МАТЕНОВА ГУЛЬНАРА ДИЛДАШОВНА
Должность:қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Қазақстан
Регион:Қарағанды облысы, Абай ауданы, Қарабас кенті
23.03.2015
0
375
0

Тақырыбы "Қарабас-менің мекенім"





ЖОБА

Тақырыбы «Қарабас-менің мекенім»

 

 

 

Мақсаты:

Қарабас кентінің қазіргі уақыттағы өмірін, оның тарихы мен тұрғындар тағдыры арасындағы тығыз байланысты көрсету.

 

Міндеті:

1.Қарабас кентінің құрылу тарихын зерттеу.

2.Жергілікті, құрметті ауыл тұрғындары туралы өмірбаяндық мәліметтер жинақтау.

3.Ұлы Отан соғысының ардагері Кашин Александр Васильевичтің өмірі жайында мәліметтер жинақтау.

4.Ауылдың қазіргі тіршілігі туралы үнемі мәліметтер жинап отыру, зерттеу жүргізу.

5.Ауыл тіршілігіне белсене қатысып отыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарабас-менің мекенім

Туған жерім, мекенім, Отан анам

Сені сүйіп, жүрегім оттай жанған

Сен үшін күресемін мәңгілік мен

Сен үшін суды кешіп, отта жанам!

Кез келген мемлекет кіші Отаннан басталады.Әр адамның алғашқы қадам басқан жері,алғаш айтқан сөзі, гүлдер мен шөптердің иісін алғаш сезген жері бар.

Мен үшін әлемдегі ең қымбат жер-кішкентай Қарабас кенті. Оны көптеген үлкен-кіші төбелер қоршап тұр, солардың бірі адамның басына ұқсайды.Елдің айтуы бойынша, ауыл аты осыған байланысты пайда болыпты.

Қарабас- менің мекенім

Осында өскен екенмін

Осында оқып, білім ап

Мақсатыма жетемін

Қарабас- менің мекенім

Сені пана етемін

Сендегі бар құндылықты

мәңгі жырлап өтемін!

Қарабастың өткені де, қазіргісі де, келешегі де бар. Өткені-дана ақсақалдары, ақ әжелері.Олар ежелгі аңыздан келгендей. Олар көптеген тарихи оқиғалардың куәгерлері болған.Олардың ұрпақтары Ахметовтар, Бакмагамбетовтар, Дәулетбековтар, Ақпаровтар жанұялары қазір де Қарабаста тұрып жатыр.

Қазіргісі-жаңа мектеп-балабақшасы. «Қуаныш» мектеп-балабақшасы Қарабастың кішкентай тұрғындарына өз есігін ашты. Жылы, әдемі мектеп-балабақша бүкіл Абай ауданының мақтанышына айналып отыр.

Жаңа Мәдениет үйі тағы бір құт-берекенің белгісі. Үлкен, жарық, заман талабына сай ғимарат тұрғындар үшін көптен күткен сыйлық болды. Жаңа Мәдениет үйі Жаңа жылдық мерекені қарсы алуға ондаған адамдарды жинады.

Жаңа су құбыры, жұмыс істеп жатқан өнеркәсіп, қатынас көлігі-ауыл тұрғындарының он жылдай күткен кішкентай қуаныштары.

Алтын ұям-Мектебім. Күн сайын таныс жолмен мен мектебіме асығамын. Мектебім-екінші үйім. Мұнда әр бұрышы маған таныс, мұнда әр бұрышы маған ыстық. Сыныптастарым, ұстаздарым маған ең жақын адамдардай болып кетті. Амансың ба, Мектебім, қуаныш пен бақыттың мекені!

Менің ауылым арқылы пойыздар зулап өтіп жатады. Мен оларға сәт сапар тілеп,менің ауылым, менің отбасым туралы айта барыңдар деп соңдарынан сыбырлаймын.

Менің жанұям Банковтар отбасы-атақты теміржолшылар әулеті.

Темір жолдағы еңбек өтілі-158 жыл. Келешекте ата-әкемнің, апа-ағаларымның ізін баспақпын. Мен өз отбасымды мақтаныш етемін!

Ауылымның қазіргісі-Қарабаста тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлері де. Ұлы Отан Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында дүниеден өткен ардагерлерімізді еске аламыз ...

Ал, қымбатты Кашин Александр Васильевичке біз денсаулық тілейміз! Майданға он жеті жасында аттанып, бүкіл соғыс жолдарын өтіп, жеңіспен елге оралды. Қарабас көшесінде кезіктірген қарт атайдың ширақтығы әр адамды қуантады.

Қарабастың ең киелі жерінде, биік төбенің етегінде бұлақ бар. Оның мөлдір суы біздің ата-бабаларымыздың шөлін қандырған, оның салқын суының жанында менің де ата-анам бала кездерінде ойнаған. Әрине, мен де достарыммен сол бұлақтың басында жиі боламын.

Өмір сүр, бұлағым! Сенің суың келешекке ағады! Болашағымыз жарқын, бақытты болатынына сенемін!

Көркейсін ел, көп болсын жер гүлдеген

Салынсын көп ғимараттар жүздеген

Көк байрағы желбіресін елімнің

Жарқын болашақ кепіліміз біз деген!!!

 

 

 

Қарағанды облысы, Абай ауданы, Қарабас кенті

№15 жалпы білім беретін орта мектебі

 

 

 

 

 

 

«ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» І республикалық «KATEV»

қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңі

 «Өлкетану» бағыты

 

 

 

 

 

Орындаған

8 «Б» сынып оқушысы БАНКОВА Е.

 

Жетекшісі

 қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі МАТЕНОВА Г.Д.

 

 

 

 

 

 

 

2009 жыл

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения