Уакбаева Жадыра Имантаевна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
25.03.2015
0
412
0

Статья " Айтулы мерейтойлар "

                          Айтулы мерейтойлар                                             

 

Қазақ хандығы қазақ халқының ғасырлар бойы сақтап,қорғап келген 

мемлекеттігінің нышаны. Қазақ хандығы Керей мен Жәнібек хандардан бастау алды.Осыған орай қазіргі таңда  Қазақ хандығының 550 жылдығы,            Ассамблеясының 20 жылдығы, ұлы ақын А.Құнанбаевтың 170 жылдығы, Ш.Уәлихановтың  туғанына 180 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығына арналған ақындарды,батырларды құрметтеуге, дәріптеуге бағытталған іс-шаралар еліміздің түкпір-түкпірінде өткізіліп жатыр. Осы айтулы күндер біздің мектебімізде де аталып өтіп жатыр. Соның ішінде атап өтсек қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі жетекшілігімен  Жеңістің 70 жылдығына орай « Даңқты батыр Бауыржан » атты  өткізілген тәрбие сағаты. Сондай-ақ мектеп мұғалімдерінің жетекшілігімен осы аталған зиялыларға арнап көрме ұйымдастырылды. Оқушылар осы іс-шараларға ден қойып қызығушылықтарын арттырды.Барлығы дерлік жаппай ат салысты. Суреттер салып,өздерінің ақ тілектерін жаудырды.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай

 « Естеріңде болсын,тарихта қазақты ешкім ешуақытта жаулап алған жоқ .Жаулап алғысы келгендер ел ішіне іріткі салды. Біз бір ұлтпыз,қанымыз бір,жанымыз бір. Ержүрек халықтың ұрпағымыз »деп еліне айтқан нақыл сөзі бар. Осы тұрғыда бірлігімізді сақтап,тілімізді,дінімізді құрметтеп еліміздің көркейуіне жаппай ат салысып,болашаққа нық сеніммен қадам басайық дегім келеді.

 

                                                                                                  Уақбаева Ж.И.

                                                                                                  Тереңөзек НМ

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения