Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
20.10.2012
0
2409
0

Мектептегі мұғалімдердің ақпарттық құзырлығын қалыптастырудағы информатика пәні мұғалімдерінің ролі

 

Год: 2012

Страна: Казахстан

Кызылординская область,

Казалинский район, кент Айтеке би

№ 216 школа им К.Сатбаева 

Учитель информатики

Қаюпова Айнұр Орынбайқызы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі

Қ.И.Сәтбаев атындағы №216 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Қаюпова Айнұр Орынбайқызы 

 

Мектептегі мұғалімдердің ақпарттық құзырлығын қалыптастырудағы информатика пәні мұғалімдерінің ролі

 

Қазіргі болып жатқан саяси – экономикалық, мәдени - әлеуметтік өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарында білім беру ісін жаңа сатыға көтеруді талап етіп отыр. Осыған орай жаңа кезеңдегі озық педагогикалық және әдістемелік идеяларды ой елегінен өткізіп, бүгінгі заман талабына сай, біршама өзгерген және жаңа жағдайларды қолдану ерекше маңызға ие болып отыр.

           Білім беруді ақпараттандыру жағдайында кез –келген педагогқа ақпараттық білім негіздерін игерту, ақпараттық-коммуникациялық технология құоалдарын өзіндік білім алуға қолдану мен оның мүмкіндіктеріне кәсіби қызметтеріне танымдық және дидактикалық құрал ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастыру қажет. Олай болса, бұл қоғам кез-келген педагогтан өз пәнінінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік-құқықтық, психологиялық-педагогикалық, дидактикалық, әдістемелік тұрғыдан сауатты және АКТ құралдарының мүмкіндіктерін жан-жақты игерген ақпараттық құзырлылығы қалыптасқан маман болуынт талап етіп отыр.

            Ақпараттық білімді педагогтарға қалыптастыру келесі мәселелерге, атап айтқанда, мемлекттік ақпараттық қоғамның саясаты мен келешегіне, білім беруді ақпараттандырудың мақсатына, АКТ құралдарының дамуына байланысты педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру жүйесіне; мектептің материалдық-техникалық базасының қамтамасыз етілуіне; педагогтардың санатына; олардың біліктілікті көтеру деңгейлеріне; алған білім деңгейлері мен кәсіби шеберліктеріне және тәрбиелік міндеттердің  ақпараттық қоғамның даму бағыты мен өзара байланыстылығына тәуелді.

              Аталған тәуелділіктерді ескере отырып, орта білім беру жүйесін ақпараттандыру процесінде педагогтардың біліктілігін арттыру үшін осы саладағы берілетін мазмұндық

құрылымды талдап беру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Ол білімді ақпараттандыру үрдісінде педагогтардың біліктілігін кезеңдер бойынша өткізу қажет екендігін дәлелдейді.

              Біз орта білім беру жүйесін ақпараттандыруды дамытуды қарастыра отырып, АКТ құралдарының динамикалық түрде өзгеріп отыратынына жіне компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің іргелі операциялық негіздеріне ауысуды білдіретіндігін, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, интернет, ғаламдық ақпарат жүйесін пайдалана алуы тиіс екендігіне ерекше көңіл бөлінеді деп айта аламыз. Аталған талаптарды іске асыру педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастырудың негізгі міндеттерінің бірі ретінде жүктеледі.

               Педагог кадрлардың ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданудағы құзырлылық нормасы адам қабілетін дамытуға негізделген білім беру реформасындағы 3 амал мен 6 компоненттің қиылысуы арқылы қарастырылады:

-          техникалық сауаттылық, білімді тереңдету, білімді қалыптастыру және білім беру жүйесіндегі 6 компонент:

-          Саясат және тұжырымдама;

-          Бағдарлама және бағалау;

-          Педагогика;

-          АКТ;

-          Ұйымдастыру және басқару;

-          Мұғалімдерді кәсіби бағытта даярлау.

            Берілген матрицаның ұяшықтарының ішіндегі әрбір қоршауда модуль пайда болады. Әрбір модульге мұғалімнің нақты мақсаты мен дағдысы сәйкес келеді. Барлық модульдердің жалпы түрі кестеде берілген. Онда әрбір модуль үшін мұғалімнің құзырлылығы, мақсаты мен әдістері жүйелі түрде сипатталып берілген.

             Білімді тереңдету амалы негізінде педагог кадрларының біліктілігін АКТ бойынша қалыптастыру негізге алынады. Оларды кәсіби бағытта ақпараттық-коммуникациялық  технологияның дидактикалық мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану мәселелерін қарастыру ұсынылады. Сонымен бірге бұл амалдың талаптарын іске асыруда ақпараттық-коммуникациялық технология бойынша арнайы дағдыларын қалыптастыру әдістері қарастырылады. Сондықтан мұғалім оның мақсаты мен стратегиялық бағыттарын анықтау мазмұнын жан-жақты игеріп, оны кәсіби бағытына қолданатындай түсінік қалыптастыру керек. Бұл әдістер біліктілікті арттыру жүйесінің оқу-тақырыптық жоспары мен бағдарламасына өзгерістер енгізуді талап етеді. Ал білім сапасының бағасы педагогтардың АКТ – ны меңгеру білімімен сипатталады. Бұл әдіспен  пәнді оқыту әдістемесі оқушыларға пәнді тереңдетіп игеруге, алған білімдерін практика жүзінде қолдана білуге және кез-келген проблемалық жағдайдан шыға алуға пайдалана білумен айқындалады.

              Жобалау әдісін пәннің іргелі ұғымдарын меғгертумен және ұжыммен жұмыс жасауда қолдана білу дағдысын қалыптастырады. Мұғаліммен бірлесіп жобаларды жасау бағытында қашықтықтан оқыту қолданылуы тиіс. Ол оқушылардың бірлесіп ақпараттарды алуына, басқа білім беру ұйымдарындағы оқушылармен және мұғалімдермен бірлесе отырып, проблемаларды талдау жүргізу мен оларды шешу жолдарын іздестіруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге мұғалімдер жоспарланған жұмыстарын орындауда оқушылардың ұжыммен және жеке жұмыстарына мониторинг жүргізіп, талдауына АКТ – ның мүмкіндіктерін қолдана алады.   

Қазіргі заман мұғалімінен өз пәнінің терең білгірі болумен қатар, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.  Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана, білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Десек қазіргі білім беру жүйесінде құзіреттелікті қалыптастыру процесі талқыға түсетін өзекті мәселелердің бірі.

Құзіреттілік – ауқымы кең түсінік. Демек, құзіреттілік дегенде біз білім алу барысында қалыптасатын танымдық-практикалық нақты бір сапаны айта алмаймыз. Құзіреттілік әрбір сала негізінде танымдық-практикалық тәжірбие жүзінде қалыптасқан кәсіби іскерлікпен байланысты. Құзіреттіліктің негізіне мініздеме бере кетсек, ол кез-келген мәселені шеше білетін ақыл иесі мен танымдық мүмкіндіктері жоғары деңгейдегі маман, демек интелектуалды құзіреттілікті талап етеді.

         Ақпараттық құзыреттіліктің келесі бағыттары бойынша білім алушының білім беру деңгейіндегі жетістіктері:

1)Ақпараттық ізденісті жоспарлау:

•     Ақпаратты белгілі мен белгісізге бөледі;

•     Ұсынылған ақпараттан қойылған міндеттерді шешуге қажеттілерін бөліп алады;

•     Анықтамаларды, энциклопедияларды қолданады, кітаптардың мазмұны бойынша және сайттағы сілтемелер бойынша бағдар жасай алады.

2)Алғашқы ақпаратты алу:

•     Бақылау (қойылған міндетке сәйкес жоспар бойынша эксперимент) жүргізіледі;

•     Оқушыға сұрақ қоя отырып, ақпаратты алады;

•     Ақпарат көздерінен қажеттісін бөліп алады.

3)Ақпаратты екінші қайтара алу:

•     Берілген екі немесе одан да көп негіздеме бойынша ақпараттарды бөліп алады және жүйелейді;

4)Ақпаратты алғашқы өңдеу:

·        Алынған ақпаратты қарапайым берілген құрылым аясында жүйелендіреді.

5)Ақпараттарды өңдеу:

•     Алынған ақпаратты дәл баяндай алады;

•     Ақпараттың жеткіліксіздігін немесе өзінің түсінбегендігін ескертеді;

•     Ұсынылған ақпарат көздерінен дәйектерді таба біледі және оларды негіздей алады.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. «Информатика негіздері» №1, 2010ж, №6, 2009ж.
  2. «Әдіскер мұғалім» республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал, 2007ж.
  3. «Информатиканы оқыту әдістемесі» Алматы: Білім, 2000ж.
  4. Интернет топтамасы.

Скачать урок

mektepteg-malmderd-aparatty-zyrlyyn-alyptastyruday-informatika-pn-malmdern-rol.doc [41 Kb] (cкачиваний: 22)

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения