МАТЕНОВА ГУЛЬНАРА ДИЛДАШОВНА
Должность:қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Қазақстан
Регион:Қарағанды облысы, Абай ауданы, Қарабас кенті
23.03.2015
0
1466
2

БАЯНДАМА "Қазақ тілі мен орыс тіліндегі айырмашылықтыр және оны салыстыра оқыту"

 МАТЕНОВА ГУЛЬНАРА ДИЛДАШОВНА қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.

« №15 жалпы білім беретін орта мектебі, Қарабас кенті, Абай ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан Республикасы»  Коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  

БАЯНДАМА

Қазақ тілі мен орыс тіліндегі айырмашылықтыр

және оны салыстыра оқыту.

 

Еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу барысында білім беруді реформалау жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Осыған орай әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мұғалімдердің тәжірибесінде енгізілуде. Осыған орай, өз тәжірибемде жиі қолданып жүрген технологияларының бірі  – cалыстыра оқыту технологиясы. Бұл технология бойынша оқушылардың білімді  саналы түрде меңгеруіне ерекше мән берілген. Оқушыларға тек білім берумен шектелмей, танымдық әрекетін арттырады және ойлау қабілетін, елестету мен есте сақтауын, белсенділігін, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.

Салыстыра оқыту-екі тілге тән грамматикалық ерекшеліктерді игерту үшін, өзара салыстыра отырып қазақ тілін саналы меңгерту үшін аса тиімді әдістің бірі.

Қазақ тілін оқыту процесінде ана тілі басты рөл атқарады. Егер оқушы өз ана тілінде грамматикалық құбылыстарды, олардың ерекшеліктері мен айырмашылықтарын, дыбысталу жүйесін білмесе немесе түсінбесе, ол қазақ тілін оқығанды да түсінбейді. Оқушылар қазақ тілін оқи отырып, өз ана тілінің негізінде өзге тілді саралап үйренеді. Тілді үйрену кезінде ана тіліндегідей ойды жеткізу тәсілдерін тереңірек ұғынады. Қазақ тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету, ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқу өте маңызды. Ең алдымен оқушы өз ана тілін жетік білуі керек. Егер өз ана тілін жетік білмесе, оған қазақ тілін үйрену, яғни меңгеру өте қиынға соғады. Себебі, екі тілді салыстыра отырып қана оқушы тіл құбылыстары мен айырмашылықтарын саналы түрде меңгертуге болады. Салыстыра отырып, олар қазақ тілін тез меңгереді. Өз ана тілінің құдіреті мен болмысынан, тіл мәдениеті мен тіл өнерінен аттап кетіп, өзге ұлт тілдерін үйрену ешқандай нәтиже бермейді. Тіл үйренушілердің ана тілін таяныш ете отырып, грамматикалық тақырыптарды меңгерту керек. Өз ана тіліндегі грамматикалық материалды жақсы игерген адам, өзге тілдің грамматикалық материалын салыстыра отырып тез әрі оңай игереді. Грамматикалық тақырыптар бір жүйелік ретпен берілуі керек. Мысалы, зат есімді өтпей жатып, септік жалғауларын алу жүйелік шартқа қайшы келген болар еді. Грамматикалық тақырыпты басқа ұлт өкілдеріне түсіндірген кезде орыс тілінде салыстырмалы түрде түсіндірген өз нәтижесін береді. Оқушының ана тілін салыстырмалы түрде пайдалану тәсілі мұғалімнің уақытын үнемдейді. Ал, керісінше, қазақ тілі үшін қаншалықты проблемалық тақырып екенін түсіндіру өте қажет. Грамматикалық ортақ ұғымдар тілдерде жиі кездесетін құбылыс. Мұндай жағдайда екі тілде олардың терминдері ғана басқаша аталғанмен, оның мәні бір болады. Сондықтан орыс мектебінде ортақ грамматикалық құбылыстардың екі тілдегі терминдерін аударма арқылы көрсетудің ана тіліндегі білімі арқылы оның қазақ тіліндегі мәнін түсінуге көмектеседі.Мысалы, зат есім-существительное, етістік-глагол екенін айтқанда, оқушы оның не екенін өзінің ана тілі арқылы түсінеді.

Грамматиканы оқытуда мұғалім оқушының ана тілінің де, қазақ тілінің де грамматикалық құбылысының ерекшелігімен ортақ жалпы мәселелерін жақсы біліп, оқыту кезінде оны пайдалану өте тиімді де пайдалы болып табылады. Ол грамматиканы түсіндірудің сапасын арттырады. Қазақ тілінің грамматикалық категориялары сөйлемдегі ойдың байланысын білдіреді және сөздердің бір-бірімен байланысын қамтамасыз етеді.Тілдің грамматикалық категорияларының қызметінсіз қазақ тілінде сөйлеуге, сөйлегенді түсіну, үйрету мүмкін емес.Екі тілді салыстыра келе оқушыларға көрсете білу-бұл сауатты да, білімді оқушыларды көбейте білу, бөтен тілді ұғындыра білу, оқи алу, түсіну және де сол тілде сөйлей білуге үйрету.

Екі тілдің морфологиясында, негізінен алғанда, ұқсастықтар болуымен қатар, айырмашылықтар да жоқ емес. Қазақ тілінде тоғыз сөз табы бар, ал орыс тілінде-жетеу. Екі тілде де сөз таптары негізгі (самостоятельные части речи-сущ.,прил.,числит.,местоим.,глагол,наречие) және көмекші сөздер (служебные части речи-предлог, союзы, частицы, междометия) болып бөлінеді. Мысалы, зат есім категориясын өткенде орыс тілінде де, қазақ тілінде де кім? (кто?), не? (что?) деген сұрақтарға жауап беретін сөздер зат есім болады.Айырмашылығы, қазақ тілінде кім? (кто?) сұрағы тек адамға және оның мамандығына байланысты қойылады. Ал не? (что?) сұрағы қалған барлықтарына жанды және жансыз заттарға қойылады.

Мысалы: Айман (кім?), мұғалім (учитель) (кім?), торғай (воробей) (не?), ағаш (дерево) (не?). қазақ тілінде бұл сұрақтармен қатар кімдер? Нелер? деген сұрақтары бар, олар заттың көпше түріне қойылады. Мысалы, кім? оқушы (ученик), кімдер? Оқушылар (ученики). Мұндай көпше түрдің сұрақтары орыс тілінде жоқ. Мысалы: ученик (кто?), ученики (кто?).

Екі тілде де зат есім (существительное) жалқы есім (собственное) және жалпы есім (нарицательное) болады. Зат есімнің жасалу жолдары, жекеше, көпше түрлері, жіктелуі-барлығы орыс тілімен салыстырмалы түрде беріледі. Орыс тілінде тек категориясы деген бар, ал қазақ тілінде мұндай категориясы жоқ. Адамның және жануардың тектік айырмашылығы қазақ тілінде жеке сөздің семантикасында жатады. Мысалы: қыз, ұл, тауық, әтеш, немесе сөз тіркесімен беріледі, мысалы ауру әйел (больная женщина), ауру еркек (больной мужчина). Бірақ мұндай айырмашылық грамматикалық категорияға жатпайды. Екі тілде де жекеше түр (ед.число) және көпше түр (мн.число) бар. Орыс тілінде –и, -ы, -а жалғаулары арқылы, ал қазақ тілінде көпше түр көптік жалғаулары -лар, -лер; -тар, -тер; -дар, -дер арқылы жасалады. Мысалы, книга-книги, кітап-кітаптар. Қазақ тілінде орыс тілімен салыстырғанда зат есім және де есімдік, сын есім, сан есім, етістік  жіктік жалғауларын жалғайды.

Қазақ тілінде тәуелдік категориясы бар, мұндай құбылыс орыс тілінде жоқ. Орыс тілінде жоқ болғандықтан, бұл тақырыпты оқушыларға меңгертуде қиындық туады. Тәуелдік тұлға ( притяжательная форма) заттың меншіктігін білдіреді, ол қазақ тілінде тәуелдік жалғаулары (притяжательные окончания) арқылы беріледі.Мысалы, менің қаламым, сенің қаламың, сіздің қаламыңыз, оның қаламы, біздің қаламымыз, сендердің қаламдарың, сіздердің қаламдарыңыз, олардың қаламдары. Ал орыс тілінде заттың тәуелдігі тәуелдік есімдіктері арқылы беріледі. Мысалы, моя ручка, твоя ручка, его ручка. Егер біз орыс тілінде тәуелдік есімдіктерін қолданбасақ, онда заттың кімге меншікті екенін біле алмаймыз. Ал қазақ тілінде Ілік септіктегі жіктеу есімдіктерін қолданбасақ та заттың кімге меншікті екенін тәуелдік жалғаулары арқылы білеміз.

Септеу категориясы, бұл өте маңызды тақырып. Басқа тақырыптарды өткенде, сөйлем құрастырғанда, сөйлемдердегі сөздерді байланыстырғанда кездеседі, сондықтан оқушылар бұл тақырыпты жақсы меңгерулері қажет.

Қазақ тілінде жеті септік, ал орыс тілінде алты септік бар, көбісінің аттары сәйкес келмейді. Мысалы, Атау септік-Именительный падеж, Ілік септік-Родительный падеж, қазақ тілінде синтаксистік қызметі-анықтауыш деп ескере кету керек; Барыс септік-Направительно-Дательный падеж без предлога и с предлогами в, с, за, на; Табыс септік-Винительный падеж без предлога; Жатыс септік-Местный падеж; Шығыс септік-Исходный падеж соответствует Дательному падежу с предлогами из, от, с, у; Көмектес септік-Творительный падеж с предлогами и без предлога, а также Предложному падежу с предлогами на, в.

Қазақ тілінде заттың иесі бар жоғына байланысты септеудің екі түрі бар: жай септеу (простое склонение), тәуелді септеу (притяжательное склонение).

Мұндай септеудің түрі орыс тілінде жоқ. Склонение в русском языке связано с категориями рода и числа и подразделяется на три склонения)

Сын есім (имя прилагательное). Бұл тақырыпты өткенде, алдымен, оқушылардың орыс тілінде білетіндерін еске түсірумен басталады. Сын есім жөніндегі білімдерін мысалдармен бекіткен абзал. Бұл үшін оқушыларға өздік тапсырма беріледі: орыс тілінде сын есімдерді қатыстырып сөйлем құрастыру, сын есімге сұрақ қою, сөйлемдегі маңызын анықтау. Сонан соң сөйлемді қазақ тіліне аударып, бұл сөздер орыс тілінде де, қазақ тілінде де заттың сапасын білдіретіні туралы түсіндіру. Одан әрі мұғалім қазақ тіліндегі сын есімді меңгертеді. Түсіндіру орыс тілімен салыстырмалы түрде жургізіледі. Екі тілде де сын есімнің анықтамасы бірдей, айырмашылығы қазақ тілінде тек категориясы жоқ, сондықтан орыс тіліндегі какой? Какая? Какое? Чей? Чья? Чье? (притяжательные прил.) сұрақтары қазақ тілінде қандай? деген сұраққа сәйкес. Орыс тілінде де, қазақ тілінде де сын есімнің мағыналары бірдей, яғни заттың сапасын (качество), дәмін (вкус), түсін (цвет), көлемін (размер, величину), адамның сыртқы және ішкі сапасын білдіреді (внутреннее и внешние качества человека), мекенге байланысын (отношение к месту), мезгілге байланысын (отношение ко времени) білдіреді. Сын есімнің сапалық, қатыстық туралы түсінік екі тілде де бірдей. Тек айырмашылығы  сапалық сын есім қазақ тілінде, күшейткіш буын арқылы күшейтпелі формасын жасай алуы. Мысалы, үп-үлкен. Екі тілде де сапалық сын есімнің үш шырайы бар, бұлардың аттары сәйкес келеді: жай шырай (положительная степень), салыстырмалы шырай (сравнительная степень), күшейтпелі шырай (превосходная степень). Қатыстық сын есім екі тілде де бірдей, көбінесе басқа сөз таптарынан жасалады, шырай арқылы түрлене алмайды және сөйлемде пысықтауыш бола алмайды. Сын есім екі тілде де сөйлемде анықтауыш, бастауыш (заттанғанда), баяндауыш (когда обозначает не признак предмета, а состояние в котором оно находится) болады. Баяндауыш болғанда, сөйлемнің соңында орналасады. Айырмашылығы қазақ тілінде сын есім пысықтауыш та бола алады, анықтайтын сөзімен байланысқа түспейді (с определяемым словом не согласуется ни в падеже, ни в числе).

Мысалы:


А.с. Қызыл алма

І.с. Қызыл алманың

Б.С. Қызыл алмаға

Т.с. Қызыл алманы

Ж.с. Қызыл алмада

Ш.с.Қызыл алмадан

К.с. Қызыл алмамен

 

И.п. Красное яблоко

Р.п. Красного яблока

Д.п. Красному яблоку

В.п. Красное яблоко

Т.п. Красным яблоком

П.п. О красном яблоке


 

Сан есім (имя числительное) (заттың санын, қатарын, мөлшерін, бөлшегін білдіретін сөз табы. Неше? Қанша? Нешінші? Нешеу? деген сұрақтарға жауап береді). Бұл тақырып орыс мектебіндегі оқушылар үшін қиын емес. Оқушылар сан есімді күнделікті өмірде жиі естиді. Сондықтан сан есім тақырыбы басқаларымен салыстырғанда жеңіл. Екі тілде де сан есімнің анықтамасы бірдей. Айырмашылығы реттік сан есім (порядковое числительное) қазақ тілінде орыс тіліндегідей не изменяется по числам и родам. Мысалы, бірінші (первый, первая, первое). Мен бірінші келдім (Я первый пришел). Біз бірінші келдік (Мы пришли первыми).

Қазақ тілінде сан есім тұлғасына қарай екі топқа бөлінеді: дара сан есім (простое числительное), күрделі сан есім (составное числительное). Орыс тілінде сан есім үш топқа бөлінеді: простое, составное и сложное. Мысалы, қазақ тілінде дара сан есім-бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он. Күрделі сан есім-он бір, жиырма бес, бір мың тоғыз жүз сексен бес. Орыс тілінде простое-десять, составное-двадцать пять, сложное- тысяча девятьсот семьдесят восемь. Жасалу жолы мен мағынасына қарай қазақ тілінде сан есім алты топқа бөлінеді, орыс тілінде-үшке (количественные, порядковые, дробные).

Есептік сан есім-количественное числительное.

Реттік сан есім-порядковое числительное. Бұл сан есімдер орыс тілінде де бар.

Жинақтау сан есім-собирательные числительные. Орыс тілінде олар есептік сан есімнің бір түрі болып табылады.

Топтау сан есім-разделительные числительные.

Болжалды сан есім-приблизительные числительные.

Бөлшектік сан есім-дробные числительные.

Орыс тілінде топтау және болжалды сан есімдер жоқ, тек есептік сан есімнің по предлогімен тіркесіп үйлестіру (распределительное значение) мағына білдіреді. Мысалы, по четыре, по пять. Екі тілде де жұрнақ күрделі сан есімнің соңғысына жалғанады. Мысалы, бір мың тоғыз жүз тоқсан бірінші-одна тысяча девятьсот девяносто первый. Қазақ тілінде бөлшектік сан есім, біріншіден, тек есептік сан есімдерден жасалады, екіншіден, алдымен бөлім (знаменатель) айтылады, сосын алым (числитель) аталады. Мысалы, 1/10 оннан бір (одна десятая), (төрт бүтін оннан бес). Ал орыс тілінде керісінше. Сан есім орыс тілінде де, қазақ тілінде де септеледі. Күрделі сан есімнің септелуінде тек соңғы сөз өзгереді. Бөлшектік сан есімде тек алым (числитель) өзгереді,  бөлім (знаменатель) Шығыс септік немесе Ілік септікте қалады. Ал орыс тілінде бөлім (знаменатель) де алым (числитель) да септеледі. Екі тілде де сан есім баяндауыш, анықтауыш, пысықтауыш болады, кейбір заттанған (субстантивтенген) жағдайда-бастауыш, баяндауыш және толықтауыш болады. Мысалы, анықтауыш қызметінде: Біз жетінші сыныпта оқимыз (Мы учимся в седьмом классе). Бастауыш қызметінде: Алты төртке бөлінбейді. Шесть на четыре не делится. Пысықтауыш қызметінде: Емтихан тапсыруға екеуден кіріңіздер. Для сдачи экзамеов входите по двое.

Есімдік (Местоимение) (басқа сөз таптарының орнына қолданылатын сөздер). Бұл тақырыпты өткенде диалогтан бастаған дұрыс. Мысалы:

-Сенің атың кім?

-Нешінші сыныпта оқисың?

-Жасың нешеде?

-Қайда тұрасың?

Оқушылар барлық сұрақтарды дәптерлеріне жазып, есімдіктердің астын сызып отырғандары жөн. Оқушылардың орыс тілінен алған білімдеріне сүйеніп, мұғалім қазақ тіліндегі есімдіктердің мазмұнын түсіндіреді. Екі тілде де есімдіктің анықтамасы бірдей. Екі тілде де есімдіктер мағынасына қарай топтасады. Қазақ тілінде жеті топ. Орыс тілінде-тоғыз топ.

Жіктеу есімдігі-личные местоимения

Сілтеу есімдігі-указательные местоимения

Сұрау есімдігі-вопросительные местоимения

Өздік есімдігі-возвратные местоимения

Жалпылау есімдігі-определительные местоимения

Белгісіздік есімдігі-неопределенные местоимения

Болымсыздық есімдігі-отрицательные местоимения

Орыс тілінде бұларға қосымша

Тәуелдік есімдігі-притяжательные местоимения

Қатыстық есімдігі-относительные местоимения бар.

Жіктеу есімдіктің екі тілдегі ұқсастығы: мен (я) указывает на себя; сен (ты) на того, с кем говорят, т.е. на собеседника; ол (он, она, оно) на того, о ком говорят.

Жіктік есімдіктер сөйлемде бастауыш және толықтауыш болады. Мысалы, Мен сені көшеде көрдім. Я тебя видел на улице. Біз сендерге жақсы денсаулық тілейміз. Мы вам желаем хорошего здоровья. Қазақ тілінде жіктік есімдіктер (1 жақ мен есімдігінен басқа) көптік жалғауларын, ал 3 жақ жіктік есімдігі тәуелдік жалғауын қабылдайды. Жіктік есімдіктері мен (я), сен (ты), сіз (вы), ол (он) септік жалғауларын жалғағанда Барыс септік –ға, -ге жалғаулары орнына –ған, маған, (мне), саған (тебе), оған (ему) жалғауларын жалғайды.

Сілтеу есімдіктері екі тілде де (пространственные признаки) білдіреді: бұл, осы, мына (этот, эта, это) заттың өте жақын жатқанын білдіреді; сол (тот) заттың бір шама алыс жатқанын білдіреді; сонау, анау (тот) заттың алыс жерде жатқанын білдіреді. Сұрау есімдігі екі тілде де ешқандай сұраққа жауап бермейді, олар өздері сұрақтан тұрады. Мысалы, кім? (кто?), не? (что?), қанша? (сколько?), неше? (сколько?), қандай? (какой? Какая? Какое?), қай? Қайсы? (который?), қайда? (где?), қашан? (когда?). Анықталатын сөзге байланысты кейбір сұрау есімдіктері келесідей грамматикалық ерекшеліктері бар. Қазақ тілінде кім? не? сұрау есімдіктері көптік жалғауларын қабылдайды: кімдер? нелер? және де тәуелдік жалғауларын жалғайды. Мысалы, кімім? (кто? Мой кем мне приходится?), кімі? (кто?). Екі тілде де бұл есімдіктер септеледі, ал қазақ тілінде –тәуелдік формада.

Етістік (глагол) заттың қимылын, амалын, жай-күйін білдіретін сөздер. Не істеді? Не істейді? Не қылмақ? деген сұрақтарға жауап береді. Бұл сөз табы сөйлемде басты тұрлаулы мүшенің-баяндауыштың қызметін атқарады, етістік ауызша және жазбаша сөйлеуде маңызды роль атқарады. Бұл грамматикалық тақырыпты меңгертуде өзіндік қиындықтары бар, сондықтан мұғалім бұған дайын болу керек. Қазақ тіліндегі етістік пен орыс тіліндегі етістіктің көп ұқсастықтары бар, дегенмен айырмашылықтары жоқ емес. Оқушылар орыс тілінен білетін білімдерін еске түсіреді, содан соң мынадай тапсырмалар беруге болады: 1) ойланып, бір-екі сөйлемді орыс тілінде құрастырыңдар және оны қазақ тіліне аударыңдар.2) орыс тіліндегі және қазақ тіліндегі сөйлемдердегі етістіктердің астын сызыңдар.  3) орыс тіліндегі де, қазақ тіліндегі де мәнерлеп оқып шығыңдар. Екі тілде де етістіктің шақ категориялары бар: өткен шақ (прошедшее время), осы шақ (настоящее время), келер шақ (будущее время). Етістік екі тілде де басқа сөз таптарынан түрлі грамматикалық формалармен ерекшеленеді, мұны оқушылар жақсы меңгерулері қажет. Қазақ тілінде олар: сабақтас етістік (переходность глагола) және салт етістік (непереходность глагола), болымды түрі (положительная форма), болымсыз түрі (отрицательная форма), рай категориясы (категория наклонения), шақ категориялары (категория времени), есімше тұлғасы (причастие), көсемше тұлғасы (деепричастие), етіс (залога), етістіктің жіктелуі (спряжение глагола).

Қазақ тіліндегі етістіктің орыс тілінен айырмашылығы: қазақ тілінде етістік шақ категориясының бірнеше түрлері бар (нақ осы шақ-собственно-настоящее время, ауыспалы осы шақ-переходное настоящее время, ежелгі өткен шақ-неочевидное прошедшее время, жедел өткен шақ-очевидно прошедшее время, бұрынғы өткен шақ-давно прошедшее время, болжалды келер шақ-предположительное будущее время, мақсатты келер шақ-будущее время цели, ауыспалы келер шақ-переходное будущее время) мұнда мезгілдік семантикасымен қатар модал түстері бар. Қазақ тілінде етістіктің негізгі өз алдына лексикалық мағынасы бар дербес сөз бола алады, ал орыс тілінде түрлі грамматикалық формалар жасағанда етістіктің негізгі дыбыстық өзгеріске ұшырайды. Екі тілде де негізгі және туынды етістік бар. Орыс тілінде етістік сөйлем ішінде басында, ортасында, соңында (в начальной, медиальной, финальной части предложения) тұра береді, ал қазақ тілінде етістік сөйлемнің соңында тұрады.

Екі тілдің синтаксисінде де ұқсастықтар болуымен қатар, бірен-саран айырмашылықтар да бар. Сөз тіркесі қазақ тілінде де орыс тілінде де бірдей деп айтуға болады. Екі тілде де сөз тіркесі толық мағыналы, ең кем дегенде екі сөздің сабақтаса байланысуынан құрылады. Құрамындағы сөздердің біреуі басыңқы сөз, екіншісі бағыныңқы сөз деп аталады. Мысалы, көгілдір экран-голубой экран. Білімге талпыну-стремится к знаниям. Сұрақтар басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге қойылады. Сөз тіркесі мен сөйлемнің айырмашылығы екі тілде де бірдей деп айтуға болады. Сөйлем екі тілде де тиянақты ойды білдіреді. Әрқашан белгілі бір интонациямен айтылады: хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрық мәнінде келеді. Оның грамматикалық негізі болады. Әрқашан белгілі бір шақпен айтылады: осы шақ, келер шақ, өткен шақ. Екі тілде де сөйлем мақсатына қарай : хабарлы (повествовательное), сұраулы (вопросительное), бұйрықты (побудительное).

Қазақ тілінде сұраулы сөйлем «ма, ме, ба, бе, па, пе» демеуліктері арқылы жасалады. Мысалы: Бүгін жаңбыр жауады ма? Сегодня дождь пойдет ли?

Орыс тілінде сұраулы сөйлем интонациямен қатар «кім? не? қаша? Қайда? неге? (кто?что?когда? куда? почему? которы? где? откуда? сколько?) деген сұраулық сөздер арқылы жасалады. Бұл сөздер сұраулы сөйлемнің алдында келеді. Мысалы: кім ұшақты көрді? Кто видел самолет?

Орыс тілінде лепті сөйлемнің құрамында «қандай? қалай? не үші?» (какой? как? что? за) сөздерімен келіп, қуаныш, реніш, сүйеніш,күйініш, таңдану сияқты іс-әрекетті білдіреді. Мысалы: Как он умеет рассказывать! Кто не знает эту песню?!

Сөйлем мүшелері екі тілде де бірдей деп айтуға болады. Сөйлем мүшелері белгілі бір сұраққа жауап береді. Қазақ тілінде де, орыс тілінде де сөйлем мүшелері: тұрлаулы (главные члены), тұрлаусыз (второстепенные члены) болып екіге бөлінеді. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері: бастауыш (подлежащее), баяндауыш (сказуемое), толықтауыш (дополнение), анықтауыш (определение), пысықтауыш (обстоятельство)- сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері деп аталады.

Құрмалас сөйлемдердің қазақ тілінде де, орыс тілінде де айтарлықтай айырмашылықтары жоқ. Құрмалас сөйлем қазақ тілінде, орыс тілінде де: салалас құрмалас сөйлем (сложносочиненное предложение), сабақтас құрмалас сөйлем (сложноподчиненное предложение), аралас құрмалас сөйлем (смешанное сложное предложение) болып бөлінеді. Екі тілде де сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы теңсіз екі жай сөйлем- басыңқы сөйлем (главное независимое предложение) және бағыныңқы сөйлем (придаточное зависимое предложение) болып аталады. Орыс тілінде бағыныңқы сөйлемнің орны еркін: ол сөйлемнің басында, ортасында және де басыңқы сөйлемнен кейін де орналаса береді. Ал қазақ тілінде бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің алдынан келеді. Бағыныңқы сөйлем қазақ тілінде жалғаулықтар, септеулік шылаулар және жұрнақтар арқылы байланысады. Мысалы. Жаңбыр көп жауғандықтан, шөп қалың болып өсті.

Қазақ тілінде және орыс тілінде салалас құрмалас сөйлем тең екі жай сөйлемнен құралады. Мысалы: Жаңбыр жауды, күн суытты. Жаңбыр жауды да, күн суытты. Салалас құрмалас сөйлем екі тілде де мағына жақындығына қарай және жалғаулықтар  да, де, та, те, және (и), сондықтан (поэтому), бірақ (но), алайда (однако), болмаса (то), дегенмен (однако), сонда да (и всетаки), өйткені (потому что), себебі (по причине), неге десеңіз (если спросите почему), не, немесе, я, яки (или), кейде (иногда), бірде (то), біресе (то) арқылы байланысады. Мысалы: То солнце тусклое блестит, то туча черная висит.Қараша айы жақындады, бірақ әлі суық түспеді. Приближался ноябрь, но холод еще не наступил.

Орыс тіліндегі предлогтар қазақ тілінде жоқ. Солай бола тұрса да, кейбір предлогтар зат есімнің септік жалғауларының қызметін атқарады. Орыс тіліндегі «из» предлогі Шығыс септігінің –тан, -тен жалғауының  орнына жүреді. Мысалы: Үй кірпіштен салынған. Дом построен из кирпича.

Ал  «от» предлогі «дан, ден» жалғауының қызметін атқарады. Мысалы: Кеме жағадан жүзіп кетті. Пороход отплыл от берега. Алма получила письмо от Самата. Алма Саматтан хат алды. «У, С» предлогтары «дан, ден, нан, нен» Шығыс жалғауында қолданылады. Мысалы: Мұғалім оқушылардан емтихан алды. Учитель принимал у учеников экзамен. Таудан түсу. Сходить с горы. «К»  предлогі Барыс септігінің «қа, ке, ға, ге, на, не» жалғауларының қызметін атқарады. Мысалы: Олар өзенге келді. Они пришли к речке.

Осындай екі тілдегі негізгі деген айырмашылықтар мен ұқсастықтарды айта отырып, үнемі сабақта салыстырмалы кестелерді пайдалану жақсы нәтижелер береді.

Грамматикалық  тақырыптар мен жеке сөздерді жалаң түрде жаттату арқылы өзге тілді игеру мүмкін емес, себебі сөздер өзара байланысып, сөйлем құрамына түскенде ғана белгілі бір ойды білдіреді. Сөздер сөйлем құрамында белгілі заңдылықтар арқылы байланысады. Сондықтан оқушы әр сөзді өз орнында, тиімді жұмсауы үшін сөйлем мүшелерінің сөйлемдегі қалыпты орнын дәл тауып, тіліміздің синтаксистік ерекшеліктерін лайық қолдана білуі қажет.

 

 

САБАҚ ҮЛГІЛЕРІНЕН ҮЗІНДІ

 

1.Грамматикалық тақырып.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения