Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
18.03.2015
0
1574
0

Оқушылардың ырықты зейінің дамыту жолдары

Қазақстан Республикасы,Алматы облысы,Сарқан ауданы

Қарғалы орта мектебі

Психолог

Нуржанова Жанар Сакеновна

Зерттеу болжамы: Егер оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде арнайы дайындалған диагностикалық әдістемелер көмегімен оқу үрдісінің бастапқы кезеңдерінде ырықты зейін қасиеттерінің оқушыларда даму деңгейлерін өз мезгілінде анықтасақ және мақсатты және даралық қасиеттерін есепке ала отырып ырықты зейінді дамыту бағытында дайындалған жаттығулар мен психологиялық ойындарды тиімді пайдалансақ, онда оқушылармен педагогикалық процесті психологиялық-педагогикалық қамтамасыз етуге және оқу үрдісінде жіберілген қателіктерді түсетуге мүмкіндік аламыз.

Құндылығы: зерттеу нәтижелері оқушылардың ырықты зейіндерін дамытудың психологиялық-педагогикалық сипаттамаларын толықтырады; дайындалған диагностикалық әдістемелік жүйесі педагогтар мен психологтар іс әрекетінде шынайы қолданысқа ие бола алады.

Зерттеу мақсаты: Оқушылардың ырықты зейінін дамыту мәселесіне теориялықталдау жасау, оқушылардың ырықты зейінін дамытудың тиімді жолдарын іс тәжірибиелерде көрсету

Міндеттері: 1. Оқушылардың ырықты зейінінің дамуы, оқу әрекетіндегі орны мен рөлін бағалау мәселелерін зерттеудегі негізгі теориялық көзқарастарды анықтау;

2. Оқушылардың ырықты зейіндерінің даралық-типтік ерекшеліктерін анықтауға бағытталған эксперименттік диагностикалық әдістемелерді жинақтап, тәжірибеде қолдану;

3. Ырықты зейінді дамытуға бағытталған жаттығулар дайындап, ұсыну.

Зерттеудің әдіснамалық негіздері: ретінде психологиялық сана мен әрекеттің бірлігі қағидасына сүйене отырып, ырықты зейіннің негізгі ұғымдарын зерттеудегі Л.С.Выготскийй, П,Я.Гальперин, В.В:Давыдов, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубенштейннің еңбектеріндегі концептуальды көзқарастары алынды.

Зерттеу нысанасы: -мектеп оқушылары. Зерттеу нәтижелері оқушылардың ырықты зейіндерін дамытудың психологиялық-педагогикалық сипаттамаларын толықтырады; дайындалған диагностикалық әдістемелер жүйесі педагогтар мен психологтар іс әрекетінде диагностикалық әдістемелер жүйесі педагогтар мен психологтар іс әрекетінде шынайы қолданысқа ие бола алады.

Зерттеу теориялық мәні: оқушылардың ырықты зейіндерін дамытудың ерекшеліктерін зерттеудің теориялық негіздері дайындалды, ырықты зейін дамуын бейнелейтін мәліметтер жинақталып, жүйеленді, ырықты зейінді дамыту жолдары қарастырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Зерттеу нысанасы, бөлімі

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЫРЫҚТЫ ЗЕЙІНІ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1 Зейіннің психологиялық-педагогикалық зерттелу жағдайлары

 

       Зейін өздігінен жеке-дара психикалық үрдіс те, жеке адамның қасиеті де болып саналмайды. Өздігінен және сыртқы бақылаулар бойынша зейін кез келген психикалық іс-әрекетке бағыттылық, шоғырлану, сондай-ақ осы іс-әрекеттің тек бір жағы немесе қасиеті сияқты ашылады. Зейін әрқашан адамның өмір тәжірибесіндегі іс-әрекетіне, таным үрдістеріне тікелей қатысты болып, оның қызығуын бағытын көрсетеді. Зейіннің өзіндік жеке өнімі болмайды. Кез келген іс-әрекеттің жақсаруы зейіннің бірігуінің нәтижесі болып табылады. Осы өнімнің сипаты сәйкес келетін функцияның басты дәлелі ретінде қызмет атқарады. Зейінде осындай өнімнің болмауы зейіннің психикалық іс-әрекеттің жеке формасына қарсы екендігі жайлы айтылады.

     Іс-әрекеттің барысында қарым-қатынас іске асырылады. Қарым-қатынас бұл адамның өзара әрекеттесіп, әр түрлі коммуникациялық құралдардың көмегімен бір-бірімен пікір алысуы.

Зейіннің негізгі қызметі таным процестерінің таңдамалығымен, адам іс-әрекетінің мақсатқа бағыттылығымен және оның белсенділігімен қортындыланады. Таным процестері таңдамалығының нәтижесінде адам өзіне пайдалы ақпараттар мен айналыспай, тек сол сәтте өзінің өмірінде маңызды рөл атқаратын нәрселерді қабылдайды. Адам өз зейінін қандай да бір нәрсеге шоғырландырып және сол нәрсеге ұзақ уақыт сақтап тұрып, оны бір әрекеттен басқа әрекетке аудара отырып, адам өз іс-әрекетіндегі мақсатқа бағыттылықты қолдайды, әрі сақтайды. Біз зейінімізді шоғырландырғанда немесе керісінше, өз зейініміз бөлінгенде, біз бірнеше әрекеттерді орындаймыз, бірақ олар ішкі әрекет болады.

П.Я. Гальпериннің дәлелдеуінше адамның зейіні өз кезегінде ішкі іс-әрекетті білдіреді, ол оны бағыттылы (ориентировочной) іс-әрекет деп атайды. Сондай-ақ адамдағы осындай іс-әрекетті, кез келген іс-әрекет сияқты қалыптастыруға және жүзеге асыруға болатынын көрсетті. Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін.

        Бір  қарағанда  іс-әрекет ұғымын  зейін  сияқты  спецификалық үрдіске қолдану қиын. Бірақ шындап келсе ол олай емес.

        Біріншіден адамдарда сыртқы қарым-қатынасты қалыптастыратын ерікті зейіннің жоғаргы формасы қалыптасады. Сондай-ақ осы кезде адам зейің актілерін реттеп отыратын белгілі нормаларды меңгереді. Өзінің жеке зейінін реттеу, жайлы белгілі көріністері болады. Айталық көптеген бірлестіктерде қарсыласқа ұзақ уақыт кез аламай қарау әдепсіздік болып саналады. Бұл зейін, үнемі еріксіз болады. Мысалы, сіз метрода кетіп бара жатырсыз, және ұзақ уақыт біреуден кез алмай қарап тұрсыз. Басқа адамның реакциясы немесе сіздің зейініңіздің объектісі - не ашулану, не түсінбеушідік болады. Өйткені, адамның басқа адаммен қатынасқа түсуіне байланысты зейін салу не салмауы жоспарына қатысты саналы қалыптасатын, тұрмыстық практикада жинақталатын нормалар бар. Зейін аудару адамдар арасындағы қарым-қатынастың бірінші алғы шарты болып табылады. Дегенмен қарым-қатынасты ауқымдырақ қарастырсақ, онда зейінді қарым-қатынас процесіндегі маңызды компоненттердің бірі деп айтуға болады.

     Яғни, біз күнделікті әңгімеде адамдар арасындағы қатынасты жиі бейнелейміз, әсіресе зейін терминіне қатысты алғашқыны. Ол біреуге зейінін «аударады» немесе «аудармайды». Бұл қатынас формасының бірден-бір алғашқы формасы. Немесе керісінше, «өзіне зейін аудару» немесе «аудармау» - бүл да белгілі бір тұлғалық позицияның сипаттамасы. Біреулер мынандай норманы ұстанады, яғни өзіне шамадан тыс зейін аудару жақсы емес, ал басқалары керісінше ойлайды, яғни айналадағы адамдардың зейінін өзіне кез келген құлдылықпен аударуға тырысу керек - киіммен, мініз-құлқымен т.б. Демек, зейін қарым-қатынас процесін сипаттайтын өте маңызды жақ болып табылады.

Адамның қасиеттерін, оның жеке ерекшеліктерін сипаттауда біз үнемі «зейінділік» терминін қолданамыз. Бұл да адамдардың басқа адамдармен әдеттегі қарым-қатынас тәсілінің жалпыланған сипаттамасы. Бұл жағдайға байланысты емес, сол адамның басқа адамдармен қарым-қатынас тәсілінің күнделікті сипаттамасы, демек, тұлғалық ерекшелік.

Зейін - адамның әртүрлі сенсорлық акпаратты пайдалану мен қайта өңдеудің, қабылдаудың танымдылығымен қамтамасыз ететін, адамдардың басқа адамдармен қарым-қатынасындағы іс-әрекеттің мақсатқа бағытталған және ұйымдастырылған танымдық психологиялық процесі (Коломинский А.Л.) [8].

Зейінсіздікте басқа субъект өте сирек сол адам үшін фигура болып қалыптасады, және жиі бұл фигура сол адамыың өзі болады, ал қалғанының бәрі ол үшін фон болып табылады.

Қорыта келгенде, зейін адамдардың барлық іс - әрекет түріндегі қарым -қатынасының және күнделікті қарым-қатынасының маңызды психологиялық факторы бодып табылады, Зейіннің қасиеттері қарым-қатынас пен адамдардың өзара қатынасының қажетті психологиялық компоненті бола отырып, айналадағы адамдармен байланысының тереңдей түсуіне мүмкіндік туғызады. Қарым-қатынас процесінде өз ойын жеткізу мен басқа адамның ойын жеткізуде зейіннің маңызы өте зор.

                      Н.Н. Ланге өзінің «ерікті зейін теориясы» атты еңбегінде зейін  теориясын 8

 топқа бөледі.  Бірінші топ моторлы зейін теоориясын құрайды, мұнда  Н.Н. Ланге өз теориясымен қоса Р.Декарт, Я. Фризаның, А. Бэнның, Т. Циенның, Т. Рибоның теорияларын да қосады. Бұл теорияларда зейінді, қабылданған затты немесе ақыл-ой идеяларын сол сәтте ретімен келтіруші, жетілдіруші қабілетке ие қозғалыс нәтижесі ретінде қарастырады. Н. Н. Ланге мынадай маңызды пікірді атап өтеді және  теориялық зерттеулерде зейіннің үш түрін көрсеткен.

                     А) бастапқы айтылған пікір мен алынған объект

       Ә)  жақсартатын қабылдау үрдісі

                     Б) нәтижесі –яғни қабылданған заттың және идеяның нақтылығы.

Зейінді зерттеуде Н.Н. Ланге мынаған көңіл аударады, бастапқы объектіні    

сезінуі жақсарған процесс кезінде екінші звено соған бағытталуы қажет

механизмді анықтауды кез - келген идея немесе сезім қандай да бір

қимылымен, байланысты және осы қимылды өндіре отырып, біз идеяға немесе

сезімге қосымша үдемелі қарқындылық қосамыз деген [2].

                  Екінші топта Н.Н. Ланге зейінді сана көлемінің шектелу нәтижесі ретінде қарастырады және бұған мына зерттеушілер теориясын қосады:   И.Гербарт, В. Гамильтон. Бұлар зейінді былай түсіндіреді, сана көлемі шектеулі және күштілер елестетулерді ығыстырып шығарады  одан әрі әлсіздер шығады. Осы теориялар 21 ғасырда психология және педагогика салаларына көп әсер етті, әсіресе И. Гербарт теориясы. Оның пайымдауынша елестету күштілігі ішкі тітіркендіргіштің интенсивті орналаусымен және игерілген тәжірибиенің белсенділігімен айқындалады, оған ассоциация процессі де қосылады. Жаңа материалды жақсы меңгеру үшін өткен тәжірибиеден қажет затты көмекке шақыру еске түсіру және осы жолмен өткен білімді пысықтау сонымен қатар жаңа материалды меңгеруге көмектесу [9].

           3-ші топты классикалық ағылшындық  ассоцианистик теориясын құрайды ( Д. Хортли, Т. Браун, Дж. Милль, А. Бэн). Бұл теорияның көрсетуінше зейін құбылыстарының нәтижелерінің мәні эмоциялар және жеке зейін үрдістері тіршілік етпейді, сол сияқты басқа да психологикалық үрдістер түйсік және сезім, ес әр түрлі айрықша ассоциацияға әкеледі. Зейін қызығушылықпен байланысты, ал қызығушылық бұл эмоция: ол елестетуге қосымша өнімділік береді, ал онымен бірге жүйелілік, нақтылық ассоциациясы дамиды.

            Ал төртінші топ теориясына зейінді біріншілік рухани қабілеттілік ретінде ( Г. Лейбниц, И.Кант, В.Вунд) немесе ішкі ерік рухани күштілік ретінде танитындарды жатқызады. Мұнда басты жоғары табиғилық басты орынды зерттелген.

           5-ші топ теориясы зейінді жоғары жүйке тітіркендіргіштерінің қосымша нәтижесі, олар түсінікті күшейтеді ( Р. Декарт, И. Мюллер, Ш. Бонне). Бұл теория процесті былай бейнелейді, сезім ағзаларына түскен тітіркендіргіштерге қарсылық ретінде орталық жүйке инстанциясы  жүйке импульсін жібереді. Олар кейбір ішкі тітіркендіргештермен бірігіп нақтылық және түсініктілік береді. Н. Н. Ланге мұны физилологиялық гипотезаға жатқыза отырып, оны физилогиялық тілде зейін үрдісін өзіндік бақылау деп түсіндіреді.

             6-шы топ теориясы 4 топ теориясынан мынадай айрмашылықтармен ерекшеленеді. 4 топта рухани қабілеттілік және ерік идеалистік түсінікте болса, ал 6-шы топ теориясында жай психикалық белсенділік немесе рухани белсенділік жайында айтылады. Бұл түсінік ешқандай сұрақсыз, түсіндірусіз түсінуді ұсынады.

              7 топ зейінді – айрмашылық әрекет ретінде қарстырады. / Г. Ульрици, Г. Лотце/. Бұл қызықты идея нәтижесіз болды, себебі авторлар бұл айырмашылық әрекетін атап бере алмады. Бұл теорияны ұсынушылар идеалистер. Олар рухани әрекетке қарсылық білдірді, сондықтан олардың теориялары мағынасыздыққа ие болды.

              8 топ зейінді былай түсіндірді. Жүйке үрдістерінің антогонистикалық өзара қатынасы, физиологиялық негізде зейін объектісі басқа жүйке процесстерінен  басым болады. Сондықтан нақты сана аймағын ұлғайтып соны қамтамасыз етеді. Мысалы: Т. Рибо теориясы бойынша мұндай үстемдік бұлшық ет күшінің нәтижесінде іске асады, нәтижесінде жүйке процестерінің бірі қосымша үдемелі қарқындылық алады, ол елестетулер жинағына қарсы тұруға көмектеседі. Н.Н.Ланге жүйке процестерінің мұндай қатынастарының мүмкіндігін мойындайды, бірақ бұл зейін процесін  толық түсінуге мүмкіндік бермейтіндігін айтады.

               Жоғарыда айтылған теорияларға көңіл бөлсек, зейін басқа бір нәрсенің көрінісі ретінде ғана қаралады. Зейінді эмоция мен біріктіруге тырысқан  (қызығушылық) сол сияқты сана бөлігіндегі таза ерікпен барлық психикалық қосымша үдемелі қарқындылық беретін бастау ретінде де анықтама берген. Нәтижесінде зейінге нақты тұжырымдама бермей басқа болжамдар айтқан, зейіннің жеке дара процесс екенін мойындамаған.

               Қазіргі таңда осы сұрақ өзекті қызығушылықтар туғызады, себебі зейіннің де барлық психикалық үрдістер сияқты өзіндік нысандары бар. Идеалистік бағыттағы авторлар мынадай пікірді ұстанған. Айырмашылық әрекеті нақтылы мағыналы заттық әрекет. Мұндай жағдайда, бұл психикалық  әрекет емес, ал психикалық әрекет болған жағдайда заттық емес. Зерттеулер нәтижесінде алынған фактілер зейіннің жеке психикалық әрекет екендігін ашпаған. Өздігінен мынадай сұрақ туындайды. Зейін өзіндік айырмашылық  ( ерекше) әрекет құрай ма, немесе керісінше бұл әрекет зейінге сүйене ме, қандай жағдайда, айырмашылық әрекеті зейінге айналады т.б.

      Көптеген психологтар (Лурия А.Р.) бұл бір бағытты қортындыны мойындамады, қазіргі уақытта дерлік барлық психологтар зейінді өз объектісіне бағытталған және сол әрекеттің дұрыс орындалуын жақсартатын процесс ретінде қастырады. Бір- ақ бұл көзқарстың да бағытталғанына және топтастырылуына әр түрлі мағына береді, сондықтан кейбір совет психологтары зейін түсінігін осы белгілермен нұсқаулармен ғана шектейді. Бірі оның бағыттылығын , ал екіншілері – топтастырылуына көңіл бөледі [10].

              К.Н.Корниловтың жұмыстарында бір объектінің басқа объектілерден айырмашылық ерекшелігі зейіннің субъективті күйзеліс түрінде елестейді, сезеді және оны объективті құбылыстармен салыстырады, сезім мүшелеріне орнату жұмыс бағыты арқылы. Бұл тенденция Л.С. Выготскидің еңбектерінде да көрсетілген, яғни орнатудың екі түрін зейінмен байланыстырған, сенсорлы жақсы қабылдауға көмектесуші және моторлы қабылдауға жақсы жауап беруші. Сол жылдардың өзінде-ақ совет психологиясы орнатудың адамның қоғамдық тәжірибиелеріне бағынышты екендігін дәлелдеуге тырысқан. В.И.Страхов былай деп жазды, адамның өмірлік қызығушылығы зейіннің  негізінде жатыр [11].

Адамның әлеуметтік жағдайына байланысты зейіннің қажеттіліктерге бағыныштылығы жөніндегі ойлар Н. Ф. Добрынинның зерттеулерінде жазылды. Оның жұмыстарында психологиялық тұлғаның мінез ерекшеліктерімен зейінді байланыстырады. Бұл ой басқа да шет ел психологтарының жұмыстарында жазылды.

           Көптеген жұмыстарда зейін қандайда бір объектіге бағытталған психологиялық әрекет ретінде анықталады. Н.Ф. Добрынин зейінге мынадай анықтама береді. «Зейін  белгілі бір нысанға бағытталған және топтастырылған тұлғаның психолгиялық әрекеті. Бағытталған сөзінің түсінігі сол әрекеттің таңдап алынған сайлап алынған мінезі, топтастырылуы  және басқадан жырақтану алшақтау». Бұл түсінік кеңінен таралып психологияда оқу құралдарының негізіне енді. Бұл анықтамадан мынадай түсінік қалыптасады, зейін өзіндік үрдіс емес, басқа психикалық үрдісті бейнелейді ( қабылдау ес, ойлау т.б.). Бұлардың бәрі өз объектілеріне бағытталған, яғни қабылданатын зейінді тұрақты ұштастыру қажет. Н.Ф. Добрынин  бұл түсінікті негізге ала отырып, былай дейді: Зейінге жеке дара, мән мағына беруге болмайды.

            И. В. Страхов былай жазады: «Зейінді психиканың жеке немесе оқшау формасы ретінде қарастыруға болмайды. Зейін психикалық үрдістерден ажырамайды, ол адам әрекетінде аса қажет психологиялық компонент болып табылады».

Соңғы жылдарда Н.Ф. Добрынин оқытуда зейін маңыздылығын ескере отырып былай деген: «Зейін-бұл психикалық әрекеттің объектіге бағытталуы, тұрақталуы». Бұл көзқарастар ескі анықтамаларды айқындайды, яғни эмоция, қызығушылық, қажеттілік зейіннің бастаушысы және негізі болып табылады.Зейіннің бағыттылығы, топтастырылуы жөнінде анықтамаларды кейбір авторлар қатты сынады.  Бұл  сынға  қарсы  шыққан  автордың бірі С.Л.Рубинштейн болды. Зейінді дербес психологиялық үрдіс екендігінен айыра отырып, ол былай жазды: дағдылы объектіге зейіннің бағытталуы оның феноменологиялық сипаты болып табылады. Автордың пікірі бойынша феноменологиялық сиппатама, сол сияқты зейіннің негізі ашылмаған күйде қала береді.

               Е. А. Милерянның зейін теориясы жөніндегі сұрақтарында мынадай шешімге келеді, зейін адамды және жануарда кездесетін психикалық әрекеттерді ұйымдастырушы форма, оның негізі мынада мидағы жүйке процесстерінде оптималды тітіркендіріш ошағы немсе доминант түрінде көрінеді. Е.А. Милерян болжауынша зейін адамдардың өмір сүру жағдайларының өзгеру нәтижесінде қажеттіліктерді қамтып көрсету негізінде пайда болған. Көптеген психологиялық зерттеулер зейіннің өзіндік бөлімдерін анализдеуге бағытталған. Әрекеттің түрлеріне байланысты зейін бөлшектенеді, шартты зейіннің тұрақтануын қамтамасыз етіп отыратын, қиыншылықтарға байланысты зейіннің тұрақталығы т.б.

              Ал, А. С. Рещука И. П. Диеваның жұмыстарында кіші мектеп балаларының зейін дамуын зерртеу жұмыстары жазылған [12].Зейін процессі жөнінде жаңашыл жұмыс шет ел авторы үш томдық « Зейін және әрекет», атты жинақтама шықты. Бұл жинақтамада зейіннің теориялық проблемалары және оның табиғаты жөнінде жаңа идеялар адам әрекетінде оның функциясы жазылды. Жинақтаманың көп бөлімі эксперименталды зерттеулер болды, яғни зейіннің қосылуы және оның таралу механизмі. Бұл жұмыстарда бір уақытта немесе ізгілікпен әрекеттегі сигналдардың зейін гипотезасына әсерін эксперименталды түрде тексерді және зейннің қосылуы, бөліп таралуы, оның жеке сигналдарға «психологиялық қарсы тұруын» зерттейді.

               Соңғы жылдары ми жүйесінің арнайы ынталандыру іліміне байланысты, психикалық әрекеттің әр түрлі сергектену деңгейіне байланысты зейінді осы ынталандырумен және сергектенумен теңестіру мүмкіншілігі туындады.

Зейін  дегеніміз­­­ –  сананы  белгілі бір  объектіге  шоғырландырып,  оның айрықша  айқын  бейнелеуін  қамтамасыз  ету. Психикалық  құбылыстардың  ішінде  зейіннің  алатын  орны  ерекше. Ол дербес психикалық  процесс  болып  табылмайды  әрі   жеке адамның  қасиеттеріне  жатпайды.  Солай  болғанымен  әрекетке,  таным  процесіне  қатысып, адамның  мүддесін,  бағыт-бағдарын  білдіреді. Зейін  өмірде  психикалық  әрекеттің   бір   жағы  бола  отырып,  адамның өнімді  білім   алуына,  еңбек  әрекетінің  саплы  әрі нәтижелі  болуына  жәрдемдеседі.

Адамның  зейінді  ұйымдастырудағы  белсенділігіне және  құрылымына  қарай  зейін – ырықсыз,  ырықты және үйреншікті  болып  үш  түрге  бөлінеді.

  Психологиялық   әдебиеттерде  ырықсыз  зейінді  атауға  бірнеше  синоним  қолданылады [13].  Кейбір  зерттеулерде  оны  пассивті  деп  атаса,  екіншісінде -  эмоциялық  дейді. Бұл  екі  атау да ырықсыз  зейіннің  ерекшелігін  көрсетуге  көмектеседі.  Пассивті  зейін  жайлы  сөз болғанда, объектіге  зейін аудару,  зейінді  ерік  күшінің  қажет  емес екендігі  айтылады. Ал  ырықсыз  зейінді  эмоциялық  деп  атағанда  зейіннің  объектісі  мен  сол  объектілерден  туатын  эмоция,  мүдде,  қажеттілік   арасындағы   байланыс  атап  көрсетіледі. Бұл  жағдайда да  зейінді  шоғырландыруға  бағытталған   ерік  жоқ.

Сонымен  ырықсыз  зейін дегеніміз – сананы  объектіге,  сол  объектінің тітіркендіргіш  ретіндегі  ерекшелігі  шамасында  шоғырландыру. Сан  қилы тітіркендіргіштер  ішінен  күші  басым  тітіркендіргіш  зейінді  өзіне   еріксіз  аударады. Мысалы,  сөреде  қатар  тұрған  кітаптар  арасынан  мұқабасы  қызыл кітап  бірден  көзге  түседі. Мұның  себебі – қызыл  түстің  көзге  әсер  ету  коэффициентінің  күшті  екендігінде. Зейіннің негізгі түрлері: ырықты, ырықсыз және үйреншікті. 1-суретте зейіннің құрылымының сызбанұсқасы берілген.

 

 

Сурет 1 – Зейін құрылымының сызбанұсқасы

 Адамның таным  әрекетінде  көңіл – күйге  әсер  ететін  нәрселер  де    ырықсыз  зейін  тудырады. Мысалы,  бояуы  қанық  заттар,  құлаққа    жағымды  әуендер, хош  иісті  өсімдіктер  мен  әсері  күшті  нәселер. Ырықсыз  зейінге  ынтаның  көмегі  тиетін  сабақты  құрудың  жалпы  психологиялық принциптері   мына  төмендегілер  болып  табылады:  материалдың  мазмұндылығы,  тартымды  әңгімелеу,  жұмыс  түрлері  мен  әдістерінің  сан  алуандылығы,  мұғалімнің  іске  берілгендігі,  сабақтың  жандылығы  мен  эмоциялық  қанықтылығы.

Зейіннің  келесі  түрін  белсенді   немесе  ерікті  деп  те  атайды. Терминдердін  бәрі  зейінді  объектіге   шоғырландыруда  бастаманың субъект  жағында  екенін  баса  көрсетеді.

Ырықты зейін  дегеніміз -   әрекет  әсерінен  туған  объектіге  саналы  түрде  көңіл  аудару. Ырықты  зейіннің  психологиялық   мазмұны  адамның  іс- әрекетіндегі  алға   қойған  мақсатымен,  ерік  күшімен  байланысты. 

Күрделі  есептер  шығару,   орфографиялық  ережелерді  сақтай  отырып  жазу,  жаңа терминдер,  тақпақ  жаттау,  шетел  сөздерін  есте  тұту,  міне  осындай  және  басқа  тапсырмалардың  бәрі  ырықты  зейінсіз  іске аспайды.

Зейіннің  үшінші  түрі – осы  үйреншікті  зейін.  Бұл  зейін  ырықты зейіннен  кейін пайда  болды.  Үйреншікті  зейін  дегеніміз – сананы   жеке   адам  үшін  маңызды  және  қымбатты  объектіге шоғырландыру. Мысалы, оқушы  арифметикалық  есепті  оған   ешқандай  қызықпай-ақ өзін  соған  зейін  аударуға  көндіріп,  шығаруға  отыра  алады.  Бір  себептерге  байланысты  есп  шығару  үстінде  оқушының  объектіге  қатынасы  өзгеріп,  зейінге  ерік  күші  көмегінің  қажеті  болмай  қалады. Зейін  сабаққа  ауады,  оқушыны  есеп  шығару  процесі  үйіріп  әкетеді.

 Осы  аталған  зейіннің  үш  түріне  қосымша ретінде  оның – сыртқы  және  ішкі;  коллективтік,  топтық ,  жеке  бастық  түрлері  бар.

Сыртқы  және  ішкі  зейіндер. Зейіннің  сыртқа  бағытталған  түрі  адамның  дене  әрекетін  бреттейді. Ал ішкі зейін кісінің  өз  іс - әрекетін,  ішкі  дүниесін,  өзін - өзі  білуін  санаға  сіңірумен  байланысты.

Коллективтік,  топтық,  жеке  бастық  зейіндер.  Коллективтік  зейін   дегеніміз -  барлық  оқушылардың  зейінін  бір  нәрсеге  жұмылдыру.

Топтық  зейін  дегеніміз  -  коллективке  жұмыс  істеген  жағдайда  зейінді  бір  нәрсеге   топқа  бөлініп  шоғырландыру.

Жеке  бастық зейін  дегеніміз - өз  тапсырмаңа зейін  аудару.  

Зейіннің    қасиеттері:

а) Зейіннің  көлемі -   адамның  бір  көргенле-ақ қабылдаған  нәрселерінің  сан.  Зейін  көлемін  анықтау  үшін  тахистоскоп  аспабы  қолданылады. 

б) Зейіннің бөлінуі – деп  адамның  кез  келген іс - әрекеті  үстінде зейіннің  бір  мезгілде  бірнеше  объектіге  бағыттталуын  айтады. Бұл  физиологиялық  жағынан  ми  қыртысындағы  оптималдық  қозу  ошағының  жалғыз  екендігімен  түсіндіріледі. Зейінді  бөле білуге  дағдылану  керек. Бәрімізге  мәлім,  жас  мұғалім  кластағы  оқушыларды  жекелеп   көре алмайды , кейде  сабақ  айтып  тұрып  қателеседі,  оқушылардың  жауабындағы  қателерді  де байқамай  қалады. Мұғалім  назары  негізінен  өзі  әңгімелеп  тұрған  материалға  ауып  тұр.  Әңгіме  үстінде  оқушыларға  көз  жүгірткенімен  тәртіп  бұзылғандығын  көрмейді.  Бірте – бірте  оқу  материалының мазмұны да,  оны  әңгімелеу  де  мұғалімнің  зейінін  матамайтын  болады,  зейінді  сөйтіп мұғалім материалды  түсіндіру  және  оқушылардың  тәртібі  мен  жұмысын  бақылау  аралығында  бөлуге  мүмкіндік туады. Әрекеттің  бір  түрінің  әбден  автоматтануы  салдарынан   ми  қыртысындағы  қозудың  оптималдық  ошағының  күші  азайып,  соған  сәйкес  ошақтың  ми   қыртысының  басқа  учаскелеріне  теріс  индукциялық  әсері  әлсірейді.  Зейінді  бөле  білу  қабілеті  іс - әрекет  арқылы  тәрбиеленіп,  бірте – бірте  адамның  маңызды  сипатына  айналады. 

в) Зейіннің шоғырлануы. Зейіннің  объектіге шүйлігу  дәрежесі – шоғырлануы,  немесе  зейіннің  күшейе түскендігі оның  құнды  қасиеті  болып  табылады.  Шоғырлану -  объектінің  зейінді   тартып  алуынан  білінеді.

г) Зейіннің тұрақтылығы.  Зейіннің  тұрақтылығы  оның  объектіге ұзақ  уақыт  аударылғанынан  көрінеді. Зейіннің  бұл  қасиетті  көптеген    себептерге,  нерв процестерінің  күшіне,  әрекеттің  сипатына, іс - әрекетке  деген  қатынасқа,  қалыптасқан  әдеттерге т.б.  байланысты  болады.  Тұрақтылыққа қарсы  қасиет – алаң  болушылық.  Зейіннің  бұл  қасиетін  білетін мұғалімдер сабақ  үстінде   оқушылардың   іс - әрекетінің  түрін  аустырады,  балалардың  есту  және көру  қабылдауларын  практикалық  іспен  алмсатырады.

д) Зейіннің ауысуы дегеніміз – зейінді   бір  объектіден  екінші бір  объектіге әдейі  ауыстыру. Бұның  физиологиялық  негізі – жүріп  жатқан  қозудың  оптималдық  ошағының тежеліп,  оның жаңа  ошағының  жасалуы.

Зейіннің аталып  өткен  қасиеттері  өзара  тығыз  байланыста. Жұмыстың  нәтижелі  болуы белгілі  бір  іс - әрекетті  орындағанда  оған  зейіннің  жеке   қасиеттерінің қатысуына  ғана  емес,  олардың үйлесім  табуына да  тәуелді.

Сонымен, зейіннің негізгі қасиеттеріне:

  • зейіннің тұрақтылығы
  • зейіннің шоғырлануы
  • зейіннің бөлінуі
  • зейіннің ауысуы
  • зейіннің көлемі
  • зейіннің алаңдаушылығы
  • зейіннің шашыраңқылығы жатады

 

 

 

 

 

 

Сурет -2                Зейіннің негізгі параметрлері

            Зейін көптеген сандық және сапалық сипаттар мен қасиеттерге ие.  Зейін көлемі- бір уақытта қабылданған объектілер санымен өлшенеді. Зейіннің бұл қасиеті тахистоскоп арқылы өлшенеді. Зейін көлемін анықтау үшін қабылданған материалдарды мәні мен мазмұны бойынша топтап, жүйелеуге үйрену керке. Әдетте, ересек адамның нормасы -3-тен 7 объектіге дейін.

Зейіннің бөлінушілігі- бұл бір мезгілде бірнеше бірнеше іс әрекетті орындай білу қабілеті. Цицерон бір мезгілде жеті маңызды шаруыаны атқара алатын болған. Ал француз психологы Полан көрермендерді бір өлеңді оқып тұрып, екіншісін құрастырып тұру шеберлігімен таң қалдырған. Мұндай параметрлер педагогқа да аса қажет, оның назарында  бір сәтте бүкіл аудитория және жеке оқушыларды да қамтылуы тиіс. Сондай-ақ, педагог сабақты түсіндіру логикасы мен өз сөзіне мән бере отырып, назарын оқушылардың материалды қалай меңгеру деңгейлерін т.б. аударуға тура келеді.

Зейін ауысуы- бір объектіден екіншісіне ауысу жылдамдығымен өлшенеді. Бұл қасиет адамға болып отырған жағдайдың өзгерістеріне жылдам жауап беруге мүмкіндік береді. Зейіннің бұл қасиеті шаршау мен жұмысқа қабілетті қолдау факторы ретінде қызмет атқарады. Егер психика іс әрекеттің жаңа түріне бейімделіп үлгере алмаса,  адамда бірте-бірте шаршау үрдісі үдей береді. Ал бейімделу жылдам жүзеге асса, іс әрекеттің ауысуы мен оған сәйкес зейіннің ауысуы жұмысқа жоғары қабілеттілікті қамтамасыз етеді.

        Зейінді өзіндік процесс немесе адамдардың іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілі болып табылады деген сұрақ кейінгі он жылда, әсіресе советтік әдебиеттерде күрделене түсті. Егер 1920-1930-шы тіпті, 1940-шы жылдардағы мақалаларда жоғарыдағыдай айтылса,қазіргі кезде зейінді қалай түсіну жайлы сұрақтар талдануда. Советтік психологияда зейін адамның психикалық іс-әрекетке бағыттылығы немесе шоғырлануы сияқты анықталмайды.

         Зейінді өзіндік көрініс сияқты емес танымдық психикалық іс-әрекеттің жағы сияқты қарастыру көрінісі советтік әдебиетте әсіресе С.Л.Рубинштейн мен Л.С.Выготский еңбектерінен көрінді. Л.С.Выготский еңбегінде зейін психикалық іс-әрекеттің бағыттылығы, шоғырлануы сияқты анықталады.Осыдан зейін бірден-бір кез келген психикалық іс-әрекет сипатының қасиеті екені белгілі. Рубинштейн зейінге танымдық процестердің бір жағы деген анықтама береді [14].

        Зейінді пайда болуы жағынан зерттеу біріншіден сананың бірден-бір нақты-психологиялық теориясы болып келді.Алғашқыда зейінді зерттеу дәл осы сананың индивидуалдық мәселелерінің контекстіне қатысты болды. Жалпы психологияда зейін мәселелері жан-жақты қарастырылған.                                      Сондықтанда ең бірінші көзге түсетіні бұл зейіннің әр түрлі анықтамаларының көп болуы. Зейінді зерттеуде әр түрлі тәсілдерді қалайда жүйелеуге тырысу үшін зейінінің әр түрлі теорияларын, осы мәселелердің зерттеу тарихын қарастырған жөн.

Өз уақытында орыс психологы Н.Н.Ланге сол уақыттағы философиялық және психологиялық әдебиеттерден орын алған зейіннің негізгі теорияларының жүйелілігін тексеріп, негізгі сегіз теорияны бөлді.

  1. Зейін қозғалысқа бейімделудің нәтижесі.
  2. Зейін сана көлемінің шектеуі.
  3. Зейін эмоцияның нәтижесі.
  4. Зейін апперцепцияның нәтижесі.
  5. Зейін жүйке тітіркендіргіштерінің нәтижесі.
  6. Зейін ерекше белсенділік, жан қаблетінің нәтижесі.
  7. Зейін іс-әрекет түрлерінің бірі.
  8. Зейін жүйке тежелулерінің нәтижесі.

Зейіннің осы теориясын қысқаша қарастырудың өзінде зерттеу көрінісінің сипатында көп жоспарлықтың жатқандығын көрсетеді.

   У.Джемс зейінді толықтай физиологиялық шартқа тәуелді психикалық процесс ретінде қарастырады. Және ол зейін объектілерінің солай анықталатынына сенімді .

     Зейінді  психофизиологиялық  зерттеу  және  оларды  талдау.

         Ағзаның белсенді ұйымдасуының таңдамалы бағытының көрінудегі еріксіз зейінніңформасын зерттеу басты жағдайда психофизиологиялық зерттеудің контекстінде жүзеге асырылады. Осы зерттеумен олардың теориялық көріністері мен түсініктеріне тән негізгі бағыттарды қарастырамыз.

         Шеррингтон воронкасы. Зейіннің физиологиялық табиғатын түсінуде танымал физиолог Чарльз Шеррингтон еңбегінің маңызы зор болды. Координация қозғалысын зерттей отырып, ол «Шеррингтон воронкасы» деген атқа ие болған жүйке жүйесі жұмысының бірден-бір принциптерін анықтады. Шеррингтонның теориясы бойынша, адамға әсер етуші көп қоздырғыштардың арасында күрес болады. Егер бір-біріне ұқсас қоздырғыштар болса,  олар бір-бірін толықтырып, немесе бір-біріне жол беріп отырады. Егер әсер ететін қоздырғыштар қарама-қарсы болса, олардың арасында күрес пайда болып әлсіздері жеңіліп күштілері жеңеді. Күшті қоздырғыштарға сезгіш жолдар арқылы қимыл таратушы психологияларға барған соң, оларға тиісті жауап қайтарылады. Міне, осы қайтарылатын жауаптар – зейін [15].

         Шеррингтонның теориясы бойынша, зейінді белсенді, ерікті әрекет деп түсінуге болмайды. өйткені ол зейінді әсер етуші күшті қоздырғыштарға ғана қайтарылатын жауап ретінде түсіндіреді.

       Зейін мәселесіне қатысты физиологиялық зерттеудің тағы бір маңызды көрінісі,- бұл бас миы бөлігінде тітіркендіргіштердің ретсіз орналасуы.

Оны өңдеумен айналысқан советтің атақты физиологы И.П.Павлов болды.

Павлов зейіннің физиологиялық негіздерін мида пайда болатын индукция заңдарымен байланыстырады. Бұл заң бойынша мидың бір саласында иайда болған қозу мидың басқа салаларының әрекетіне бөгет жасауы, немесе пайда болған тежеулер мидың басқа салаларын қоздыруы мүмкін. Павловтың пікірінше, зейін кезінде мида өктем қозу пайда болуы мүмкін. Сөйтіп Павлов зейіннің физиологиялық негіздерін шартты рефлекстер пайда болуымен, жүйке саласының қызметімен байланыстырады.

Зейіннің физиологиялық  механизмі  өте  күрделі. Қазіргі  кезде,  психологияда,  зейін   механизмі  нерв ткані – ретукулярлық   формация  болып  табылады. Ол бір  исмпульстерді  таратып,  тежеп,  екіншілерін  күшейтіп,  оларды  ми  қыртысына  жіберіп  отырады.  Сөйтіп,  айқын  сана  аймағына,  ми  қыртысына  баратын  импульстер  осылай  іріктелінеді.  Зейін  механизмі  мидың  рефлекторлық  әрекетімен  байланысты. И.П.Павлов  жануардағы  шартсыз  бағдарлау   рефлексін  бөліп  көрсетіп,  оны « Бұл  не? » рефлексі  деп  атады. Оның  биологиялық  мәні  мынада:  жануарлар  қоршаған  ортадан  жаңа тітіркендіргішті  бөліп,   оған мәніне  сәйкес  жауап  берді.  Бағдарлау  рефлексі  адамның  туа  біткен қасиеті.  Одан  зейіннің   сыртқы  тітіркендіргіштерге  тікелей  байланыстылығы айқын  көрініп  тұрады.  Әрине,  адамның  еңбек   әрекетінде   жетіліп,   жаңа,  шартты  рефлекторлық  мханизм  негізінде   қалыптасқан  күрделі   ырықты   зейінді  бағдарлау  рефлексі толық  түсіндіре  алмайды.

А.А.Ухтомский  ми  қызметінің  физиологиясын  зерттеу   нәтижесінде доминанта жайлы  ілім   жасады.Доминанта  немесе қозудың  үстемдік ететін ошағы   жылжымалы  оптималдық  қозу  ошағынан   жоғары  тұрақтылығымен  өзгешеленеді.  Ол  жаңадан  пайда  болған  қозу ошақтарын &n

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения