Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Россия
18.03.2015
0
651
0

Дидактические игры


Үмбетова Мәдина Әмірханқызының
«Ана тілінен үлестірмелі дидактикалық
материалдар » тақырыбы бойынша
жасалған бастауыш сынып мұғалімдеріне
арналған әдістемелік көмекші құралына
жетекші Әбішов Қуаныштың пікірі

 

Үмбетова Мадинаның 1 сыныпқа арналған «Ана тілінен үлестірмелі дидактикалық материалдар » жинағында оқушылардың білім, білік дағдыларын бақылау, тексеру, анықтау мақсатында деңгейлік тапсырмалар мен сұрақтар әзірленген.
Бағдарлама негізінен жалпы білім беру стандартына сәйкес, тақырыптарды қамтиды.
Үлестірме дидактикалық материалдар ана тілі оқулығының 15 тарауы бойынша топшаланған. Әрбір тарау серияларға бөлініп, нөмірленген.
Дидактикалық материалдар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетінше жұмыс жасауда бейімділіктерін арттыруға мүмкіндік береді.
«Ана тілінен үлестірмелі дидактикалық материалдар » жинағы бастауыш сынып мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде қолданысқа ие бола алады.

 

Арал қаласы, №220 орта мектеп жанынан құралған
сараптамалық кеңес төрағасы Қ.Әбішов

 

Ұсынылып отырған үлестірмелі дидактикалық материалдар1- сыныпқа арналған « Ана тілі » оқулығы
бойынша жасалған.
Бұл құрал бастауыш сынып оқушыларының ана тілі пәні бойынша білім, білік дағдыларын бақылау, тексеру, анықтау үшін берілген тапсырмалар мен сұрақтардан тұрады. Олар бағдарлама талаптарына сай өтілген тақырыптарды қамтиды. Үлестірмелі дидактикалық материалдар 15 серияға бөлінген топшамалардан тұрады.
Әрбір сериядағы топшамалар рет саны бойынша нөмірленген. Құралда оқушыларды өз бетінше жұмыс
істеу қабілеттерін, ой өрістерін кеңейтуге, шығармашылық жұмысқа бейімдеуге арналған жұмыс түрлері берілген.

 

§ 3 Қазақ алфавиті
1) Көп нүктенің орнына қалып қойған әріптерді жазыңдар.

...Әә Бб Вв ... Ғғ Дд
... Ёё ... Зз Жж Ии ... Кк
Ққ ... Мм


1)Қыз балалардың аттарын алфавит ретімен көшіріп жаз.

Әлия, Айша, Гүлназ, Нұрай, Ғалия, Марал, Қаламқас.

................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Жемістердің аттарын алфавит ретімен сызық
арқылы қос.

 

1 2 3 4 5

 


§ 4 Жуан, жіңішке дауысты дыбыс және
олардың әріптері
1) Жуан дауысты дыбыс әріптерін жазып шық
________________________________________________________________________________________________________________________
2) Сөз ойла! ойыны
А
О
Ы
Ұ


1) Жаңылтпашты оқып, жуан дауыстылардың астын сызыңдар
Жаңылтпаш
Түйе маған Шұбат маған
Шұбат береді. Қуат береді.



1)Көп нүктенің орнына жуан дауысты дыбыс
әріптерін қой


Жұмбақ
Асп...ндағы алып д...п,
Жарқырайд... ж...рық боп. (. . . )

 

 

1)Жіңішке дауысты дыбыс әріптерін жазып шығыңдар
____________________________________________
2) Сөз ойла! ойыны
Ә
Е
Ө
І
Ү


1) Жіңішке дауысты дыбыс әріптерінің астын сыз.

Мақал
Көре - көре көсем боласың,
Сөйлей - сөйлей шешен боласың.


1) Мына өлеңдегі жуан дауысты дыбыстардың астын бір рет, жіңішке дауысты дыбыстардың астын екі рет сызыңдар.
Алтын дән
Алтын бидай, алтын дән,
Күнге қарай талпынған.
Ел ырысын жинаған
Айналайын халқымнан.

 


§ 5 Жуан және жіңішке айтылатын сөздер

1) Жуан айтылатын сөздердің астын сызыңдар

Кітап, машина, үй, оқушы, орындық, күшік, бала, үкі.

 



1) Жіңішке айтылатын сөздердің астын сызыңдар

Еңбек
Ала жаздай терлеп,
Істедім мен еңбек.
Пісті алдымен өрік ,
Алдым оны теріп.


1) Жуан айтылатын сөздердің астын бір рет, жіңішке айтылатын сөздердің астын екі рет сызыңдар.

Жұмбақ
Күнде шешіп,
Күнде байлап.
Жүресің оны,
Кейде майлап.
( Бәтеңке )

 

1)Жуан айтылатын төрт сөз, жіңішке айтылатын төрт сөз ойлап жаз.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

Мазмұны
1. Алғы сөз ......................................................................................... 2 бет
2. § 1. Сөйлем, сөз, дыбыс, әріп ...................................................... 3 бет
3. § 2. Дауысты дауыссыз дыбыстар және олардың әріптері .... 8 бет
4. § 3. Қазақ алфавиті .................................................................... 11 бет
5. § 4. Жуан,жіңішке дауысты дыбыс және олардың әріптері .12 бет
6. § 5. Жуан және жіңішке айтылатын сөздер .......................... 14 бет
7. § 6. Жуан жіңішке жұп дауыстылар........................................ 15 бет
8. § 7. Буын ...................................................................................... 16 бет
9. § 8. Тасымал ................................................................................18 бет
10. § 9. Заттың атын білдіретін сөздер .................................... 19 бет
11. § 10. Бас әріпен жазылатын сөздер ..................................... 22 бет
12. § 11. Заттың қимылын білдіретін сөздер ............................. 25 бет
13. § 12. Заттың сынын білдіреттін сөздер ............................... 27 бет
14. § 13. Заттың санын білдіреттін сөздер .............................. 28 бет
15. § 14. Сөйлем .............................................................................. 30 бет
16. § 15. Мәтін .............................................................................. 32 бет

 

 

 

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения