МАТЕНОВА ГУЛЬНАРА ДИЛДАШОВНА
Должность:қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Қазақстан
Регион:Қарағанды облысы, Абай ауданы, Қарабас кенті
23.03.2015
0
444
0

«АҚҚАН ЖҰЛДЫЗДЫҢ ЖАРЫҒЫ»

«АҚҚАН ЖҰЛДЫЗДЫҢ ЖАРЫҒЫ»

 

«Бұл өмірдің қызығы махаббатпен,

              Көрге кірсең үлгілі жақсы атақпен.

             Артыңда сөзің менен ісің қалса,

             Өлсең де өлмегенге боларсың тең!»

(АБАЙ)

 

 

Әдебиет әлемінде талай қыршын жас ақын, жазушы «Құйрықты жұлдыздай» жалт етіп ағып өткені мәлім. Бірақ солардың ішінде қысқа өмірімен, өз халқы алдындағы перзенттік борышын ақтап кеткен сол асыл жастардың бірі - Саттар Ерубаев. Қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларының бірі, жалындаған жастық ғұмыры қамшының сабындай қысқа болған Саттар Ерубаев тірі болғанда, биыл  101 жасқа толар еді.

Жарық жұлдыздай ағып өткен қас-қағым өмірінде ол өзін халқының адал перзенті ретінде көрсете білді. Көлемі шағын болса да салмақты, мазмұны құнды мұра қалдырды. Алғашқылардың бірі болып өндіріс тақырыбына жазылған туындылары бүгінге дейін жаңа шығарма тәрізді. Жаңа жанрдағы шығармалары – балладалары, новеллалары, пародиялары мен эпиграммалары қазіргі әдебиеттің алтын қорына енді. Жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу және  жастарды өз өлкесінің,  елінің тарихы туралы кітаптарды оқуға шақыру мақсатында, Қарабас кенті, №15 жалпы білім беретін орта  мектебінде жалынды жазушы Саттар Ерубаевтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Аққан жұлдыздың жарығы» атты іс-шаралар болып өтті. Өткізілген іс-шарада жазушының өмірі мен шығармашылығы, зерттеу еңбектері, кітап көрмесі, өлеңдерін мәнерлеп оқу қамтылды. Іс-шарада мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімдері түрлі сабақ үлгілерін көрсетті. Г.Д.Матенова, А.Тотоон  Саттар Ерубаевтің өмірін, адамшылық тұлғасын, ақындық талантының шеңберін танытып,есте қалдыру мақсатында 8 -11 сынып оқушылары арасында «Арманының ақ желкені асқақтап»  еске алу кешін және 5-7 сынып оқушылары үшін  «Саттардың сұлу сырлары» мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырды. Саттар Ерубаевтің “Менің құрдастарым” романы бүгінгі күні де халқымыз сүйіп оқитын жаңашыл мәнді жас шығарма. Бұл роман қазақ жұмысшы табының қалыптаса бастау тарихынан, 30-жылдарғы Қарағанды сынды ірі өнеркәсіп ошағының тыныс-тіршілігінен сыр шерткен, алғашқы ұлттық техникалық интеллигенция өкілдерінің бейнелерін сомдаған туынды. А.Ж. Нүрпейісованың осы роман тұрғысында 9 сынып оқушыларының арасында өткізген «Жарқ еткен сәуле ғұмыр» атты дөңгелек үстелі танымдық тұрғыда қызықты өтті. Жазушының «Бақыт»новелласында жастарды өздеріңдей балаларды бақытты өмір сүру үшін күресу керектігін, Отанды сүюге, адал еңбек етуге шақырады. Тарих пәні мұғалімі А.Саней мен А.С. Сарсембаеваның «Бақыт деген не?»  тәрбие сағаты  оқушыларға  «бақыт» ұғымын түсіндіру әрі бақытты бола білудің маңызын ұғындыру мақсатында болды. 16 ақпанда  мектеп кітапханасында жазушы, публицист, аудармашы  Саттар Асқарұлы Ерубаевтің туғанына 101 жыл толуына арналған «Жиырма үш жыл-бір ғұмыр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдеби таныстырылым өткізілді. Көрмеде оқушылар Саттар Ерубаевтің бай шығармашылық мұрасымен танысты. Жоғарыда аттары аталған ұстаздар іс шараларда жаңа технологияларды пайдалана отырып интербелсенді тақтамен жұмыс жасады. Сабақтары өте қызықты да тартымды болып өтті.Саттар Ерубаев аз өмірінде көп еңбек етіп, артынан жастық жалынға, шығармашылық шабытта, өршіл романтикаға толы еңбектерін тастап, қазақ әдебиетінің қасиетті   төрінен жазушы ретінде өзіне тиісті орнын алды.                                                                                                                                                                                                                              Өмірден аққан жұлдыздай ерте кеткен, ал шығармалары әлі күнге дейін мазмұнын жоймай, жаңашылдықты суреттеп тұрған Саттар Ерубаев өмірі мен шығармашылығы - бүгінгі жас ұрпақты қызықтырады. Оның өмірінен, еңбекқорлығынан, табандылығынан үлгі алу – үлкен парыз. Қарағандыда Саттар Ерубаевтың аты мектепке, үлкен көшелердің біріне берілді.

 

Г.Д.Матенова

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

КММ “№15 ЖББОМ, Қарабас кенті, Абай ауданы, Қарағанды облысы

 

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения