МАТЕНОВА ГУЛЬНАРА ДИЛДАШОВНА
Должность:қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Қазақстан
Регион:Қарағанды облысы, Абай ауданы, Қарабас кенті
23.03.2015
0
390
0

Қойылым тақырыбы «Қазақ тарихының алтын беттерінен. Тұмар патшайым»





Қойылым тақырыбы

«Қазақ тарихының алтын беттерінен.

Тұмар патшайым»

 

Жүргізуші:

 

Бұл тарихи шежіре беттері

Ғасырлар тереңінен ұрпақтан ұрпаққа жетті!

Туған даласының

тәуелсіздігін қорғаған  Тұмар есімі

Ұлы дала аспаны астында

Ғасырлар бойы мәңгі жасайды!

 

Жайлаған Сақстанды Тұран елі,

Еркіндік, Тәуелсіздік ұраны еді

Биледі қыз да болса Тұмар оны

Атадан қалған тақтың мұрагері.

Тұяғы тектілердің Тұмар ханым

Биледі әділдікпен Кең даланы!

Жан жоқ-ты одан асқан ақылды елде

Тәкаппар, өр мінезді, батыр кеуде.

 

Ығады сырт дұшпаны ызбарынан

Қаймықпас жанжал, ұрыс, түз дауынан

Жасанып жауға шапса жігіттері

Қонатын атқа қоса қыздары бар.

 

Кең дала сүйсінетін ерлігіне

Сын сағат туды басқа, енді міне

Тартылды таразыға тағдырлары

Сақтардың сына түспес елдігі де.

 

Соғыстың атой салып дүрбелеңі

Парсылар жау боп шығып іргедегі.

Келеді екі жүз мың қолын алып

Патшасы-астамсыған Кир дегені.

 

 

 

Сахна.

Тұмар шатыры.

(Тұмар тақта отыр. 1- жауынгер кіріп келеді.)

 

1-Жауынгер:

 

-Тұмар ханшам!

Өмірінде жан емеспіз бұғып көрген

Ақыл, айла, сенім мен үмітке ерген

Батырларға тән ежелгі әдетпенен

Жауға аттануға рұқсат ет!

 

 

 

 

 

 

Тұмар:

 

-Бейшара Кир, ажалына асық екен

Біздерді басынам деп басы кетер!

Асықпаңдар, ерте әлі!

 

 

2-Жауынгер:

 

      -Патшайым, ел анасы, ханым дана!

 Еліңе ауыр күнде болған пана!

 Тілегіміз-енді жауға аттаналық

 Қан көрсе, қос қыранда шер тұра ма?

 

 

 

 

Тұмар:

 

-Жасақ басы менің ұлым.

Шыбындай қырып салып

 жеңер жау қолын!

Асықпаңдар!

 

 

3-Жауынгер:

 

-Парасатты, әділ патшайым!

Халықтың арқа сүйер тірегі,

Ардақты ұлың тұтқынға түсті.

Кирдің бұл басынуына шыдар емеспіз!

Жаудың қолын жайратуға рұқсат ет!

 

 

 

Тұмар:

 

-Қанішер Кир! Жеңіске жеттім деп есіріп, мақтанба! Ұлымды босат, көзіңді жоғалт! Ақылымды алмасаң, Күн құдайының атымен ант етемін, қанға тоймаған басыңа қан жұтқызамын!

Алға сақтар!

 

 

Бәрі сахнадан кетеді.

 

Жүргізуші:

 

-Тұмар парсыларға қарсы соғысқа шықты. Бұл ең қатыгез соғыс болды. Бір-бірін алыстан садақ оқтарымен атқылады. Жебелері таусылған соң найзамен, қанжармен бетпе-бет шайқасты. Соғыс ұзаққа созылды, екі жақ та өліспей беріскісі келмеді. Сол кезде Тұмар соңына сақтаған «өжет қыздарын» қосты. Парсылар майдан алаңында жер құшты. Кир өз ажалын тапты.

 

 

 

 

 

 

Тұмар шатыры

 (Тұмар тақта отыр. 1- Жауынгер кіріп келеді.)

 

 

1-Жауынгер:

 

-Патшайым, жеңіспен оралдық!

Тек, сақтардың көбі туған жерін жауға бермей, қаза тапты.

 

 

2-жауынгер:

-Патшайым!

Мен жауынгерлерге соғыс алаңынан Кирдің денесін тауып әкелуге бұйрық бердім!

 

 

3-жауынгер:

-Патшайым!

Жауынгерлеріңіз шатыр алдында тосып тұр. Сізге тартпақ қымбат сыйлығы бар!

 

 

Тұмар:

 

-Берген уәдемді орындап, мен Кирді жаулап алмақ болған елдің жерінде мәңгілікке қалдырдым!

Кімде-кім қастық етсе ұрпағыма, көретін күні осы болар!  Ұмытпасын!

 

 

 

Жүргізуші:

 

-Ерлігін жалпақ әлем, Тұран біліп

Жеткізді ғасырлардан жыр-ән қылып

Аузынан қазағым тастамайды

Қолдар деп аруағы анамыздың

 

Қастерлеп Тәуелсіздік ұранды елім

Көк байрақ желбіреген тұрар көгім

Көкірегі ояу, көзі ашық өсті ұрпағың

Тарихтың жаңа бетін жаза алатын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения