Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
17.03.2015
0
2248
2

Клуб бірлестіктері мен үйірме жұмыстары

Республика Казахстан,ВКО,г.Семей

Педагогический коллелдж им. М. О. Ауезова

Преподаватель методики воспитательной работы

Жунусова Ляззат Байботаевна

Қоршаған ортаны танып білу оқыту процесінде ғана емес, сонымен қатар үйірме жұмыстарын ұйымдастыру арқылы да жүзеге асады.

Үйірмені ұйымдастыру мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту,  тәжірибелік     іс -әрекеттер, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, ғылым мен техникаға деген қызығушылығын арттыру.

Оқушыларды әр түрлі іс-әрекетке тартатын, қоғамдық пайдалы еңбекке баулитын ең маңызды формалардың бірі – үйірмелер. Үйірме сабақтары, оқушылардың жалпы және арнайы білімдерін кеңейтуге көмектеседі.

Үйірме жұмысы-балаларға қосымша білім беру жүйесіндегі ерікті, дәстүрлі балалар бірлестігінің кең тараған түрі.Үйірмелер алғашқыда өнерпаздар бірлестігі ретінде пайда болып,кейіннен сабақтан тыс және мектептен тыс жұмыс түрінде жүзеге асып отырды.

Сыныптан тыс, мектептен тыс тәрбие жұмысы ретінде үйірме келесі функциялар  атқарады:

-Оқу пәндерінің білімін тереңдету,кеңейту,толықтыру;

-Балаларды мәдени-әлеуметтік іс-әрекет түрлеріне баулу;

-Коммуникативтік тәжірибені кеңейту;

-Кәсіби бағдар беру;

-Балалардың демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру;

Үйірмелер-баланы қызықтыратын іс-әрекет саласында өз мүмкіншіліктерін сынайтын , шыңдайтын ынтымақ пен қарым-қатынас ортасы.

Үйірме арқылы баланың қарапайым қызығушылығы мазмұнды ұйымдастырылған маңызды іс-әрекетпен айналысуға,сол арқылы өзін-өзі дамытып жетілдіруге көмектеседі.

Үйірме жұмысының қызықты және нәтижелі ұйымдастырылуы балалардың белсенді қатысуымен қатар ұйымдастырушы - педагогтың кәсіби біліктілігі мен жеке тұлғалық қасиеттеріне де байланысты болады.

Үйірменің жоспары әртүрлі қызықты отырыстардан құралады. Олардың әрқайсының негізгі мақсаты: баланың дүниетанымын кеңейту, тәжірибелік дағды мен іскерліктерді қалыптастыру бала тұлғасын жан-жақты дамыту.

 Үйірме уақыты – 20-40 минутқа созылады, қатысушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ұйымдастырылады.

Үйірме отырыстары уақытының  ұзақтылығы және іс-әрекет көлемі балалардың көңіл-күйі, қалауы, өзара қарым-қатынас ерекшелігіне байланысты.

Үйірмені ұйымдастырудың негізгі әдісі: балалардың тәжірибелік жұмысы. Олар: конструкциялау, модель жасау, іс-тәжірибе жүргізу, бақылау болуы мүмкін.

Көбінесе сабақтар әңгіме, баяндама, тәжірибелер, зертханалық, тәжірибелік жұмыстар, әр түрлі модель үлгілерін жасау түрінде жүргізіледі.Сонымен қатар үйірме отырыстары әр - түрлі қызықты ойындар,сайыс,диалог алаңы т.б. түрде де өтеді. Диалог, пікірталас түрінде өтетін отырыстар әсіресе жоғары сынып оқушыларына ұнамды келеді.Осы жас ерекшелігіне тән - өз ойын ашық айту, көзқарасын дәлелдеу,жетістікке ұмтылу сияқты әрекеттер баланың тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізеді.

Үйірменің маңызды элементінің бірі -  оның нәтижесін көрсету. Үйірме жұмысы жариялы түрде болуы керек. Үйірме жұмысының нәтижесінде байқау, сайыс , жарыс ұйымдастыру, мерекелік іс-шара өткізу, көрме ұйымдастыру жұмыстары , концерттер,фестивальдар,театрландырылған қойылымдар  сияқты көз тартымды ұтымды іс-шаралар.

Үйірме жұмысы нәтижелі болуы үшін:

1)    үйірме белгілі жоспар бойынша

2)    оның әрбір сабағы мұқият ойластырылып дайындалған

3)    үйірмеге қабылданған балалардың жалпы даму деңгейі, қызығушылықтары мен бейімділіктері ескерілуі қажет.

Үйірме жұмыстары қоғамдық – пайдалы сипатта болуы қажет.

Балалар өз жұмыстарының қоғамдық маңызы бар екендігін білгендері жөн.

Бастауыш сыныптағы үйірме жұмыстарының өз ерекшеліктері бар.

Бастауыш сынып оқушылардың бойында тұрақты қызығушылықтар  әлі де қалыптаса қойған жоқ, сондықтан олар бәріне де қызыға қарайды.

Бастауыш сыныптарда балаларды қызықтыратын үйірме түрлері: қолөнер, сурет,ән,би үйірмелері. Мысалы: «Шебер қолдар», «Он саусағы майысқан», «Әсем әуен», «Сурет сала білейік» т.б.

Орта буындағылардың үйірме жұмыстары олардың белгілі бір пәнге немесе ғылым саласына деген қызығушылығына бағытталады.

Сонымен қатар орта буындарда:  «Жас фотограф», «Жас Қастеевшылар», «Жастар биі» т.б. осы сияқты үйірмелерге оқушылар белсене қатысады.

Қандай да үйірме,клуб т.б балалар бірлестігінің жұмысының нәтижелі болуы алдымен ұйымдастырушы - педагогтың шеберлігіне байланысты болады.Сондықтан бүгінгі таңда,осы салада арнайы кадрлар даярлануы қуантады.Баланың жан-жақты болып дамуы,өнерлі «сегіз қырлы,бір сырлы» болып тәрбиеленуі, арнайы ұйымдастырылған тәрбие жұмыстары арқылы жүзеге асады.Осыған байланысты балаларға қосымша білім беру ұйымдарында, мектептегі сабақтан тыс уақытта балаларды өнерге баулу, танымдық қызығушылығын ояту,бос уақытын мазмұнды өткізу басты мәселенің біріне айналуда. Өкінішке орай, ата-аналардың айтуынша балалардың көпшілігі бос уақытын компьютер алдында өткізеді.Бала табиғаты бойынша көп қимылдап, ойнап серігуі қажет екені белгілі.

Балалар мен жасөспірімдердің үйірмелерінің ең кең тараған түрлері олар: эстетикалық бағыттағы үйірмелер: музыкалық (ән, вокал), хореографиялық (би), театрлық, драмалық.

Көптеген оқушылар ғылыми – техникалық, туристік – спорттық бағыттағы үйірмелерге баруға ынта байқатады.

Тәрбие процесін ұйымдастыруда клуб жұмыстарының алатын орны ерекше.

Клуб жұмыстары арқылы балалардың:

-         Шығармашылық қабілеттері дамиды;

-         Өзін-өзі еркін ұстауы жүзеге асады, жағымды қарым-қатынас орнайды;

-         Баланың жеке тұлғалық қасиеттерінің бағалануы;

-         Қызығушылықтары мен бейімділіктерінің анықталуы;

-         Мазмұнды демалыс ұйымдастырылуы іске асады.

«Клуб» - сөзі ағылшын тілінен XVIII ғасырда орыс тіліне енген, «адамдар бірлестігі» деген мағынаны білдіреді.

Клубтың ерекшелігі – ортақ қызығушылықтары негізінде біріккен адамдардың ұйымшылдығы мен ынтымақтастығын білдіреді.

1905 жылы С.Т. Шацкийдің басшылығымен Ресейде алғашқы балалар клубтары ұйымдастырылған. Оның ойынша клубтардың негізгі идеясы – «бала табиғатына негізделген талаптарға сай құрылған балалар өмірін ұйымдастыратын орталықтың болуы».

Онда ең бастысы:

-         Балалардың өзін-өзі басқаруы;

-         Өздігінен әрекет жасай білуі;

-         Шығармашылық қабілеттердің дамуы.

Клуб жұмыстарының нәтижелі болуы:

1)    Іс-әрекеттердің формаларының алуан түрлі болуы және белгілі мақсаттарға бағытталуы;

2)    Белсенділердің қызметі;

3)    Жағымды әлеуметтік – психологиялық ахуалдың болуы;

4)    Дәстүрлердің қалыптасуы;

5)    Әрбір клуб мүшесінің қызығушылықтарының,  мүддесінің ескерілуіне байланысты болады.

Қосымша білі беру және мектеп мекемелеріндегі клубтық бірлестіктердің кең тараған түрлері:

1)    Қоғамдық бағыттағы клуб бірлестіктері ( эко - клубтар, өлкетану, т.б.);

2)    Ғылыми өндірістік бағыттағы клубтық бірлестіктер (техникалық шығармашылық бағыттағы клубтар);

3)    Жаратылыстану бағытындағы клубтық бірлестіктер (табиғатты қорғаушылар клубы, гүл өсіру, бау-бақша жұмыстарын қамтитын клубтар);

4)    Эстетикалық бағыттағы клубтық бірлестіктер (фольклор, бейнелеу өнері, жас фотографтар клубы).

Педагогтың клубтық бірлестіктер жұмысын ұйымдастыру жүйесі:

-         Клуб бірлестігінің жалпы ережелерін құрастыру;

-         Мақсаты мен міндеттерін және іс-әрекет формаларын анықтау;

-         Клуб бірлестігінің мүшелерінің құқығы мен міндеттерін анықтау;

-         Клуб бірлестігінің бағдарламасын құру. 

Балаларға қосымша білім беруде клуб мәдени - әлеуметтік өзгешелігі бар тәрбие технологиясы бола алады.Осы тұрғыда педагог - ұйымдастырушылардың шығармашылықпен ұйымдастырылған іс-әрекеттері қажет.Клубтық жұмыстың нәтижесі ретінде: балалардың ойлау техникасының амал-тәсілдерінің қалыптасуы, мінез-құлық, рефлексия мәдениетінің қалыптасуы жүзеге асады.Сондай-ақ клубтар баланың салауатты өмір салтын,бос уақытын өткізу мәдениетін қалыптастыру ортасы болып табылады.

Сонымен, клубтық бірлестіктер, үйірме жұмыстары балалардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына, дүниетанымының кеңеюіне, жаңа білім, дағды, іскерліктерді игеруіне, көркем – эстетикалық сезімдері мен талғамдарының қалыптасуына, ұжымдық жұмыс дағдыларын игеруге ықпал жасайды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1.      «Классному руководителю» /под ред. М.И.Рожкова, Москва 1999г.
  2.       Губашева.С.Г.,Отарбай А.Ж. «Тәрбие жұмысының әдістемесі». Астана, 2007 жыл.
  3.      Исаева И. Ю. Досуговая педагогика.
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения