Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
15.03.2015
0
520
0

Жатыс септік

Қазақстан,Батыс Қазақстан облысы,Орал қаласы
М.Б.Ықсанов атындағы №36 ОЖББМ
Бастауыш сынып мұғалімі
Ибраимова Н.А.

Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Зат есімнің септелуі туралы түсініктерін кеңейту. Септік жалғауларын және сұрақтарын толық меңгерту. Жатыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларымен таныстыру. Жатыс септіктегі сөз сөйлемде тұрлаусыз мүше болатынын аңғарту.

2) Дамытушылық: Балалардың танымдық қабілетін дамыту, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, тілін, сөздік қорын дамыту.

3) Тәрбиелік: Дәптермен жұмыс кезінде ұқыптылыққа тәрбиелеу. Таза, сауатты жазуға баулу.

Сабақтың көрнекілігі:  сынақ тапсырмалары, суреттер.

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

а) оқушыларды түгендеу;

ә) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

- Оқушылар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Олар – ұстаздар.

Ендеше бүгінгі келген қонақтарға өзіміздің білімдерімізді көрсетейік.

Қазақ тілі — өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.

Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дана тілім – дегендей қазақ тілі сабағымызды

жалғастырайық.

Психологиялық дайындық.

          Жабырқауды білмейміз,

        Жалқаулықты сүймейміз.

          Біз талантты жас ұлан,

         Үлгі аламыз жақсыдан.

 

 ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

 

10

20

30

40

50

10

 

Үйтапсырмасын «Бәйге» ойыныарқылыауызшасұрақтарғажауапалу.

1) Солжақтағы 10 – Затесімніңсептелуідегенімізне?

- Затесімніңсептікжалғауларыарқылыөзгеруінзатесімніңсептелуідейміз.

2) Ортадағы 20 – Септік жалғаулары дегеніміз не?

- Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғауларды септік жалғаулары дейміз.

3) Оң жақтағы 30 – Қазақ тілінде неше септік бар?

Қазақ тілінде 7 септік бар.

4) Сол жақтағы 40 – Атау, ілік септік сұрақтары мен жалғауларын атаңыз.

5) Ортадағы 50 – Барыс септік жалғаулары мен сұрақтарын ата.

- Барыс септіктегі зат есімдер кімге? неге? кімдерге? нелерге? қайда? деген сұрақтарға жауап береді.Барыс септік жалғаулары: -ға, -ге, -қа, -ке

6) Оң жақтағы 10 – Табыс септік сұрақтары мен жалғауларын ата.

- Табыс септіктегі зат есімдер кімді? нені? кімдерді? нелерді? деген сұрақтарға жауап береді.Табыс септік жалғаулары: -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті

   Тақтада Ілік септік, барыс септік, табыс септік сөздері ілінеді.  3қатардағы оқушылар әр септікке 10 сөзден жарыса жазады.

Ілік септік

Барыс септік

Табыс септік

 

 

 

 ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Е р е ж е

Жатыс септіктегі зат есімдер кімде? неде? кімдерде? нелерде? қайда? деген сұрақтарға жауап береді. Жатыс септік жалғаулары: -да, -де, — та, -те.

1– жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тап. Ол сөздерге сұрақ қой.

Ойда,  мектепте, зауытта, күресте, ережеде.

2жаттығу

 

Сурет бойынша мәтін құрастырып, жатыс септіктің сұрақтарына жауап беретін сөздерді табу.

 

 

 

                                        С е р г і т у с ә т і .

3 жаттығу

          көшесі

           барды

           көрді

           болды.

 

Астана сөзіне тиісті септік жалғауын қойып, әр сөзбен байланыстырып жазу.

Сабақты қорытындылау.

Бүгінгі сабақта не білдік, не үйрендік?

1. Жатыс септіктегі сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

2. Жатыс септік жалғауларын ата?

3. Жатыс септіктегі сөздер сөйлемде қандай мүше болады?

Үйге тапсырма:4 -жаттығу, ереже жаттау

Бағалау.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения