Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
25.03.2015
0
1270
0

Ж.Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой»

Казахстан, Кызылординская область, г. Аральск

Областная специальная санаторная школа-интернат №2

Учитель казахского языка и литературы

Ансатова Роза

Білімділік мақсаты: Жамбыл шығармашылығына тоқтала отырып, өлеңнің мағынасын ашып түсіндіру, өлең мазмұны бойынша әртүрлі тапсырмалар орындату.

 

Дамытушылық мақсаты: - Өлеңге жан-жақты талдау жасату арқылы ой белсенділігін арттыру, сөйлеу, жазу мәдениетін дамыту, ізденуге тәрбиелеу.

 

Тәрбиелік мақсаты: - Оқушыларды Отанды сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу, поэзия құдіретін сезіндіру.

 

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап.

 

Көрнекілік: Интерактивті тақта, тақырып бойынша слайдтар.

 

Пәнаралық байланыс: Тарих.

 

Сабақ барысы. І. Ұйымдастыру: Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқушылар назарларын сабаққа аудару.

 

ІІ.1. Үй тапсырмасын төменде көрсетілген сызба бойынша бекітемін.

 

ІІ.2. Жамбыл туралы пікір жазған кімдер?

 

 

ІІІ. Жаңа сабақ. Ж.Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой»

 

Ленинградтық өренім,

 

Мақтанышым сен едің!

 

Нева өзені сүйкімді.

 

Бұлағындай көремін!

 

         «Бұл өлеңді көзге жас алмай, қуаныш сезімімен толқымай оқи алмайтын едік. Біз бұл хаттағы өлеңнің артымыздан күшті таяныш келгендей қымбат екенін білдік. Қазақстан халқы бізге өзінің туысқандық сәлемін, ықыласы мен достығын жолдаған еді, біз күшімізге күш қосылғандай ұрысқа аттандық.» (В.Вишневский).

 

 

 

         -Иә, ССРО-Германия соғысының барлық кезеңінде ақын Жамбылдың әр дауысы еліміздің түкпір-түкпіріне түгел естіліп жатты, ол өзінің шығармалары мен майдандағы жауынгерлерге дем берді, намысын қайрап, ерлікке баулыды.

 

         Ендеше, оқушылар, бүгінгі танысатынымыз – жыр алыбы, белгілі айтыскер Жамбылдың соғыс, Отан қорғау тақырыбына арналған «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңі.

 

 

 

ІҮ. Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқу арқылы тыңдату және оқушыларға оқыту. Сөздікпен жұмыс.

 

Мүрде – өлген адамның денесі.

 

Көзел – көпті көрген, сұңғыла.

 

Кәріп – жалғыздықтан жапа шеккен жан.

 

Жабы – жылқының нашар тұқымы.

 

 

 

Ү. Ой қозғау. Өлең бойынша қойылатын сұрақтар.

 

- Өлең кімге арналған?

 

- Өлеңде ақын сезімі қалай беріледі?

 

- Ақынның соғыс туралы тағы қандай өлеңдері бар?

 

 

 

Бұл өлең ақынның Алғадай атты ұлының 1941-1945 жылдардағы соғыстан оралмай қаза тапқандығынан хабар береді, осы кезде Жамбыл ақын қайғы жұтып, мұң-шерін жырмен жеткізеді.

 

 

 

Алғадай – Жамбылдың өте жақсы көретін баласы.Майданға әке әмірімен аттанады. Майданда еткен еңбек, ерліктерін естігенде қуана жауап жазады, алғыс айтады. Майдандағы әр жеңіске қуанышын білдіріп отырады. 1913 жылы Алғадайдың қайтыс болғанын Ғали Орманов (сол кездегі хатшы) Әбділда Тәжібаевтар естірткен.

 

-                     Балалар, Отанға, халыққа деген сүйіспеншілік, ынтымақ, бірлік – Жамбыл шығармаларының негізгі арқауы. Ақынның көптеген өлеңдері еліміздің бейбітшілік саясатына арналған.  Жамбыл Отан қорғау тақырыбын жырлағанда есімдері елімізге кеңінен танымал халық батырларының бейнелерін көз алдымызға елестетіп, кейінгі ұрпаққа үлгі ретінде ұсынады. «Ленинградтық өрендерім», «Мәскеу», «Отан өмірі» атты өлеңдері майданның алғы шебіндегі кеңес жауынгерлерін ерлік күреске рухтандырған ұран болды, сол кезде олар ауыздан-ауызға таралып жатты.

 

 

 

 

 

ҮІ. Семантикалық карта.

 

 

 

Соғыс адамзатқа қандай зардап әкелді?

Соғысқа қарсы нелер, қандай күштер жасақталды?

Соғыста жауынгерлер қандай ерліктер көрсетті?

 

 

 

 

 

 

 

 

ҮІІ.Топтастыру.

 

 

ҮІІІ. Салыстыр. 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінде ерлік танытқан Қайрат Рысқұлбеков пен ССРО – Германия соғысында абыройлы іс көрсетіп қаза тапқан Жамбылдың ұлы Алғадай бейнелерін салыстыру.

 

  1. «Қайратты анасының жоқтауы»
  2. «Алғадайды әкесінің жоқтауы»

 

Жоқтау – ауыз әдебиетіндегі тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Ол қазаға ұшыраған адамның артында қалған жақындарының қайғылы сарынмен айтатын зары, мұң сөзі.

 

ІХ. Бекіту.

 

  1. Алғадай туралы қандай батырларды білесіңдер?
  2. Биылдың жеңістің неше жылдығы аталып өтілді?

 

Х.Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу, жаттау.

 

ХІ. Бағалау. Сабақта белсенділік көрсеткен оқушылар бағаланады.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения