Должность:учителя
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Костанайская область Сарыкольский район п.Соналы
20.03.2015
0
5225
13

8 наурыз мерекесіне арналған сценарий

«Сыйынар ем ана деген тәңірге»

Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады.

 

Ана


Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…

 

1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!

 

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаз-апайлары, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.

Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры   Балдырган апайға береміз.

1-жүргізуші:

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып «»  баяндамамен  ортаға Жалкенов  Айдын  Оразбекұлын  шақырамыз

 

2-жүргізуші:

Құрметті аналар, ұстаздар, ару қыздар! Соналы орта мектебінің өнерлі оқушылары өздеріңізге арнап дайындаған «Шын жүректен!...» атты мерекелік бағдарламаны  тамашалауға ұсынамыз!

 

«Шын  жүректен» бағдарламасы:

1-жүргізуші:

Кеш жарық, қымбатты  әжелер, аналар, ару-қыздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік бағдарламамыз   аналарға арналады.
 2 жүргізуші:

 Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар-дей отырып 

Айнур, Каирхан, Құралай және 5-сынып оқушылары  Бөпежан  Смағұлқызын, Алия Сұлтанқызын, Күлмайра Бірімжанқызын; Анара, Ислана және Дінмұхамбет өз  әжелерін шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтайды.

Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.

Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын Сіздерге арнаймыз:

 

Гүлдей болсын өмірлеріңіз,

Нұрға толсын көңілдеріңіз.

Биік боп жұлдызыңыз

Көктемдей құлпырыңыз.

Бақыт қонсын басыңызға

Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!

  

Сіздерге  «Асыл  әже»  әні  арналады қабыл алыңыздар.

 

1-жүргізуші: Қазақ әйелі бағзыдан даланы қорғаған, ерлермен бірге ерлік жасаған. Қазақ әйелі тек қана ошақ басының емес, бүкіл өмірін, ұрпағын сақтаған, ерліктің үлгісін көрсеткен.Бесік тербейтін, батырды өсіретін, ұлтымызды сақтайтын, ертеңгі ерлерді өсіретін әйел, келін, ана.

Ендеше келесі  құттықтауды Айсана,Анара,  Айнур, Мырзабек, Назгүл және 5-сынып оқушылары Балдырган  Баянқызына, Күлшара Бірімжанқызына, Зинегүл  Тасқалиқызына және  Алия  Арғынқызына арнайды;  Ислана, Артем, Дінмұхамбет  өз аналарына да құттықтауды  жолдайды.
Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын.

Әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке-бірлік тілейміз

Сіздердің алдарыңызда  "Мама"  әнімен Мырзабаев Сәулет қарсы алыңыздар.

 

2 жүргізуші:

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз, -дей келе

Жанаргүл Абдрахманқызы, Кымбат Ахметкалиқызы, Ракима  Серікбайқызы  және Гүлсүм  Нұрланқызын Каирхан, Мырзабек, Назгуль, Алина, Айтжан,Бекболат, Айнур, Анара және 5-сынып оқушылары көгілдір көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз әйелдер күнімен  құттықтайды. Осынау жарқын мереке күні мәңгілік жастық алауын, адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын тілейді.

Бектенбетов Райымбектің орындауында "Мама" әні. Тамашалаңыздар.

1 жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирогов.

Құрметті Самал Сансызбайқызы, Айгүл Сабыржанқызы, Балкия Тұнышпайқызы  және Рита Хакимқызы сіздерді мектеп оқушылары мерекемен құттықтайды.

Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сіздерге және отбасылыраңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілейміз!

Дуэт "Мерекем".

 

2 жүргізуші: Құрметті Гүлнар Сабыржанқызы, Лязат Өсербайқызы  және Алия ..... қызы  сіздерді мектеп  оқушылары, Күлбаршин Тлегенқызы және Гүлбаршын Жантасқызы сіздерді  Мырзабек, Назгуль, Дінмұхамбет  құттықтайды, және  Дінмұхамбет өз құттықтауларын Гүлзада тәтесіне, Айсана әпкесіне де жолдайды.

Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын. Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!

"Құтты болсын тойларыңыз" әнімен қыздар тобы. 

 

1 жүргізуші: Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.

         Келесі құттықтау  біздің  аруларға арналады.

Ислананы 5-сынып, ұлдары;Құралайды ағасы Бекболат; апалары Құралай, Қорлан және Гүлнұрды Дінмұхамбет, және  Анара өз құрбылары Айсана, Диана, Мейрамгүл, Айнурды,  сіңілілері Алина, Жанна, Айнур, Жансаяны құттықтайды.

Арулар күніне арналған жылы лебізді қабыл алыңыздар. Тал бойыңызға ажарына ақылы сай, нәзік те биязы, көрікті де келбетті қазақ қыздарының жан сұлулығын тілейміз. Жанарыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп, көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын!

"Көңілді күн" Кенжегаринова Анара

 

 2 жүргізуші:        Демеңіз, біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар, көріскенше,

Осымен «Шын жүректен» атты мерекелік бағдарлама аяқталды.

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

 

1-жүргізуші: 
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін, 
Жинадың сен маған.

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше жас журналистеріміздің сұрақтарына жауап беріп көріңіздер. (Шанышқының басына қызыл алмаларды шаншып микрофон ретінде пайдаланды). Оқушылар кезек-кезек мұғалімдерге сұрақ қояды:

1. Мектептегі ең сүйікті оқушыңыз кім?

2. 8 наурыз мерекесіне қандай сыйлық алғыңыз келеді?

3. Жарыңыздың осы мерекеде сыйлаған ең алғашқы сыйлығы есіңізде ме?

4. Мектебіміздің ең-ең бұзық оқушысы кім деп ойлайсыз?

5. Өлең айтып бере аласыз ба?

6. Әріптестеріңізді құттықтап 4 жол өлең шығара аласыз ба?

7. Осы мерекеде сізді кім ең бірінші құттықтайды?

8. 8 наурыз мерекесі қайдан шықты?

9. Бұл мереке біздің елімізде қай жылдан бастап атап өтіліп келе жатқанын білесіз бе?

10. Осы мерекеде анаңызға қандай сыйлық жасадыңыз?


2-жүргізуші: 
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! 
Мерекелік кешімізді қорытындылау сөзді апайға немесе ағайға береміз.

1-жүргізуші:

 

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі - балада, баланың көңілі - далада» демекші, өзінің перзенттік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения