Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Россия
16.03.2015
0
903
3

Жер- біздің ортақ үйіміз

Автор:Турысбекова Анель, ученица 5 «А» класса

Специализированной гимназии для одаренных детей

г.Аксу Павлодарской области, Казахстан

Руководитель: Баядилова Асем Канатовна

 

 

  Жер- біздің ортақ үйіміз. Барлық ғаламшарлардың ішінде Жер шары ең әдемі,ең бай,өмір сүруге ең қолайлы планета.Жерді адамдар, құстар, жан- жануарлар мекен еткен.

Жердің 79% судан тұрады. Жер бетінде тек адамдар мен жануарлар ғана емес, өсімдіктер де өмір сүреді. Жер бетіндегі тіршілік адамдар мен табиғатқа ортақ. Демек табиғат пен адамдардың өмірі бір-біріне тікелей байланысты. Жердің байлығын, табиғатын, жан-жануарларын дұрыс пайдаланбасақ, қорғамасақ, жер бетіндегі тепе-теңдік бұзылады, тіршілікке нұқсан келеді. Жер, су, Күннің жылуы, ауа - тіршілік көздері болып табылады. Сондықтан осы тіршілік көздерін ластамай,бекер ысырап етпей, аса сақтықпен пайдалана білуіміз керек. Зауыттан шыққан қалдықтар, түрлі қоқыстарды өртеу, машиналардан шыққан зиянды газдар және абайсызда шыққан өрт ауаны ластайды. Кейбір жануарлар мен құстар және өсімдіктер жойылып кетудің алдында тұр. Сондықтан оларды Қызыл кітапқа енгізген. Осы Қызыл кітапқа енген аңдар мен құстар, өсімдіктер мемлекеттік қорғауға алынған. Өйткені оларды қорғамаса , олар жер бетінен мәңгі жойылып кетеді.

Мен Қазақстанда тұрамын. Қазақстан ең ірі мемлекеттердің бірі болып табылады. Қазақстанның көркеюіне бүкіл ел болып ат салысуда. Қазақстанның келешегі онда тұрған халыққа тікелей байланысты. Әрбір адам бір мүдде, бір бағыт, бір мақсатқа жұмыла еңбек етсе, еліміздің болашағы сөзсіз жарқын болады.

 Қазақстан - көп ұлтты  мемлекет. Онда көптеген ұлттың өкілдері бейбіт қатар өмір сүруде. Олар бір - біріне дос, бауыр, жолдас. Қазақ елі, жері барлық жағынан бай. Елінің ынтымағы жарасқан. Жерінің қойнауы толған кен, жайлауы толған мал, даласы толған егін. Сәні мен салтанаты ерекше. Қазақ жерінің байлығы көз тұндырады. Сондықтан ертеде оның жаулары да көп болған. Бөгенбай, Қабанбай, Қарасай, тағы сол сияқты көптеген батырларының арқасында ұлтарақтай жерін де ешкімге бермей, білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалған. Осының бәрін олар келешектегі ұрпақ қамы үшін жасаған. Сол сияқты, киелі қазақ жері әулиелерімен де атағы шыққан. Мысалы: Семейдегі Қоңыр  әулие , Жетісудағы Балпық  әулие ,Ескелді әулиелердің кесенелері, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан баб кесенелері, Жамбыл облысынды Айшабибі кесенесі соның айғағы.

Қазақстан көлдер мен өзендерге де бай. Атақты Ертіс, Іле, Шу,Есіл,Жайық өзендері де Қазақстанның жерін басып өтеді. Сонымен қатар атақты Балхаш, Алакөл, Бурабай, Жасыбай сияқты көлдері бар. Арал теңізі, Каспий теңізі тулаған балықтарымен елге әйгілі. Жердің көркі болған атақты Көкшетау, Алатау, Қаратау, Тарбағатай, Алтай, Баян тауларының қойнауы пайдалы қазбаларға толы. Қарағанды мен Екібастұздың көмірі, Маңғыстау мен Ақтаудың мұнайы еліміздің таусылмас қазынасы болып табылады. Осының бәрін өз орнымен пайдаланып, табиғатын аялап сақтау, келешек ұрпақтың қолына табыстау - біздің негізгі міндетіміз.

Ерінбей еңбектеніп, елімізді гүлдендіріп, атағын бүкіл әлемге әйгілеуіміз керек деп ойлаймын. Қазақстан алдыңғы қатарлы елдердің қатарында болады деп сенемін. Сол үшін өзімнің қолымнан келгеннің бәрін жасауға дайынмын. Өйткені мен өз Отанымды, өз елімді,өз жерімді,өз ғаламшарымды, оны мекен еткен бүкіл адамдар мен табиғатты сүйемін!

 

Павлодар облысы Ақсу қаласының дарынды балаларға

арналған мамандандырылған гимназиясының 5 сынып

оқушысы Турысбекова Анель

 

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения