Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
17.03.2015
0
1094
3

Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы

Казахстан, Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Баян ауылы

КММ «Баян орта мектебі»

Технология пәнінің мұғалімі

Сураганов Аскар Курмангалиевич

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: ағашты көркемдеп өңдеу технологиясында әрлеу, көркемдеп өңдеу тәсілдерін үйрену мен оны көркемдеуге үйрету;

Дамытушылық мақсаты: ағашты өңдеудің қыр – сырын меңгерту, ұлттық көзқарасын ояту, икемділікке, ұқыптылыққа шақырту;

Тәрбиелік мақсаты: ағашты көркемдеуде тұрмыстағы мән – мағынасын, сәндік бұйымдардың жасалуын, жасалу тәсілдерін үйретуге, еңбекқорлыққа, шеберлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу

Көрнекілік:

  1.      Фанера ағаштары
  2.      Ағаштан жасалған түрлі бұйымдар
  3.      Қазақтың қолөнері туралы суреттері, буклеттері.

Құрал – жабдықтар: фанера ағаштары, ағаш түрлері, сызбалар, суреттер, арнайы аралар, егеулер, құмқағаздар, түрлі түсті бояулар, тесетін құралдар, моршка бояу, лактар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру жұмысы:

1. Тәртіп сақтай отырып сабаққа жұмылдыру.

2. Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару.

3. Сабаққа қажетті құралдарды, материалдарды дайындау.

ІІ. Жаңа сабақ бойынша жүргізілетін жұмыстар

1.Кіріспе.

а) Ағашты көркемдеп өңдеу туралы не білеміз?

- Затты әрлеуге түрлендіру үшін қажет.

- Түрлі түсті кескіндер жасау үшін.

б) Оқушы білімдерін толықтыру мақсатында жұмыстың жасалуын әдіс – тәсілдерін жасалуы жолдарын үйрету.

в) Сұрақ – жауап

- Фанера ағаштардың түрлері, өлшемдері.

- Қажеттілік құралдарды қолдану тәсілдері.

2.Негізгі бөлім

а) Ағашты көркемдеуде кесу, ою тәсілдері және оны өңдеу жолдарын көрнекі сызба арқылы түсіндіру.

б) І – ІІ топқа бөліп ағашты көркемдеп өңдеу тәсілдерін меңгерту.

в) Жұмыс барысында техникалық қауіпсіздікті сақтау жолдарын ескерту.

І топ

1)    шикізат дайындау, ағаш дайындау

2)    жасалатын заттың сызбасын кесіп дайындау

3)    сызбаны ағаш, фанера бетіне түсіру

4)    бетін әрлейтін, көркемдейтін заттар дайындау

ІІ топ

1)    фанера ағаш бетіне түсірілген сызбаны меңгеру

2)    ара түрлерін, пышақ жүздерін арнайы араларды дайындау

3)     ағаш бетіне түсірілген сызбаны арнайы  арамен кесу

4)    Кесілген дайын өнімді өңдеу, тазалау, әрлеу, бояу, лактау

IV. Оқушылар жұмысын қорытындылау, жинақтау, бағалау, мадақтау.

V.Сергіту сәті.

1. Шебердің қолы ортақ

2. Еңбек етсең емерсің

3. Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті

4. Еңбек етсең, ел таниды, теріңді төксең, жер таниды.

VI. Үйге тапсырма. Ағаштан жасалған бұйымдарды әрлеп, бояп аяқтау

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения