Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Москва
15.03.2015
0
519
1

Кім болғым келеді?

Қазақстан,Батыс Қазақстан облысы,Орал қаласы
М.Б.Ықсанов атындағы №36 ОЖББМ
Бастауыш сынып мұғалімі
Байменова Д.Б.

Мақсаты:

           

Өлеңдегі негізгі ойды табуға,  мәнерлеп сауатты  оқи білуге, бар білгенін  өмірмен ұштастыра сипаттауға, ойын еркін жеткізе білуге үйрену.

Күтілетін нәтиже:

 

 

 

A) Мәтін   мазмұнын түсінеді, дәрежесі төмен сұрақтарға жауап бере алады.

B) Негізгі ойды табады, идеясын түсінеді. Мәтінді мәңгімелеп береді.

C) Өз ойларын жазбаша жеткізе алады, дәрежесі жоғары сұрақтарға жауап бере алады. Өмірмен байланыстыра сипаттайды.

Керекті жабдықтар

 

 

Әдебиеттік оқу Жалпы білім беретін мектептің 2-сыныбына арналған оқулық/Б.И. Иманбекова З.Муфтибекова. П.Қ.Жаманқұл – Алматыкітап баспасы 2011 «Әдебиеттік оқу»,  Әдістемелік нұсқау,

П.Қ.Жаманқұл А.Т.Мадиева, Н.Н.Орынбаева,  жұмыс дәптері,керібайланыспарақтары.

Маркер,карандаш,флипчарт, түсті қағаздар, бояулар.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

  Оқушы әрекеті

Кіріспе

 

 

 

Психологиялық  дайындық

Ат жарыс тренингі 

 Балалар қазір біз бәйгеге шабамыз, ол үшін мәре сызығына  дайындалап тұрып, бабымызға келуіміз керек. Ал, дайындаламыз бастаймыз, шауып келеміз 3, кедергіден өтеміз, шауып келеміз 3, көрерменде ууууу, деп айғай саламыз,шауып келеміз 3, құдақ жер, алақанымыздыуқалаймыз,

шауып келеміз 3, мәреге жеттік! УРА деп қуанамыз!

Осындай, қуанышты көңілмен сабағымызды бастаймыз!  РАХМЕТ.

Топтасып отырайық.

Оқушыларды сурет арқылы топқа бөлу.

Дәрігер мен  ұшқыш

Үй тапсырмасын тексеру

Жеңілден қиынға. Деңгейлік тапсырма.

Конверт-сұрақ әдісі.

Қызыл  конверт. Мәтіндегі баланың  бірге ойнап жүрген жолдасына көмек бергені дұрыс па?

Мәтіндегі баланың батылдығына сен де қызықтың ба?

Сары конверт. Егер ит талаған балаға ешқайссы қорқып көмектеспеген болса, қандай жағдай болар еді?Қорқақтық, батылдық туралы мақал- мәтел.

Жасыл конверт.

Мәтін тақырыбын басқаша қалай атауға болады?

Мәтінді оқып қандай қорытынды жасадыңдар?

Бағалау, бағдаршам.

Оқушылар шаттық шеңберін құрды.

 

 

 

 

Ұйымдасып, топқа бөлініп отырды.

Тұсаукесер

Миға шабуыл

Неліктен дәрігер мен ұшқыш тобы болып топтастық деп ойлайсыңдар?

 

 

Негізгі бөлім

 

 

 

 

 

Кім болғым келеді?

Тізбектеп екі жолдан бөліп оқу.

Өлеңді түсініп оқы.

Дәрежесі жоғары және төмен сұрақтар дайындау.

Сені өлеңдегі мамандық иелерінің қайсысы қызықтырады?

Осы мамандықтардың қайсысы өнер  адамы?

Қай мамандық көп оқуды керек  етеді?

Өлеңдегі қай мамандық саған таныс емес?

-Өте жақсы, балалар, енді мамандық туралы мультфильм көрейік.

  Видиоролик Кім болғым келеді?

Не туралы?

Қандай мамандық иелері бар?

Сергіту сәті. Гангам стайл.

Галереяға саяхат       Топтарға бірдей тапсырма беріледі. Белгіленген уақыт ішінде топтар тақырыпқа сай постер жасайды. Уақыт аяқталған соң топтар бір-бірімен алмасып, бір-бірінің жұмыстарын тексереді және жұмысқа «екі жұлдыз, бір тілек» жазады. Топтар айналып келіп өз орындарына келгенде жұмыстарына жазылған екі жұлдыз бен бір тілекті оқып, айтылған тілектер бойынша түзету немесе түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Тапсырма:

Тақырыбы:  «Мамандықтар  әлемі»

Мына мамандық иелеріннің атқаратын қызметін жаз. Және осы мамандық иелерінен белгілі кімдерді білесіңдер?

Ғарышкер, мұғалім,  әнші, ақын......

Бағалау.  Екі жұлдыз, бір тілек!

 

 

Мәтінді мәнерлеп түсініп оқиды.

 

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

Видиоролик көреді

 

 

 

 

Галереяға саяхат әдісінде оқушылар еркін атмосферада жұмыстанды.

Қорытынды

Әліпби желісі

Мына мамандықтарды әбіпби ретімен орналастыр.

Тапсырма орындайды.

Үйге тапсырма

өлеңді түсініп мәнерлеп оқу.

Әңгімелеу. Эссе  Менің сүйікті мамандығым.

 

Үй тапсырмасын күнделікке жазады.

Кері байланыс

Мұғалімнің қорытынды бағасы.

Блоб ағашы.

Бұрын қай деңгейде болдым, қазір қай деңгейдемін.

 

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения