МАТЕНОВА ГУЛЬНАРА ДИЛДАШОВНА
Должность:қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Қазақстан
Регион:Қарағанды облысы, Абай ауданы, Қарабас кенті
23.03.2015
0
513
0

Тақырыбы: «Ертегі айтып көрейік. « Шалқан» орыс халық ертегісі»

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі МАТЕНОВА Г.Д.

 №15 ЖББОМ, Қарабас кенті, Абай ауданы,  Қарағанды облысы

Пән: қазақ тілі

Сынып: 6 (орыс тілінде білім алатын)

Тақырыбы:  «Ертегі айтып көрейік. « Шалқан» орыс халық ертегісі»

 Сабақтың мақсаты:Білімділік: «Шалқан» ертегісінің мазмұнымен таныстыру, ертегі идеясын анықтай білуге үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың тілін, ойлау қабілеттерін, мазмұндау дағдыларын дамыту, сөздік қорларын толықтыру. Тәрбиелік:Тілге, ауыз әдебиетіне деген ынта ықыласын тәрбиелеу. Еңбек пен ақыл, достық, бірлік- таусылмас байлық екенін оқушы бойына дарытуға ықпал ету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты игеру.

Сабақта қолданылатын әдіс- тәсілдер: мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ- жауап, талдау,дамыта оқыту әдісі, рөлдік ойын ойнату.

Көрнекілігі:  ертегі кейіпкерлері, қосымша материалдар, тірек сызба.

Сабақтың барысы:

1.        Ұйымдастыру кезеңі

2.        Сабақтың мақсат міндеттерін  түсіндіру

3.        Жаңа сабақ

Мотивациялық қозғаушылық : Балалар шеңберге тұрып ,бір-біріне жылы тілектер айтады.

 Біз қандаймыз,қандаймыз?

 Шұғылалы таңдаймыз!

Күлімдеген күндейміз!

Ренжісуді білмейміз.

 

І. «Шалқан» ертегісін оқу.

Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады. Шалқан үп-үлкен боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады. Ары тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды шығара алмайды.

Шал көмекке кемпірін шақырады. Кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Бірақ орнынан қозғалта да алмайды.

Кемпір көмекке немере қызын шақырады. Немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Тағы да суырып шығара алмайды.

 Немере қызы итін шақырады. Ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Шалқанды суыра алмайды. Енді ит көмекке мысықты шақырады. Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары жұлқиды, бері жұлқиды. Шалқан шықпайды.

Мысық болса, тышқанды шақырады. Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит немересінің етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстайды. Олар тарта-тарта ақыры шалқанды суырып шығарады.

 

 

 

ІІ. Сөздік жұмысы

Шалқан- репка

Тартып –тартып- тянет- потянет

Өс- расти

Етегі-подол

Шақырды- позвал

Шығарды –вытянули

Ары-туда

Бері-сюда

 

ІІІ. Лексикалық жұмысты орындау.

сөздер

синонимдер

антонимдер

шал

қария,  ата

 

тәтті

 

ащы

үлкен

 

кішкентай

кемпір

әже

 

баяғыда

ертеде

 

заман

уақыт

 

тартады

жұлқиды

 

 

IV. Грамматикалық тапсырмаларды орындау.

А) «Шалқан» сөзіне фонетикалық талдау жасау.

Ә) « Не істеді?» деген сұраққа жауап беретін сөздермен келесі тапсырманы орындау:

Не істеді?

Сөз тіркесі

сөйлем

отырғызды

Шалқан отырғызды

Шал шалқан отырғызды.

өсті

Тәтті болып өсті

Шалқан тәтті болып өсті.

тартты

Шалқанды тартты

     Шал мен кемпір шалқанды тартты.

шақырды

Көмекке шақырды

Шал көмекке кемпірді шақырды.

тартып шығырды

Шалқанды тартып шығарды

 Олар шалқанды тартып шығарды.


 

 

 

 


 

Б) Сөйлемге синтаксистік талдау жасау.

Шал мен кемпір үп- үлкен шалқанды тартып- тартып шығарды.

    

 Сергіту сәті

 

V. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

 І деңгей.

Сұрақтарға жауап беру:

1.        Шал не отырғызды?

2.        Шалқан қандай болып өсіп шықты?

3.        Шал көмекке кімді шақырды?

4.        Кемпір  көмекке кімді шақырды?

5.        Немере кыз көмекке нені шақырды?

6.        Жучка көмекке нені шақырды?

7.        Жучка көмекке нені шақырды?

8.        Олар барлығы тартып тартып шығарды ма?

 

ІІ деңгей.

Берілген сөйлем бойынша бірнеше сұрақ  құрастыру.

 

Шал мен кемпір  үп- үлкен  шалқанды  тартып- тартып шығарды.

 

ІІІ деңгей.

«Шалқан» ертегісінің мазмұнын айтып бер.

 

VІ. Сабақты қорытындылау

Тест

1.Ертегідегі шалқанды кім екті?

а) Ата

ә) Әже

2.Немересі көмекке нені шақырды?

а) Мысық

ә) Ит

б) Тышқан

3.Шалқан ертегісіндегі ең соңғы көмекке келген кім?

а) Қыз

ә) Мысық

б) Тышқан

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения