Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
17.03.2015
0
750
0

Қазақ тілінен орта мерзімді жоспар үлгісі

Қазақстан Республикасы,Астана қаласы

№32 мектеп-гимназия

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Абдраханова Қызғалдақ Нұрғазықызы, жоғары санат мұғалімі

Тақырыбы, негізгі мақсаттары мен оқытудың нәтижелері. Бірізді сабақтар сериясы аяқталғанда оқушыларыңыздың бойында қандай білім, білік, дағдыларды қалыптастырғыңыз келеді?

Жұмыстың  белсенді формалары (ЖЖ,ТЖ,ПЖ,ДЖ)

Оқытуды жақсарту үшін АКТ  пайдалана аласыз ба?

Оқушы әрекетін бағалауды Сіз қалай қолданасыз?

 

Негізгі мақсат: Диалогтық оқытуға сүйене отырып, оқушыларды ынтымақты жұмыс істеуге жұмылдыру, өзара сөйлесу негізінде оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру,оқушылардың қызмет және білім алу нәтижесін бағалау.

 

 

 

 

 

 


 1-сабақ

3\04

 

Тақырыбы:Қазақ даласындағы мектептер

Мақсаты:Тақырып бойынша ақпарат алу, сөйлеу белсенділігін арттыру.

Міндеті:

Білу: Білімдерін, игерген сөздерін есіне түсіру.
Түсіну: Жаңа сөздерді игереді, түсінеді.
Қолдану: Игерген сөздерін сөйлесуде, қарым –қатынаста қолданады.
Талдау. Мәтінді топпен талдайды, зерттейді.
Жинақтау: Алған біліміне сүйенеді, ойды жинақтайды.
Бағалайды: Алған білімдерін  құндылығын бағалайды.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылардың  жаңа сөздерді игеруі, тірек сөздер арқылы сұрақ құра білуі яғни тілдік қарым қатынаста қолдану, мәтінді топтық жұмыс арқылы талдай отырып,түсінуі, өз сөзімен жеткізе білуі байқалады.

Жаңа тәсілдер: топтастыру, диалог, жеке, топтық жұмыс. АКТ: интерактив тақта,  Power Point презентациялар. СТО стратегиялары

І.Оқушыларды топтастыру. Түрлі гүлдер бойынша  бөлу.

Топ ережесін қабылдау.

ІІ.Миға шабуыл әдісі  арқылы білімдерді актуализациялау мақсатында үш деңгейлі сұрақтар қою .(Презентация арқылы)

 

ІІІ.Жаңа сөзді игеру мақсатында тренинг өтізу.

А) Оқушылар ауаға жаңа сөзді бірнеше рет жазып қайталайды, есте сақтай отырып, дәптерге жазады.

Ә) Бір -бірін тексереді.

Б) Интернет арқылы оқулықтардағы тұлғаны қарай отырып,материалдар арқылы постор жасау

ББС кестесі:

Оқылған сабақ бойынша нені білемін?

Оқылған сабақ бойынша нені білгім келеді?

Оқылған сабақ бойынша менің сұрақтарым?

 

 

Өлшемдік бағалау: Пікір білдіру;

Қорғау;

Дәлелдеу;

Формативті бағалау

Вербальді: «Өте жақсы», «Жарайсыз», «Ойыңызға тәнтіміз»

 

 

 

 

 

2-сабақ

 

Тақырыбы: Мектеп және мұғалім.

Мақсаты: Жаңа сөздерді игеру, практикада қолдануға ықпал жасау.

  М індеті:  Білу: Сөздік қорын қайталайды.
Түсіну: Жаңа сөздерді игереді, сөз тіркесінде қолданады.
Қолдану: Игерген сөздерін сөйлесуде, қарым –қатынаста қолданады.
Талдау.Грамматикалық тапсырмамен талдау жұмысын орындайды.
Жинақтау: жаңа заман мен өткен уақытағы мектеп. Постер.
Бағалайды: Алған білімдерін  құндылығын бағалайды. Бір-бірін бағалайды.
Күтілетін нәтижелер:

Мектеп пен мұғалім туралы ойын жеткізеді. Ынтымақтастық туындайды. Бір бірімен қазақ тіліңде сөйлесуге мүмкін.

 

АКТ: интерактив тақта. Жаңа тәсілдер: диалог, топтастыру, жеке, топтық жұмыс. СТО стратегиялары

Топқа бөлу:

СТО стратегиясын пайдаланып «Топтастыру стратегиясы»

Диалогтық қарым қатынасқа түсу. Оқушылыр білімін толықтыру.

Тақырып бойынша анықтама беруге арналған топтық, шығармашылық жұмыс орындату. (әр топ берілген тақырып бойынша постер дайындайды)

 

 

 

 

 

Өлшемдік бағалау: Пікір білдіру;

Қорғау;

Дәлелдеу;

Формативті бағалау

Вербальді яғни «Сіз топта жақсы пікір білдіре алдыңыз», «өзіңізді көрсете аласыз?», «келесі сабақта пікіріңізді айтып, дәлелдеуге ұмтылыңыз», «Сіз тілді игере аласыз»

 

 

 

 

3-сабақ

 

Тақырыбы: Қазақ тілі туралы мәлімет.

 

Сабақтың мақсаты:

Мақсаты: Білу: Жаңа сөздерді игереді..
Түсіну: Жаңа сөздерді сөз тіркесінде қолданады, мітінді түсініп оқиды.
Қолдану: Игерген сөздерін сөйлесуде, қарым –қатынаста қолданады.
Талдау.Грамматикалық тапсырмамен талдау жұмысын орындайды.
Жинақтау: Мәтінді тірек сызбаға түсіріп, қорғайды.
Бағалайды: Алған білімдерін  құндылығын бағалайды.Бір-бірін бағалайды.

Күтілетін нәтиже:

Тапсырманы өз мүмкіндіктеріне қарай таңдайды.сабақ барысында не істеу керек екенін біледі, топтық жұмыс арқылы бір біріне көмекке келеді.Мәтінді түсінуіне байланысты қорғайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

АКТ: сөздерді топтастыру. Жаңа тәсілдер: диалог, топтастыру, жеке, жұптық, топтық жұмыс. СТО стратегиялары.

Топқа бөлу:Өткен сабақтағы сөздіктердің үш нұсқасы бойынша үш топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасы тест арқылы тексеріледі.

 

Сөйлем құрастыру үшін практикалық жұмыс орындату.

СҚС анықтама беру және талдау  мақсатында топтық диалогті ұйымдастыру.

Блум таксоманиясы бойынша жинақтау,тірек сызбаны қолданып,тапсырма орындау.

 

 

Өлшемдік бағалау:

өзін -өзі бағалау бойынша таратылған кестені толтыру. Әрбір оқушының өзіне өзі қойған бағасы туралы пікірін тыңдау. (тапсырманы орындағанда не үшін өзіне сол бағаны қойғанын білу).

Формативті бағалау.

 

 

 

4- сабақ

 

 

Тақырыбы:Қазақ тілінің мәселесі.

 

Мақсаты:

 Оқушылардың сабақта белсендіктерін арттыру.

Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлем құрастыруды үйрету.

Күтілетін нәтиже:

Өткен сабақты қайталауда, тапсырманы орындауда өздері әрекет етеді. Сұрақтарды негіз ете отырып,жұптық, топтық жұмыс арқылы мақсатты анықтауға қатысады, басқару дәрежесін,белсенділігін көрсетеді.

 

 

АКТ:интерактив тақта. Жаңа тәсілдер: диалог,әңгіме дебат, жеке, жұптық. СТО стратегиялары.

 

Идея-түсінік-атау қоржыны әдісі  арқылы білімдерді актуализациялау мақсатында  сұрақ қою.

Ой қозғау арқылы идея-түсінік-атауларды топтастыру.

Сұрақтар қою арқылы диалог ұйымдастыру

Не білдім? «Адасқан сөздер» қоржыны.

Сұрақтар қою арқылы бағдарламаны орындалу барысын талқылау және сипаттама беру.

 

 

Өлшемдік бағалау:

өзін – өзі бағалау кестесінің қорытындысы бойынша жиынтық бағалау.

Формативті бағалау

Критериалды бағалау.

 

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения