МАТЕНОВА ГУЛЬНАРА ДИЛДАШОВНА
Должность:қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Қазақстан
Регион:Қарағанды облысы, Абай ауданы, Қарабас кенті
23.03.2015
0
863
5

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстандағы оқу орындары. ҚарМТУ.» (9-сынып)





қазақ тілі мен әдебиеті  мұғалімі  МАТЕНОВА ГУЛЬНАРА ДИЛДАШОВНА

Қарағанды облысы, Абай ауданы,Қарабас кенті, №15 жалпы білім беретін орта мектебі

 

Сабақтың тақырыбы:  «Қазақстандағы оқу орындары.  ҚарМТУ.»  (9-сынып)

Пән: қазақ тілі

Мақсаты: 

Білімділік: ҚарМУ туралы оқушыларға мәлімет беру. Зат есім туралы алған білімдерін жинақтау және жүйелеу.

Дамытушылық: оқушылардың қазақ тілінде ауызекі сөйлей білулерін және әлеуметтік коммуникативті дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Кәсіпке бағдарлау, жеке тұлғаны қоршаған ортаға бейімдеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Қолданылатын әдістер: тақырыптың сипатына қарай баяндау, практикалық жаттығулар, ,  Блумның токсономиясы, INSERT стратегиясы.

Тәсілдері: оқу-техникалық  құралдар, көрнекілік, мәтін, слайд, үлестірме қағаздар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

*Оқушыларды түгендеу;

*Сабаққа дайындықтарын бақылау;

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

*тақырыбы «Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі» (оқулық)

·                    ҚР «Білім беру туралы» Заңы қашан қабылданған?   (1999 жылы, 7 маусымда).

·                    Республиканың білім беру жүйесі өзара тығыз байланысты қандай баспалдақтан тұрады?

(балабақша, ЖББОМектептер,кәсіби-техникалық училищелер, арнаулы орта және жоғары оқу орындары, мектептен тыс мекемелер, дипломнан кейінгі білім (магистратура, докторантура), әр түрлі мамандықтар бойынша жетілдіру курстары).

·                    ЖББМ деңгейіндегі баспалдақтар қандай?  бастауыш (1-4 сыныптар), толық емес орта (5-    9сыныптар),  және орта (10-11 сыныптар).

·                    Қай сатылы білім міндетті? (бірінші және екінші)

·                    Үшінші сатылы деңгейдегі білімді қайда жалғастыруға болады?  (күндізгі немесе кешкі мектептерде, кәсіби-техникалық, арнаулы орта білім беретін оқу орындарында жалғастыруға болады).

·                    Қазіргі білім беру мақсаты қандай?  (бәсекеге қабілетті тұлға дайындау)

·                    Қазіргі білім беру міндеттері қандай?  (жеке адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту,  адамгершілік және салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, ұлттық мәдениеттің озық үлгілерін насихаттау, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу, т.б.).

 

- Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің елеулі оқу орындарының бірі болып Қарағанды Мемлекеттік техникалық университеті саналады.

- Бүгінгі біздің тақырыбымыз осы мәселеге арналған: ҚарМТУ  және Зат есімнің грамматикалық,  морфологиялық белгілерін қайталау.

Сабаққа мақсат қою:

-Бүгінгі сабақтан не күтесіңдер?

-Бүгінгі сабаққа өздерің үшін қандай мақсат қоясыңдар?

-Ал енді ойланып, сұрақ қойыңдар: ҚарМТУ туралы сендерді не қызықтырады, не білгілерің келеді?

(ҚарМТУ туралы оқушылардың 3-4 сұрақтарын тыңдау)

1-тапсырма.  Қазір оқылатын мәтінді тыңдап, түсінуге тырысыңдар.  Өз сұрақтарыңа жауап іздей отырыңдар. (түсініп тыңдау, жоғары оқу орны туралы слайдтар).

Қарағанды Мемлекеттік техникалық университеті отыздан астам мамандық бойынша мамандар даярлайды. Мұнда оқытудың іштей, сырттай, кешкі түрлері бар. Әсіресе, Қазақстан зкономикасы үшін аса қажетті металлургия, кен ісі, геология, құрылыс, сәулет, дизайн, жол қозғалысын ұйымдастыру, экономика сияқты мамандықтар жоғары деңгейде оқытылады. Университетте 500- жуық оқытушылар қызмет істейді. Оқытушылардың ішінде академиктер, ғылым докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, доценттері бар. Университет базасында дәрісханалар, зертханалар,  INTERNET жүйесіне қосылған 45 компьютер сыныптары, жабдықталған жатақханасы мен асханасы, 1,6 млн.дана кітапқоры, үлкен кітапханасы, оқу залы, спорт кешені, шағын стадион, демалыс орындары ,7 оқу ғимараты бар.

Университеттің әскери кафедрасы  4 әскери мамандық бойынша запастағы офицерлер дайындайды.  Түлектер офицер атағын алғаннан кейін ҰҚК(Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті), ІІМ (Ішкі Істер Министрлігі) органдарында, кеден қызметі бөлімшелерінде, төтенше жағдайлар жөніндегі министрлікте және тағы басқа жерлерде жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Бұл университет - Қазақстандағы техникалық білім берудің лидері.  Университет ұжымы Отанымыздың өркендеуіне және дамуына қызмет етуде.

 

-Тыңдалған мәтіннен не түсіндіңдер?  Қойылған сұрақтарға кім жауап тапты?

-Жақсы, балалар, жауаптарыңа рахмет.

-Зейіндеріңді тексеріп көрейік: «Дұрыс па, әлде бұрыс па?», тек өз жауаптарыңды айтарда мына сөздер  мен сөз тіркестерін пайдаланыңдар:

·         меніңше, ...

·         иә, мен келісемін, себебі ...

·         жоқ, мен келіспеймін, себебі ...

·         мәтін бойынша, ...

·         ....деп ойлаймын.

2-тапсырма. Сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтаңдар.

 

дұрыс

бұрыс

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетте дәрігер мамандығына даярлайды.

 

 

Университеттің әскери кафедрасы жоқ.

 

 

Университетте 1000-ға жуық оқытушылар жұмыс істейді.

 

 

Техникалық университет отыздан астам мамандық бойынша мамандар даярлайды.

 

 

Осы оқу орнында ғылыми зертхана және INTERNET жүйесіне қосылған компьютер сыныптары жоқ.

 

 

Бұл университет - Қазақстандағы техникалық білім берудің лидері. 

 

 

 

3-тапсырма. КЕЙС тапсырмасын орындау (мониторға берілген ақпараттың ішінен ҚарМТУ қатысты ақпараттарды таңдап алу).

·         Шыңғыстай мектебінің өзіндік тарихы бар. Мектепті салдырған Ережепов Әбдікірім деген кісі. Ол өте сауатты, орыс тілін жетік білетін, әрі шешен, әрі ақын адам болған.Бұл мектеп 1907 жылы салынып біткен.

·         Бұл оқу орнына түсу үшін бес пән бойынша тест тапсырылады: математика, Қазақстан тарихы, қазақ немесе орыс тілі, орыс мектептері үшін-қазақ тілі, бесінші пән-таңдау бойынша (көбінесе физика және география).

·         Мына оқу орнында мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, музыкалық білім, дене шынықтыру және спорт, қазақ тілі мен әдебиеті, екі шет тілі, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлеуметтік жұмыс, тағы басқа көптеген мамандар даярлайды.

·         Машина жасау және жол-көлік факультетінің түлектері еліміздің көп салаларында еңбек етіп жүр.

·         Бұл университеттің күндізгі бөліміне түскен жігіттер әскери кафедрада оқып, қосымша лейтенант әскери  атағын алуға мүмкіншіліктері бар.

·         Бұл оқу орнына түсу үшін керекті құжаттар: комиссия атына жазылған өтініш,  толық орта білім туралы құжат, 3*4 алты фотосурет,  медициналық анықтама , ҰБТ сертификаты.

 

 Тапсырманы орындағаннан кейін университет туралы қандай ақпарат тапқандарын оқыту.

 

4-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырыңдар.

(ауызекі сөйлеулерін дамыту).

1.Университет  ... даярлайды.  2. Оқытудың ...,..., ... түрлері бар. 3. Қазақстан зкономикасы үшін аса қажетті ...  оқытылады.. 4.Оқытушылардың ішінде  ..., ..., ... . бар.  5. Университет базасында . .., ..., ..., ..., .... бар .  6. Бұл университет-  ... лидері. 7. Университет ұжымы .... қызмет етуде.

 

Оқушыларға мәтіннің қысқаша мазмұнын айтқызу.

-Қазір әрқайсың өздерің үшін шешулерің керек: осы университет туралы білімдеріңді толтыра алдыңдар  ма? Қазақ тілінде берілген ақпаратпен жұмыс істеу үшін білімдерің жеткілікті ме?  Қандай мәселелер пайда болды?

-Бүгінгі сабақта сендер «Зат есім» грамматикалық тақырып бойынша білімдеріңді тексере аласыңдар. Ол үшін, алдымен, тақырыпты қысқаша қайталап өтейік те, жаттығулар жасайық.

ЗАТ ЕСІМ

сұрақтары

кім?  кімдер?         не? нелер?

 

жалпылай, жекелей атауына қарай

тұлғасына қарай

құрамына қарай

мағынасына қарай

·         жалпы

·         жалқы

·         негізгі

·         туынды

·         дара

·         күрделі

·         деректі

·         дерексіз

 

 

5-тапсырма. Сөйлемдердегі  «мамандықтарды», «оқытушыларының»  сөздеріне морфологиялық талдау жасаңдар.

 

-Қазір осы грамматикалық тақырып бойынша өз білімдеріңді тексере аласыңдар, тақырыпты меңгеруде осал жерлеріңді байқай аласыңдар. Енді өздеріңді ҚарМТУ-ға түсіп жатырмын деп елестетіңдер.Қысқаша ғана тестілеу сендердің бәсекеге қабілетті екендеріңді анықтайды.

Тестілеуге нұсқаулық.

Алдарыңда «Зат есім» тақырыбына арналған 10 сұрақтан тұратын тест. Бұл тапсырманы 3 минут ішінде орындап, өздеріңді баға

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения