланысты қойлым құрыңыздар.

13. Мәтінге байланысыты фильм сценарийін құрыңыздар

14.   Мәтін мазмұнына байланысты тест құрыңыз және орындаңыз.

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения